Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Балалардың құқықтарын қорғау, жаңа технологияларды енгізу және қылмысқа қарсы күрес — ІІМ басшысы халық алдында есеп берді

Жұма, 11 Маусым 2021, 17:59:48

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ведомство жұмысының негізгі нәтижелері туралы айтып берді. 

Бүгінгі таңда полиция жұмысына ақпараттық технологиялар белсенді енгізілуде. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде бейнебақылау жүйелері белсенді қолданылады. Көшелер мен қиылыстарда, тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістерінде, сауда объектілерінде, көңіл көтеру орындарында 417 мың бейнекамера жұмыс істейді.

«Олардың 104 мыңы жедел басқару орталықтарына шығарылған. Жыл басынан бері олардың көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылып, 1 млн-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді», — деді Е. Тұрғымбаев.

Сондай-ақ қоғамдық орындарда, мектептерде, ауруханаларда полицияны шұғыл шақыру жүйесі орнатылады. Олардан келетін сигнал Жедел басқару орталығына немесе жақын маңдағы кезекші бөлімге бірден түседі. 

Қазір мұндай жобалар Қарағанды, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкентте іске асырылуда. Жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларды республикалық маңызы бар трассаларда орнату жоспарлануда, оның ішінде:

- авариялық-қауіпті учаскелерде, 

- аялдамалар, 

- жол бойындағы сервис орындары (халықаралық көлікке арналған тұрақтар, кемпингтер), 

- сондай-ақ ұялы және басқа байланыс жоқ жерлерде.

Осы жылдың ақпан айынан бастап «Police 102» мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл азаматтарға ұялы телефондар, электрондық пошталар және басқа байланыс құралдары арқылы полицияға аудио, видео және мәтіндік өтінішпен жүгінуге мүмкіндік береді. 

«Бұл қызметті қазірдің өзінде 46 мыңнан астам адам пайдаланды. Келіп түскен сигналдардың арқасында 2 мыңнан астам қоғамдық тәртіпті, жол қозғалысы ережелерін және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы бұзушылықтардың жолы кесілді. Осылайша қоғамда құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" қалыптасуда», — деп атап өтті министр.

Сондай-ақ цифрландыру сотқа дейінгі өндіріс саласында да дамып келеді. Қылмыстық істерді электрондық форматта тергеу практикасы кеңеюде. Өткен жылы қылмыстық істердің 50%-ы осы формада тергелді. Биыл – 70%. Жыл соңына дейін электрондық тергеуге 100% көшу көзделген. 

«Осылайша, тергеу мерзімдері қысқартылады, азаматтардың конституциялық құқықтарын бақылау және қорғау деңгейі артады. Заңдылықты бұзу жағдайлары алынып тасталады. ТМД-да біз бұл жобаны іске асыруға бірінші болып кіріскенімізді атап өтемін», — деп нақтылады ведомство басшысы.

Сонымен қатар халықпен қарым-қатынас әдістері өзгертілді. Бүгінде учаскелік инспекторлар заманауи коммуникациялар есебінен ПИК, МИБ және белсенді тұрғындармен 7,5 мың чатқа қосылған. Бұл қызметтің қызметкерлері әлеуметтік желілерде бар. Үйлердің кіреберістерінде, лифтілерінде, қоғамдық орындарда фотосуреттер мен байланыс нөмірлері, учаскелік пункттердің мекен-жайлары орналастырылады. Бұл оларға тәулік бойы халықпен тығыз байланыста болуға, өз учаскесіндегі жағдайды бақылауға және құқық бұзушылық туралы сигналдарға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

ІІМ-нің басым міндеті — балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, өйткені олар қоғамның ең қорғалмаған бөлігі. Соңғы 5 жылда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар саны 30%-ға азайды.

«Биыл олардың саны үштен бірге өсті. Бұған пандемия кезінде азаматтардың оқшаулау жағдайында болуы және "онлайн" сабақтарға қатысып, балалардың мектепке ұзақ бармауы ықпал етті. Қылмыстың себептері көбінесе отбасылық проблемалар, үйдегі тәртіпсіздік және ата-аналардың қоғамға қарсы өмір салты болып табылады. Қылмыстардың жартысына жуығы (43,5%) – балалардың жыныстық тұтастығына қол сұғушылық. Олардың басым көпшілігінде (78%) оларды бұрын полицияның назарына түспеген жақын адамдар жасайды. Айта кету керек, бұл қылмыстар жасырын сипатқа ие. Көбіне туыстары жария еткісі келмейді», — деп түсіндірді министр.

Мұндай қылмыстарды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар мен учаскелік инспекторлар профилактикалық сабақтар, балалармен әңгімелесу және денсаулық сақтау органдарымен өзара іс-қимыл барысында анықтайды. Бұған сонымен қатар: халық арасындағы кең ауқымды ақпараттық жұмыс, сондай-ақ қоғамда зорлық-зомбылыққа төзбеушілік сезімін қалыптастыру ықпал етеді. Солардың нәтижесінде өтініштер саны артты, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылуда. Олардың басым бөлігі — өткен жылдары жасалған қылмыстар бойынша. 

Әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың ерекшеліктерін ескере отырып, мұндай істерді биылдан бастап тек әйел тергеушілер тексереді. Бұл жәбірленушілермен байланыс орнатуға және істің мән-жайын толық анықтауға оң әсер етеді. 

Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды жақсарту үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелер қызметкерлерінің саны ұлғайтылды. Мұндай лауазымдар әрбір қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде бар. Бұл неғұрлым жедел әрекет етуді, әйелдер мен балаларға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Балалар ата-аналары оларды қараусыз қалдырған сәтте қауіпсіз жағдайда болмайды. Жазғы кезеңнің басталуымен олардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың саны артады. 

Балалар трагедиясының ең көп таралған себептерінің бірі — балалардың терезеден құлап кетуі. Жыл басынан бері осындай 30 факті тіркеліп, 6 бала көз жұмып, 24-і ауруханаға жатқызылды. 

Жолдарда балалардың жарақаттануы ерекше алаңдаушылық тудырады. Жол апатынан 43 бала көз жұмды. Бұл ретте көп жағдайда зардап шеккен балалар қауіпсіздік белдіктерімен бекітілмеген немесе балаларды ұстайтын құрылғыларсыз тасымалданған.

«Өкінішке орай, жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары тоқтамайды. Себептері әртүрлі. Туыстарымен қақтығыстарға әрбір үшінші жағдай келеді, жалғыздық сезімі – 12%, достармен қарым-қатынастың үзілуі – 10%, оқу орнындағы қақтығыстар, нашар материалдық жағдай – 3%. Биыл 248 өз-өзіне қол жұмсау әрекеті болды. 164 кәмелетке толмаған бала құтқарылды. Өкінішке қарай, 84-і қайтыс болды», — деді Е. Тұрғымбаев.

Сонымен бірге кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның өтініші бойынша балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін сот шешімдерімен жыл сайын 5 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылады және 1 мыңға жуығы ата-ана құқығынан айырылады.

Бұл ретте, мұндай өтініштер сотқа ерекше жағдайларда ғана — баланың отбасында болуы оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін барлық мән-жайларды ескере отырып енгізіледі.

«Татарстандағы қайғылы оқиғаларға орай мектептердегі қауіпсіздік мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ІІМ білім беру органдарымен бірлесіп мектептерді тексеріп жатыр», — деді ішкі істер министрі.

Бірқатар кемшіліктер анықталды:

  • мектептерді бейнебақылау жүйелерімен 100% жабдықтағанына қарамастан, олардың жартысына жуығы белгіленген стандарттарға сәйкес келмейді; 
  • мектептердің үштен бірінен сәл артық бөлігі шұғыл хабарлау (сөйлеу, дыбыс, жарық) жүйелерімен жабдықталған;
  • дабыл түймелері тек 8% бар; 
  • кіруді бақылау және басқару жүйелері 5%;
  • турникеттер 4% бар;
  • металл іздегіштер – 1%;
  • мектептердің тек 6%-ы ғана күзет ұйымдарымен шарт жасасқан.

ІІМ Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарына алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесін әзірледі. Бұл — қару-жарақ, пышақтар, кастеттер, жүз, жарылғыш құрылғылардың имитаторлары, аэрозольдық бояулар, пиротехникалық құралдар және газ баллондары (биылғы 13 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі). 

Сонымен қатар мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жеке күзет ұйымдарына қосымша біліктілік талаптары енгізіледі. 

Қазіргі уақытта ІІМ Білім министрлігімен бірлесіп бірқатар қосымша шараларды пысықтауда:

- білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету; 

- техногендік, табиғи сипаттағы ТЖ және дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде оқушылар мен персоналдың іс-қимылдарға арнайы дайындығын ұйымдастыру.

«Тағы бір маңызды міндет – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл мәселе ел Президентінің ерекше бақылауында. Жыл сайын жолдарда 2,5 мыңға жуық адам қайтыс болады, 20 мыңнан астам адам жарақат алады», — деді министр. 

Жол қауіпсіздігінің деңгейі жүргізуші тәртібіне, автожолдардың сапасына және көлік жағдайына тікелей байланысты.

Жыл басынан бері полиция 2,5 млн-нан астам жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтады, олардың негізгі бөлігі (930 мың) — бұл жылдамдықты арттыру.

Қарсы жолаққа 2,2 мың шығудың жолы кесілді. 9 мың мас жүргізуші ұсталды, барлығы 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды. 10 мың адам автокөлікті басқару құқығынан айырылды. Ақаулы және заңсыз қайта жабдықталған көлікті пайдаланудың 70 мың фактісі анықталды.

«Жол төсемінің жай-күйіне, жол белгілері мен таңбаларының болмауына, олардың стандарттарға сәйкес келмеуіне байланысты 27 мыңнан астам ақау анықталды. Бұл бұзушылықтар үшін 1,5 мыңнан астам жауапты лауазымды тұлғаларға айыппұл салынды», — деп атап өтті Е. Тұрғымбаев.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жүргізушілер тәртібін қадағалауда жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін автоматты камералар қолданылады. Қазір елімізде осындай 13,2 мың құрылғы орнатылған. Бүгінгі таңда олар барлық бұзушылықтардың жартысына жуығын анықтайды. Ал елорда мен Алматыда олардың үлесі 70%-ға дейін жетеді.

Электрондық әкімшілік өндіріс саласы дамуда.

Патрульдік полиция қызметкерлері ІІМ деректер базасына қосылған электрондық планшеттермен жабдықталған. Олардың көмегімен көлік жүргізетін адамдардың жүргізуші куәлігінің, техникалық паспортының, сақтандыруының болуы және көлігін техникалық тексеруден өткізуі тексеріледі.

Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін жүргізушілердің жеке басын куәландыратын бір ғана құжаты бола отырып, автокөлікті басқару құқығы қамтамасыз етілді.

Айта кету керек, карантин режимі көші-қон жағдайына айтарлықтай әсер етті.

«Шекаралар жабылғаннан кейін біздің елде миллионнан астам шетелдіктер қалды. Көпшілігінде төлқұжаттарының, визаларының, тұруға рұқсаттары мен жұмыс істеу рұқсатының жарамдылық мерзімдері бітіп қалған. ІІМ бастамасы бойынша Үкімет өтпелі кезеңді белгіледі. Нәтижесінде 460 мың шетелдік елімізде болуын заңдастырды. 560 мың адам отанына аттанды», — деді Е. Тұрғымбаев.

Пандемия жағдайында көрші елдердің 35 мыңнан астам азаматының Қазақстан арқылы бақыланатын транзиттік өтуі қамтамасыз етілді.

Еліміздің туристік әлеуетін арттыру және шетелдіктер үшін көші-қон рәсімдерін жеңілдету бойынша шаралар қабылдануда.

  1. Өткен жылдан бастап Қазақстанда 30 тәулікке дейін болатын шетелдіктерді тіркеу тоқтатылды. Көші-қон қызметін ақпараттандыру жөніндегі міндет енді қабылдаушы тарапқа жүктелді.
  2. Тікелей халықаралық әуежайларда келу визаларын беру ұйымдастырылды. Электрондық визаларды беру тетігі енгізілді («е-Visa»). Енді шетелдіктер оларды еліміздің шетелдегі Елшілігіне жүгінбей-ақ ала алады.
  3. Шетелдіктердің қонақ үйлерге, санаторийлерге, хостелдерге және т.б. келуі және тұруы туралы визалық-көші-қон порталы арқылы хабарлау тетігі автоматтандырылған.

Сонымен бірге көші-қон бақылауы қамтамасыз етіледі. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 11,6 мыңнан астам шетелдік, еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 2,8 мың адам, сондай-ақ 604 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін 31 қылмыстық іс қозғалды. Соттардың шешімдері бойынша 1 мыңға жуық бұзушы 5 жыл ішінде Қазақстанға кіру құқығынсыз елден шығарылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласына ерекше мән беріледі. Оларды алу тәртібі жеңілдетіледі. Негізгі назар процесті автоматтандыруға және «қарым-қатынассыз» әдіске ауысуға бағытталған. Бұл азаматтарға ыңғайлы болу үшін жасалды, өйткені ІІМ қызметтері ең талап етілетін қызметтердің бірі болып табылады. Жыл сайын олардың саны 17 млн-ға жететін. Қазір электрондық форматта ұсынылатын қызметтер деңгейі 95%-ға дейін жеткізілді.

2019 жылғы қарашадан бастап ІІМ көрсететін қызметтер тізбесінен мекенжай анықтамасын беру алынып тасталды, оны алу үшін жыл сайын 10-нан 12 млн адамға дейін өтініш жасайтын. Енді бұл мәліметтерді тікелей «Электрондық үкімет» порталынан алуға болады.

Сондай-ақ көлікті тіркеу қызметі жеңілдетілді. Жыл сайын 2 млн-нан астам азамат автокөліктерді сатып алу және сату кезінде нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін ХҚКО-ға келетін. Енді мұндай қажеттілік жойылды.

Тіркеу қызметі «Электрондық үкімет» порталында және банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн форматқа ауыстырылды. Бұдан басқа, енді азаматтар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кез келген ұнаған мемлекеттік нөмірді таңдай алады. Бұл ретте көлік құжаттары мен нөмірлерін кез келген ыңғайлы ХҚКО-нан алуға немесе оларды үйге жеткізуге тапсырыс беруге болады. Бұл ІІМ мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде мүмкін болды.

Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы іске асырылуда. Қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс түбегейлі қайта құрылды. Азаматтарды қабылдау тәртібі жеңілдетілді. Барлық 262 полиция бөлімінде «Азаматтарға арналған қабылдау бөлмелері» ашылды, онда жыл басынан бері 55 мың адам кеңес алды.

Алдын ала жазылусыз, «кабинеттен тыс», көшелер мен алаңдарда азаматтарды қабылдауға мүмкіндік беретін «Жолдағы қабылдау» акциялары үнемі өткізіліп тұрады. Акция басталғаннан бері жарты миллионнан астам азаматқа кеңес берілді. 220 мыңнан астам өтініш қаралды. Олар негізінен полиция жұмысын жақсарту, жол қозғалысын ұйымдастыру, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, құжаттарды алу мәселелеріне қатысты болды. Кезекті науқан келесі аптаға жоспарланған.

«Әлеуметтік желідегі парақшамда азаматтармен тікелей диалог жүргіземін. Бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды. Барлық полиция органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары өздерінің жеке аккаунттары бар. Жыл басынан бері олар 658 есептік кездесу өткізді, оның ішінде аудан орталықтары мен ауылдарға барды. Сол арқылы халықпен "кері байланыс" қамтамасыз етіледі», — деді Е. Тұрғымбаев.

Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс түбегейлі қайта қаралды.

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

2. Өз қатарларында сыбайлас жемқорлықты анықтау бойынша жұмыс жүйелі жүргізілуде.

3. Заңдылықтың бұзылуына ықпал ететін себептер жойылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеттің деңгейі артып келеді. Нәтижесінде соңғы 3 жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстарының санын 43%-ға қысқартуға қол жеткізілді. Бұл динамика жалғасуда. Жыл басынан бері қызметкерлер жасаған қылмыстар саны 18%-ға, ал сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 10%-ға азайды.

Олардың 75%-ы өз күштерімен анықталады. Ымырасыз күрес жалғасатын болады. Негізгі мақсат – халықтың сенімін арттыру және азаматтарға полицияға деген сенімін қайтару.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күресу бойынша негізгі міндеттерінен басқа, полиция қызметкерлері міне, екінші жыл коронавирус пандемиясымен күресуде алдыңғы шепте жүр. Санитарлық және блок бекеттердің жұмысы, карантиндік аймақтарды күзету, ауруды жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған адамдарды іздестіру қамтамасыз етілді, өмірлік маңызы бар дәрілердің заңсыз айналымы фактілерінің жолы кесілді. Бұл жұмыс денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп қазір де жалғасуда.

«Полицейлер қашықтан жұмыс істей алмайды. Азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында олар әлі де ерекше жағдайларда қызмет етеді. Қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметтік борышын орындай отырып, полиция қызметкерлері өз өмірлерін қатерге тігеді. Өкінішке орай, Тәуелсіздік жылдарында 800 полицей өз міндеттерін орындау кезінде қаза тауып, 2 655 адам жарақат алды», — деді Е. Тұрғымбаев.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, министр мал ұрлығы мәселесіне тоқталды. Жаз мезгілінде, әдетте, мал ұрлығының саны артады.

«Мемлекет басшысы 2020 жылы мал ұрлығына қарсы күресті күшейтуді тапсырды. Қазіргі уақытта бірқатар заңнамалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, Қылмыстық кодексте мал ұрлығы туралы бап енгізілді. Қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Енді мұндай қылмыс үшін жазаның ең ұзақ мерзімі мүлкі тәркілеумен 7 жылдан 12 жылға дейін», — деді Е. Тұрғымбаев.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, адамдар тобымен жасалған және азаматтарға айтарлықтай зиян келтірген қылмыс сияқты жіктеу белгілері енгізілді.

Ұйымдастырушылық тұрғыдан алғанда, осындай қылмыстардың ең көп саны байқалған барлық бөлімшелерде жедел тергеу топтары құрылды.

«Бүгінгі таңда мұндай қылмыстардың саны 40%-ға азайды. Ұрланған малдың 50%-ға жуығы иелеріне қайтарылды», — деді Е. Тұрғымбаев.

Айта кету керек, көбінесе мал иелері малдарын бақылаусыз жібереді. Осының салдарынан шығынға ұшырайды, соның ішінде жануарларға қатысты жол-көлік оқиғалары жиі орын алады.

Бұған назар аудара отырып, министр қазір жаңа технологиялар енгізіліп жатқанын, шаруа қожалықтарының басшыларымен және мал иелерімен бірлесіп ұйымдастыру іс-шаралары қабылданып жатқанын атап өтті. Жалпы, оның айтуынша, мұндай қылмыс түрлерін қысқарту бойынша оң динамика байқалады.

Электросамокаттар үшін ережелерді жүйелеу жөніндегі сұраққа министр бұл мәселе қазір әлемнің барлық елдері үшін дерлік проблема болып отыр деп жауап берді.

«Самокаттардың түрлі техникалық сипаттамалары, модификациялары бар, түрлі жылдамдық режиміне ие. Бүгінгі таңда жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жететін самокаттар бар, бірақ ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес олар жол қозғалысына қатысу үшін техникалық құрал болып табылмайды, яғни самокат сияқты көлік құралы жоқ», — деді Е. Тұрғамбаев.

Оның айтуынша, бұл көлік құралын сертификаттау жоқ және олар көлік құралына қойылатын талаптарға, яғни доңғалақтардың диаметрі, тежегіш жүйесінің, жалпы шамдардың, артқы көрініс айналарының және қауіпсіздік жүйесінің болмауы сәйкес келмейді. Демек, самокат иелеріне жолдар мен тас жолдармен жүруге тыйым салынады. Әрі, бұған тыйым салынады.

Министрдің айтуынша, веложолдар мен тротуарларға қатысты қазір осы мәселе қарастырылуда, өйткені бірқатар самокаттардың жылдамдығы сағатына 20 шақырымнан асады. Көптеген мемлекеттерде, мысалы, Ұлыбританияда жеке аумақтан басқа жерлерде самокат қолдануға тыйым салынады. Кейбір елдерде рұқсат етілген, бірақ қозғалыс жылдамдығы шектеулі.

«Біздің елімізде мәселе регламенттелмеген. Қазіргі уақытта жұмыс тобы құрылды, оған барлық мүдделі органдардың өкілдері кірді. Жақын арада қолданыстағы заңнамаға самокаттарды пайдалану бойынша толықтырулар енгізілетін болады», — деді Е. Тұрғымбаев.

Министр ІІМ-нің әлеуметтік желілер арқылы сатушы мен сатып алушы бір-бірін көрмейтін, тіпті танымайтын жағдайда есірткінің таратылуымен қалай күресіп жатқаны туралы сұраққа егжей-тегжейлі жауап берді, .

«Біз есірткі сататын 740 сайттың жолын кестік. 1700 сатушы мен есірткі қолданған адамдар қазір қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Елімізде 10 есірткі зертханасы жойылды. 2 тоннаға жуық есірткі тәркіленді», — деді Е. Тұрғымбаев.

Жұмыс жалғасуда. Министрдің айтуынша, қазір бұл бағыттағы ең ауыр мәселе – шетелден бақыланатын чаттар мен сайттар. Қазір ІІМ осы бағытта тиімді жұмыс істеу үшін басқа елдердегі әріптестерімен байланыс орнатты.

«Есірткі әлемнің барлық дерлік елдерінің проблемасы, сондықтан байланыс, мәліметтер, ақпарат және тәжірибе алмасу барлығы үшін өте маңызды», — деді Е. Тұрғымбаев.

Балалардың суицидтері және оған «Көк кит» сияқты ойындардың әсері туралы министр бұл құқық қорғау органдарының жұмысының өте ауыр бөлігі екенін өкінішпен атап өтті.

Бүгінгі таңда, оның айтуынша, суицидтің 30 пайызы отбасындағы ата-аналармен жанжалдан, 12%-ы жақындарымен қарым-қатынастың бұзылуынан, 10%-ы өмірге қанағаттанбаудан туындаған. Жасөспірім психикасы өте осал және отбасындағы, жақын адамдарымен кез-келген жанжал суицид тудыруы мүмкін. Министрдің айтуынша, пандемия, мектептердің жабық болуы және қозғалыс пен қарым-қатынастың шектеулі болуы маңызды рөл атқарды. Бұл жерде ата-аналарға, мектептерге, қоғам өкілдеріне, психологтарға және т. б. бірлесіп жұмыс істеу керек.

«Көк кит» түріндегі балалар ойынына келетін болсақ, министрдің пікірінше, қазір мұндай ойындар жоқ. Бірақ жасөспірімдердің психикасына әсер ететін көптеген жайттар бар.

«Көк кит» үш жыл бұрын ресейлік әріптестермен бірлесіп жойылды. Бірақ біз жағдайды қадағалап, сайттарды тексеріп отырамыз. Егер кейбір тәсілдермен жалғыздықтан қашуға шақыратын және балаларға әсер ететін басқа да сайттарды тапсақ, ресурстың жұмысын бірден тоқтатамыз», — деді Е. Тұрғымбаев.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
19 Маусым 2021, 10:16
Орталық Азиядағы алғашқы «Гамма-пышақ» ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығында орнатылды
18 Маусым 2021, 18:31
Қ. Тоқаев Әзербайжанмен көші-қон туралы келісімді ратификациялады
18 Маусым 2021, 18:27
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды
18 Маусым 2021, 18:24
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
18 Маусым 2021, 16:30
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес баламалы энергетиканы дамыту мәселелерін қарады
18 Маусым 2021, 10:29
Ақан Абдуалиев ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды
18 Маусым 2021, 09:26
Батырбек Әбділдин ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
17 Маусым 2021, 21:10
Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
17 Маусым 2021, 21:00
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
17 Маусым 2021, 17:03
Арнайы экономикалық аймақ қызметтері Үкіметте талқыланды
17 Маусым 2021, 09:06
Нұр-Сұлтанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды
16 Маусым 2021, 21:00
Президент Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
16 Маусым 2021, 20:20
Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қ. Келімбетовті қабылдады
16 Маусым 2021, 18:00
Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммитіне қатысты
15 Маусым 2021, 18:36
Бюджетті оңтайландыру, «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету және мемлекеттік сатып алуды жетілдіру — қаржы министрі халық алдында есеп берді
15 Маусым 2021, 16:45
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады
15 Маусым 2021, 16:43
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті В. Алекперовті қабылдады
15 Маусым 2021, 14:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №399 Қаулысы
15 Маусым 2021, 14:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №396 Қаулысы
15 Маусым 2021, 12:33
2021 жылғы маусым айында утилизациялық алымға «нөлдік мөлшерлеме» енгізілді — М. Мырзағалиев
15 Маусым 2021, 10:55
Соңғы аптада КВИ анықталған жағдайлардың саны 16%-ға төмендеді — ҚР ДСМ
15 Маусым 2021, 10:40
Еліміздің 216 кәсіпорнында «нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасы енгізілді — С. Шәпкенов
15 Маусым 2021, 10:07
Үкімет қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекітті
15 Маусым 2021, 09:51
Үкімет экологияны жақсарту мәселелерін қарады
15 Маусым 2021, 09:38
ҚР өңірлерінің көпшілігі COVID-19 ауруы бойынша «жасыл» аймақта орналасқан
14 Маусым 2021, 18:02
Қазақстан Президенті ЕАЭО туралы шартқа түзетулерді ратификациялады
14 Маусым 2021, 17:57
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілі Залмай Халилзадты қабылдады
14 Маусым 2021, 17:49
Зиянды шығарындыларды азайту, Су кодексін жетілдіру, экотуризмді дамыту — М. Мырзағалиев халықпен есептік кездесу өткізді
14 Маусым 2021, 16:24
15 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Маусым 2021, 10:16
Ә. Смайылов экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді
13 Маусым 2021, 10:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №116
11 Маусым 2021, 19:12
Пандемия кезіндегі Қазақстан экономикасы, қалпына келтіру шаралары, заңдарға түзетулер және цифрландыруды енгізу — Ә. Ерғалиевтің есеп беру кездесуі
11 Маусым 2021, 18:36
А. Мамин мен ЕО елшілері «жасыл экономиканы» дамытудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
11 Маусым 2021, 17:59
Балалардың құқықтарын қорғау, жаңа технологияларды енгізу және қылмысқа қарсы күрес — ІІМ басшысы халық алдында есеп берді
11 Маусым 2021, 15:32
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
11 Маусым 2021, 15:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №389 Қаулысы
11 Маусым 2021, 15:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №386 Қаулысы
11 Маусым 2021, 14:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы №387 Қаулысы
11 Маусым 2021, 14:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №382 Қаулысы
11 Маусым 2021, 12:20
А. Мамин БАӘ азық-түлік қауіпсіздігі министрі Марьям әл Мухейримен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
10 Маусым 2021, 21:00
Қ. Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші пленарлық отырысына қатысты
10 Маусым 2021, 17:51
Қ. Тоқаев Қатар Премьер-Министрінің орынбасарын қабылдады
10 Маусым 2021, 17:46
Президент Заң көмегі туралы заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды
10 Маусым 2021, 17:41
Жалақыны арттыру, еңбекшілердің мүдделерін қорғау, халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау — С. Шәпкенов ЕХӘҚМ қызметі туралы
10 Маусым 2021, 15:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №383 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы №375 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №372 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:20
ҚР Үкіметінің отырысы, 10.06.2021
10 Маусым 2021, 15:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №370 Қаулысы
10 Маусым 2021, 15:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 маусымдағы №363 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.