Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді

Сәрсенбі, 21 Сәуір 2021, 19:29:08

Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бесінші отырысы онлайн форматта өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жиынның күн тәртібінде бес мәселе қарастырылды. Ұлттық жобаларды әзірлеу жұмыстары жайында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов баяндама жасады. «Цифрлық Қазақстан» ұлттық жобасының трансформациясы туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. Ауылшаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіп кешенін 2026 жылға дейін дамытудың ұлттық жоспары дайындалып жатқанын мәлім етті. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев «жаңадан» реттеу тетіктерінің енгізіліп жатқаны жөнінде хабарлады. Жоғары Сот төрағасы Жақып Асанов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов құқық қорғау және сот жүйесін реформалау жайындағы ұсыныстарын баяндады.

Жиынға қатысушылардың баяндамаларын тыңдаған Президент реформалардың стратегиясын дайындау перспективаларына кеңірек тоқталды. Мемлекет басшысы әр баяндама бойынша ескерту айтып, нақты тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалар күрделі және бірін-бірі қайталамауы қажет екеніне баса назар аударды. Олар негізгі міндеттерді шешуге бағытталып, күш-жігер мен ресурстар «осында және қазір» қағидаты бойынша жұмылдырылуы тиіс.

«Жобаларды іріктеудің нақты әдістемелік базасы болуы керек. Ол қандайда бір ұлттық жобаның кешенді әлеуметтік-экономикалық тиімділігін ескеруі қажет, құжат түсінікті болуы тиіс. Субъективтілікке жол берілмейді», — деді Мемлекет басшысы.

Президент ұлттық жобалар барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз етіліп, бюджеттен қаржыландыру кезінде сөзсіз басымдыққа ие болуы тиіс екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы өзінің Реформалар жөніндегі жоғары кеңестегі орынбасары Сэр Сума Чакрабартиге және оның командасына ұлттық жобаларды сараптау бойынша атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ұсыныстар экономика, әлеуметтік сала және мемлекеттік басқару бойынша реформаларды жүзеге асыру барысында негізгі база ретінде қолданылуы мүмкін.

«Цифрлық Қазақстан» ұлттық жобасы бойынша Бағдат Мусиннің жаңалықтар енгізу туралы баяндамасы оң бағаланды. Президент цифрлық саланы дамыту тұжырымдамасындағы ұсыныстарды және «DigitEL» ұлттық жобасын мақұлдады.

Президент агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2026 жылға дейінгі ұлттық жобасы туралы да пікірін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл құжаттың ауқымдылығын атап өтіп, оған саланың бүкіл бағыттары енгізілгенін және онда барлық ықтимал шаралар қамтылғанын жеткізді. Оның айтуынша, баяндамадағы бірқатар бағыттар Агроөнеркәсіп кешенін дамыту тұжырымдамасына кіруі тиіс еді. Мемлекет басшысы ұлттық жоба түйінді мәселелерді шешуге бағытталып, қолданыста қолайлы болуы қажеттігіне тоқталды. Жалпы алғанда, Президент агроөнеркәсіп кешенін дамытудың базалық тәсілдерін қолдады. Талқылау қорытындысы бойынша Үкіметке жобаны пысықтау тапсырылды.

Мемлекет басшысы «жаңадан» реттеу тетіктері туралы баяндамаға қатысты пікір білдіріп, елге қуатты, бәсекеге қабілетті жеке бизнес керек екенін атап өтті. Ол ұлттық экономиканың және халықтың әл-ауқатын арттырудың негізі болуға тиіс.

«Заң жобасына енгізілетін нормалар нақты жұмыс істеуі керек. Реформалардың мәні мен маңызын қашыратын мүдделер қайшылығына жол бермеу қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент құқықтық реформалар туралы айта келіп, әділ сот төрелігін қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесін біртіндеп және жүйелі жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

«Бұл құқықтық мемлекеттің аса маңызды көрсеткіші, инвестициялық тартымдылықтың, жеке меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етудің негізі. Сот жүйесін реформалаудың жаңа тәсілдері судьялардың тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға тиіс. Реформалар қоғамның соттарға сенімін күшейтуі, сотқа жаңа кәсіби мамандарды тартуға ынталандыруы, сот процестерінің тиімділігі мен қолайлылығын арттыруы қажет», — деді Президент.

Мемлекет басшысы әзірленген тетіктер сот саласына құқықтың жекелеген бағыттары бойынша мықты заңгерлер мен мамандарды тартуға мүмкіндік беретінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселе Парламентте азаматтық қоғам өкілдері мен заңгерлердің қатысуымен ашық әрі жан-жақты талқылануы керек деп санайды. Ол тиісті заң жобасын биыл қабылдауды тапсырды.

«Бұл реформа өте маңызды. Ол Қазақстанның заманауи және тиімді мемлекетке трансформациялануына бағытталған жұмыстардың басын біріктіреді», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық процесті реформалау туралы айтып, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың басымдығын атап өтті.

«Ол үшін прокурорлар мен адвокаттардың сотта сөз жарыс жүргізуіне шынайы жағдай жасалуы, сот шешімдеріне шағымдану мүмкіндіктерінің кеңейтілуі, бірыңғай сот практикасы қамтамасыз етілуі тиіс. Соттың қорытынды үкімі процеске қатысушыларға да, жалпы қоғамға да түсінікті болуы керек», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев саяси, сот, экономикалық және әлеуметтік салалардағы барлық өзгерістерді шетелдік әріптестерімізге сауатты жеткізу керектігін айтты. Аталған жұмысты Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкіл Ержан Қазыханға үйлестіруді жүктеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы инвестициялық дауларды шешу мәселесін қозғады. Осы ретте Үкіметке биылғы жылдың 1 тамызына дейін Сэр Сума Чакрабартидің баяндамасында айтылған мәселелерді жан-жақты қарастыруды тапсырды. Бұл жұмысты үйлестіру Президент Әкімшілігіне жүктелді.

Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдымызда Қазақстанды трансформациялау және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар тұрғанын айтты.

«Бізге сапалы серпін керек. Ол үшін бәріңізді жүйелі және тиімді жұмыс істеуге шақырамын», — деді Мемлекет басшысы.


Жаңалықтар тізбегі
13 Мамыр 2021, 19:47
Мемлекет басшысы ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады
13 Мамыр 2021, 17:51
А. Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысы К. Имовенмен кездесті
13 Мамыр 2021, 17:22
Мобильді қосымшалар, байланыс және интернет сапасы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету — Қазақстанда цифрландыру қалай дамуда
13 Мамыр 2021, 12:30
Қ. Тоқаев жер қатынастары туралы ҚР Заңына қол қойды
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
04 Мамыр 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
04 Мамыр 2021, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2021
04 Мамыр 2021, 13:34
2021 жылы шағын несиелеумен 24 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қамтылады — Ә. Ерғалиев
04 Мамыр 2021, 13:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №259 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №253 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі №258 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №256 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №244 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №248 Қаулысы
04 Мамыр 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №247 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.