Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді

Бейсенбі күні, 30 қыркүйекте, сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің Баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифинг өтеді.

Спикерлер:

  • ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр;
  • ҚР ауыл шаруашылығы министрі Е. Қарашөкеев;
  • ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов;
  • ҚР энергетика министрі М. Мырзағалиев.

Брифингтің тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен және Хабар 24 телеарнасынан көре аласыздар.

Сұрақтарды press.kpm@gmail.com электронды мекенжайына 29 қыркүйек күнгі сағат 16:00-ге дейін жолдауға болады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу