Президент тапсырмаларын іске асыру: Қазақстанда соңғы 10 жылда іске асырылған автожол жобаларын тексеру жөніндегі комиссия құрылады 

14 шілдеде ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы барысында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Үкіметтің алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды. Оларды іске асыру шаралары туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайрат Өскенбаев баяндады.

Бірінші кезекте министр ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының (РОП) қаражатын пайдалана отырып, отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген кредит беру тетігін енгізу мәселесін пысықталып жатыр.

«Сонымен қатар ағымдағы лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңартуды жоспарлап отырмыз. 2022 жылы осы бағдарламаны іске асыруға 7 млрд тенге араластыру арқылы, 3,5 млрд теңге көзделген», — деді Қ. Өскенбаев.

Минералды тыңайтқыштар өндіру бойынша Қ. Өскенбаев бүгінде фосфорит кен орындары бойынша өнеркәсіпті игеру үш жер қойнауын пайдаланушылармен жүргізіліп жатқанын атап  өтті. Өндірудің жиынтық көлемі 4 млн тоннаны құрайды. Калий тыңайтқыштары бойынша 4 кен орны бар, олардың үшеуі Батыс Қазақстан облысында және біреуі Ақтөбе облысында.

«Биылдан бастап 2026 жылға қарай ішкі нарықтың фосфор және азот тыңайтқыштарына қажеттілігін толығымен өтейтін жобаларды бастаймыз», — деді Қ. Өскенбаев.

Өнеркәсіптік кооперация және өндірісті релокация бойынша бүгінгі таңда Ресей Федерациясымен өнеркәсіптік кооперация шеңберінде жалпы құны $22,2 млрд-ты құрайтын 24,9 мың жұмыс орнын құрумен 62 жоба бар. 14 жоба іске асырылды, 11 жоба іске асырылу сатысында, 14 жоба пысықталып  жатыр. Ішінара релокацияны ескере отырып, 8,9 млрд АҚШ долларына 12,6 мың жұмыс орнын құрумен 23 жоба пысықталуда. Барлық жобалар орта және жоғарғы қайта бөлу тауарларын шығаруға бағытталған.

«Қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласында 509 келісімшарт және 1 738 лицензия бар. Барлық келісімшарттар мен лицензияларға талдау жүргізілді. Қатты пайдалы қазбалар бойынша 263 келісімшарт тыңдалып, қорытындысы бойынша 58 келісімшарт бұзылды және 5 келісімшартты бұзу процесін жүргізудеміз. Бұзушылықтарды жою туралы 78 хабарлама жолданды. Сондай-ақ 118 лицензия қайтарып алынды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда. Тексеру қорытындылары туралы аралық есеп ағымдағы жылдың тамыз айында енгізіледі», — деді Қ. Өскенбаев.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша, автожол саласын реформалау шеңберінде келесідей шаралар қабылданатын болады:

Бірінші. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Қазақавтожол» ЖШС-мен біріктіріледі. Қаулы жобасы Үкіметке осы жылы тамыз айында енгізілетін болады.

Екінші. Соңғы 10 жылда іске асырылған автожол жобаларын тексеру жөніндегі комиссия құрылады.

Комиссия құрамына Қаржы, Ұлттық экономика, Әділет министрліктерінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, прокуратура органдары мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері және депутаттар кіреді. Қаулы жобасы Үкіметке осы жылдың тамыз айында енгізілетін болады

Үшінші. Халықаралық қаржы ұйымдары шеңберіндегі жобалар FIDIC қағидаты бойынша іске асырылуда. Осы қағидат қалған жобаларға да қолданылады.

Төртінші. Күзде тиісті заңға құрылыс процесіне қатысушылардың барлығының жеке жауапкершілігін күшейту жөніндегі нормалар енгізіледі. Ол үшін FIDIC қағидаттарына сәйкес жобаларды іске асырудың ықтимал тәуекелдерін алып тастай отырып, ЕРС келісімшарттары енгізіледі.

«Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары ерекше бақылауда және уақтылы орындалатын болады», — деді Қ. Өскенбаев.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу