Биыл Атырау облысында 672,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Атырау облысы жалпы өңірлік өнім көрсеткіші бойынша жыл сайын еліміз бойынша алдыңғы орынды иеленіп келеді. Тұрақты үрдіске айналған бұл жетістік – еліміздің батысындағы мұнайлы да шырайлы өлкеде өркенді істердің лайықты жалғасын тауып келе жатқанының айғағы. 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында облыстың әлеуметтік-экономикалық түрғыда қалай дамығаны туралы шолу ұсынамыз.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының 2022 жылғы қарашадағы мәтіметтеріне сүйене отырып, төмендегі мәліметтерді келтіреміз.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында Үкіметпен бірлесе отырып, облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға, сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге, өңір экономикасын әртараптандыру, инвестициялар тарту бағытында «Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» бекітіліп, жүзеге асырылуда. Осы жоспар бойынша жалпы сомасы 8 983, 6 млрд теңгені құрайтын 187 іс-шара көзделген. Аталған жоспар аясында 2022 жылға арналған республикалық бюджет есебінен 100 780, 5 млн теңге жоспарланып, бүгінгі таңда 72,8 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Кешенді жоспар аясында 2022 жылы жалпы сомасы 2 227, 6 млрд теңгеге 132 іс-шара (РБ – 100, 8 млрд теңге; ЖБ – 25, 4 млрд теңге; БК – 2 097, 3 млрд теңге; МЖӘ – 4,1 млрд теңге) іске асырылуда. 

Облыстың 2022 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары төмендегідей: 2022 жылдың 1 жартыжылдығында облыстың жалпы өңірлік өнімі 6 340, 3 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 106,3%. Республиканың жалпы ішкі өнімі көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 15,8%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 9 270,0 мың теңге. 

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 11 116, 5 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 98,1%. Тау-кен өнеркәсiбiнде 10 440, 0 млрд теңге сомасына өнім өндiрiлді, нақты көлем индексі – 97,8%. Қашаған кен орнында кіріс газды бөлгіш (шлам ұстағыш) жүйесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты мұнай мен газдың өндірісі төмендеді. Өңдеу өнеркәсiбiнде өнiм көлемi 559, 4 млрдтеңгені құрады немесе 101,0%.

2022 жылы Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы және Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 745 жұмыс орнын ашумен 821, 3 млрд теңгеге 5 жобаны іске асыру жоспарланып, бүгінде 2 жоба іске қосылды: Газ-химия кешені (1 кезеңі – полипропилен) – «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (жоба құны – 814 288 млн теңге, жұмыс орны – 500) және екіншісі көлемді вибропрестеудің инновациялық әдісімен бетоннан жасалған қабырға және жол бұйымдары өндірісі – «Еврострой» ЖШС (жоба құны – 633 млн теңге, жұмыс орны – 16). Жыл соңына дейін тағы бір жобаны – саз кірпіш өндірісін – «ЭлитСтройАтырау» ЖШС (жоба құны – 240 млн теңге, жұмыс орны – 100) іске қосу күтілуде. Қалған 2 жобаның іске қосу мерзімдерін 2023 жылға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде: ет бағытындағы құс фабрикасы (жоба құны – 5 073 млн теңге, жұмыс орны – 79) және өлшеу құралдарын шығаратын кәсіпорын (жоба құны – 1 056 млн теңге, жұмыс орны – 50). 

Сауда көлемі 4 111,1 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 103,8%. Көлік қызметі 2,7%-ға өсіп, 712,6 млрд теңгені құрады. Байланыс қызметінің көлемі 12 507,6 млн теңгені құрады немесе нақты көлем индексі – 105,0%. 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша БК есебінен жобаларды іске асыру нәтижесінде 1 632 016,2 млн теңге жеке инвестиция тартылды. 

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2022 жылдың 10 айында 2 404,3 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 99,4%-ды құрады.

Өнеркәсіп

Атырау облысы өнеркәсіптік өңір екені белгілі, өңір экономикасының негізін мұнай-газ секторы құрайды. Аймақтың экономикасын әртараптандыру бағытында өзге салаларды, оның ішінде мұнай-химия саласын, мұнай өңдеуді тереңдету, балық шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік және туризм салаларын дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Атырау облысындағы өңдеу өнеркәсібінде мұнай мен газды одан әрі терең өңдеу арқылы химия өнімдері, ірі мұнай-газ өндіру компанияларына қажетті тауарлар, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсібінің өнімдері өндіріледі. 

Бүгінгі таңда өңірде аса ірі жобалар жүзеге асуда. Оның ішінде «ТеңізШеврОйлдың» Келешек кеңею жобасы жүзеге асырылуымен мұнай өндіру көлемі 12 млн тоннаға ұлғаяды. Бүгінгі таңда екі ірі жоба іске қосылды: газ-химиялық кешенінің құрылысы (полипропилен өндірісінің 1-кезеңі) «KPI» ЖШС және көлемді вибропрестеудің инновациялық әдісімен бетоннан жасалған қабырға және жол бұйымдарын өндіру «Еврострой» ЖШС.

