08 Тамыз 2022, 11:15
Сейсенбі күні, 9 тамызда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру барысы;
2022 жылдың І жартыжылдығы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерінің қорытындылары.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі Telegram-каналынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу