Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді

Бейсенбі, 01 Шілде 2021, 21:23:06

Жиын барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығының 2020 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды, сондай-ақ, оны әрі қарай дамыту жөніндегі ұсыныстар қарастырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Іс-шараға қатысушылардың баяндамасын тыңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы орталығын одан әрі дамытудың бірқатар өзекті міндеттерін белгілеп берді.

Атап айтқанда Президент АХҚО биржасындағы компанияларды тиімді жекешелендірудің маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар бұған дейін қабылданған Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына назар аударды. Онда 600-ге жуық мемлекеттік активті бәсекелестік ортаға салудың мерзімі мен жолдары айқындалған.   

«Қаржы орталығын дамыту барысында бірқатар ірі компанияны, атап айтқанда, «Қазмұнайгазды», мүмкін «Қазтрансгазды» да IPO-ға шығарудың маңызы зор. «Самұрық-Қазына» қорына қарасты ірі компаниялар IPO-ға шығаруда басымдыққа ие екені сөзсіз. Отандық қор алаңдарының әлеуетін барынша пайдалана отырып, «Халықтық IPO» өткізуді қолдаймын», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев АХҚО биржасына мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару туралы ұсынысты қолдады.

«Бұл бастама қазір жұмыс істеп жатқан инвесторды қазақстандық бір алаңнан екінші алаңға жәй ауыстыру болмауға тиіс. Керісінше «қосымша құн» қалыптасуы керек. Орталықтың міндеті – мемлекеттік қағаздарды орналастыру үшін барынша тиімді жағдай жасалуын қамтамасыз ету», – деді Президент.  

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев АХҚО-ның лицензиясына ие компаниялардың еліміздегі бүкіл қаржы нарығына қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынысты қолдады. Оның пікірінше, қаржы жүйесінің тұрақтылығына төнетін қауіп-қатерлерді талдап, баға беру керек.

«Бәсекелес реттеуші режимдер проблемасының және бірыңғай реттеушінің, яғни жауапты мемлекеттік органның болмауы мәселесінің алдын алған жөн. Қаржылық, фискальдық және валюталық заңнамада шикілік болмауға тиіс. Әйтпесе, сол арқылы бақылауға алынбаған капиталдың елімізден жылыстатылуы мүмкін», – деді Президент.

Отырысты қорытындылай келе, Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының 2020 жылы атқарған жұмыстарының есебін бекітіп, Үкіметке, Ұлттық банкке және басқа да мүдделі органдарға үш ай мерзім ішінде айтылған бастамалар бойынша келісілген ұсыныстар енгізуді тапсырды.  

АХҚО-ның дағдарыстан кейінгі қайта қалпына келтіру кезеңіндегі маңызды рөліне тоқталған Қасым-Жомарт Тоқаев, аталған алаңның барлық әлеуетін пайдалану қажеттігін атап өтті. Бұл Орталық, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы жүйелі әрі үйлесімді іс-қимылдарды жолға қоюды қажет етеді.  

«Тек бірлескен күш-жігер ғана алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанның одан әрі дамуы үшін аса маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, АХҚО Орталық Азия аймағындағы жетекші қаржы орталығына айналған.

«Біздің ортақ міндетіміз – Орталықтың әлеуетін толық пайдаланып, оның аймақтық және жаһандық деңгейдегі ауқымын кеңейте түсу», – деді Мемлекет басшысы.

Жиын барысында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов, Қазақстан Президентінің экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, Реформалар жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабарти, Ислам даму банкі тобының президенті Бандар Хаджар, Citigroup банкінің үкіметтер мен мемлекеттік секторы жаһандық блогының басшысы Джули Монако, G30 тобы Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Джейкоб Френкель және АХҚО-ның бірқатар институтының жетекшілері баяндама жасады.

 


Жаңалықтар тізбегі
01 Тамыз 2021, 10:17
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №122
30 Шілде 2021, 18:52
Е. Тоғжанов: Жауапкершілікті ШОБ нысандарының жұмысы үшін мемлекет барлық жағдайды жасайтын болады
30 Шілде 2021, 18:05
Alibaba, Amazon, Mundus Agri — Қазақстанның электрондық саудасы кеңеюде
30 Шілде 2021, 17:34
Қазақстан Үкіметі мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
29 Шілде 2021, 14:04
Ұлттық жобалар мен брендтерді насихаттау ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуда қазақстандықтарды біріктіреді — Е. Тоғжанов
27 Шілде 2021, 17:55
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бірқатар қаласында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады
27 Шілде 2021, 15:04
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Өзбекстанның көлік министрі И. Махкамовпен кездесті
26 Шілде 2021, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 шілдедегі №493 Қаулысы
26 Шілде 2021, 17:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 шілдедегі №489 Қаулысы
26 Шілде 2021, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Астрахан облысының делегациясын қабылдады
26 Шілде 2021, 15:58
Қазақстан мен Eni баламалы энергия көздерін дамытады
25 Шілде 2021, 09:16
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №121
24 Шілде 2021, 11:38
А. Мамин Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті
23 Шілде 2021, 20:20
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мәселелерін қарады
23 Шілде 2021, 19:40
Бүгінгі таңда Қазақстанда 8 млн доза вакцина салынды — ҚР ДСМ
23 Шілде 2021, 15:06
Жартыжылдық қорытындысы: Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні тұрақты өсім көрсетіп отыр
23 Шілде 2021, 10:44
Мұнай өндіру, мектептер салу және туризмді белсенді дамыту — Маңғыстау облысында қандай жобалар іске асырылып жатыр
23 Шілде 2021, 09:44
Қажмұқан Бекмұқашев ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
22 Шілде 2021, 18:49
ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды
22 Шілде 2021, 13:45
Биыл жол салуға бөлінген қаражат «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жұмсалады — Маңғыстау облысының әкімі
22 Шілде 2021, 13:45
Алдағы қыс маусымына жем-шөп қорын құру үшін тиісті қаражат бөлінуде — Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
22 Шілде 2021, 13:34
С. Трұмов: халықаралық деңгейдегі туризм нысандарының салынуы облыс экономикасының дамуына зор серпін береді
21 Шілде 2021, 18:27
Е. Тоғжанов коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
21 Шілде 2021, 15:38
А. Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапары: туристік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым, АӨК, цифрландыру   
21 Шілде 2021, 12:07
Үкімет басшысы Маңғыстау облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлік шаруашылықтарға көмек көрсетуді тапсырды
19 Шілде 2021, 21:29
Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
19 Шілде 2021, 21:23
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесі ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру мәселелерін қарады
19 Шілде 2021, 18:20
Рүстем Биғари ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
19 Шілде 2021, 15:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жем-шөп дайындау жұмыстарын жандандыруды тапсырды
16 Шілде 2021, 16:13
Ресейдің ірі АВТОВАЗ, РЕНО РЕСЕЙ және КАМАЗ автомобиль өндірушілері екі ел арасындағы өндірістік кооперацияларды одан әрі дамытады
14 Шілде 2021, 18:38
Ғабит Сыздықбеков ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
14 Шілде 2021, 17:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №429 Қаулысы
14 Шілде 2021, 17:20
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды
14 Шілде 2021, 17:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы №441 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:37
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 шілдедегі №460 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 шілдедегі №466 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №457 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №459 Қаулысы
14 Шілде 2021, 16:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысы
13 Шілде 2021, 17:59
2021 жылдың 5 айында ішкі тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға өсті — Б. Сұлтанов
13 Шілде 2021, 16:15
Үкіметте 2021 жылы халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелері талқыланды
13 Шілде 2021, 16:08
Үкіметте Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
12 Шілде 2021, 19:10
ВАК коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар топтамасын қабылдады
12 Шілде 2021, 14:48
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
12 Шілде 2021, 12:08
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады
11 Шілде 2021, 10:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №120
10 Шілде 2021, 16:55
ҚР Ұлттық банкі «цифрлық теңгені» енгізу бойынша пилоттық жобаны дайындап жатыр
10 Шілде 2021, 16:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі – министрінің м. а. Е. Қарашөкеевті таныстырды
09 Шілде 2021, 18:27
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесу өткізді
09 Шілде 2021, 09:15
Қанат Ысқақов ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.