Өңдеу өнеркәсібі 2021 жылы 6,8%-ға, 2022 жылғы 10 айда 1%-ға өсім көрсетті. Оның ішінде машина жасау саласы 40%-ға, химия өнеркәсібі 50%-ға, жеңіл өнеркәсібі 6,2%-ға, құрылыс материалдары 16,6%-ға ұлғайған. Салада 379 (ірі – 4, орта – 7, шағын – 368) кәсіпорын қызмет атқарады, оларда 11 мың адам жұмыспен қамтылған. 

2022 жылы облыста құны 815,1 млрд теңге құрайтын 622 жұмыс орнын ашатын 3 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. 

2023-2027 жылдары жалпы құны 4 трлн теңге құрайтын 10 жоба жоспарлануда. Олар: «УЛЬТРАСТАБ-КАЗАХСТАН» ЖШС-нің «Тоқыма геотекстиль өндіру цехы – 2-кезең»; «РГК-Каспий» ЖШС-нің «Экструзиялық геосинтетика өндіру цехы – 2-кезең»; «GURYEV» ЖШС-нің «Өлшеу құралдарын шығару»; «ATYRAU CHICKEN» ЖШС-нің «Ет бағытындағы құс фабрикасының құрылысы»; «New Ascent» ЖШС-нің «Тауарлық бетон және автоклавты газоблок шығаратын зауыт салу»; «GPC Investment» ЖШС «Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытының құрылысы»; «Жанарыс» ЖШС-нің «Тігін фабрикасының құрылысы»; «Almex Petrochemical» ЖШС-нің «Полиэтилен-терефталат өндіру кешенінің құрылысы»; «Бутадиен» ЖШС-нің «Бутадиенді каучуктар өндіретін зауыт құрылысы»; «KLPE» ЖШС-нің «Біріккен газ-химиялық кешенінің құрылысы (полиэтилен өндірісінің 2-кезеңі)». 

Өнеркәсіп көлемінің 94%-ын тау-кен өнеркәсібі құрайды. Өңірдің республика бойынша жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі – 28%. Бұл салада 158 компания қызмет атқарады. Металлургия өңдеу өнеркәсібінің 0,001%-ын құрайды. Салада металл өңдеумен 5 шағын кәсіпорын айналысады. Оның ішінде металл қалдықтарын өңдеумен айналысатын «Металлопродукт» ЖШС өнімдерін экспорттайды. 

Тұрғын үй құрылысы

Бүгінгі Атырау – сәулеті мен дәулеті келіскен көрікті өлке. Мұнда жыл санап құрылыс қарқын алып келеді. Облыс бойынша 672,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2021 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда – 88,7%. Құрылыс жұмыстарының көлемі 889,7 млрд теңгені құрады немесе 111,2%. Тұрғын үй саласында соңғы 10 айдың қорытындысы бойынша 7 660,8 млн теңге сомасында облигациялар шығарылды. Қазіргі уақытта 7 тұрғын үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 

2022 жылға жаппай тұрғын үй құрылысы аудандарына ИКИ жүргізуге 7 379,6 млн теңге қарастырылған. Биыл жеке тұрғын үйлер құрылысының 4 907 жер учаскесіне ИКИ тарту бойынша ұзындығы 130 км құрайтын 30 жоба іске асырылуда.

«7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бағдарламасы іске асырылуда. Өңірде аталған бағдарламаға Екінші деңгейдегі 10 банк қатысып жатыр. (Банк Центр Кредит, АТФ Банк, Евразия банкі, Халық банкі, Сбербанк, Jusan bank, RBK, Forte банк, Altyn nank, АО «Банк Фридом Финанс Казахстан»). Жалпы бағдарлама басталғалы Екінші деңгейдегі банктерге 126,9 млрд теңгеге 9 132 өтінім түсіп, бүгінгі таңда 17,5 млрд теңгені құрайтын 1 201 ипотекалық несие нақты берілген. Соның ішінде жыл басынан бері 506 адамға несие беріліп, баспаналы болды. 

Таяу арада «Атырау жастары» атты облыс жастарына арналған тұрғын үй бағдарламасы басталады. Бұл бағдарламаға аймақтағы 35 жасқа дейінгі медициналық қызметкерлер, педагогтар, мәдениет және спорт қызметкерлері, ЖОО оқытушылары, ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, журналистер, әлеуметтік сала және коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ «жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрғандар қатыса алады. Аталмыш бағдарлама – табысы аз жастарға арналған тұрғын үй мәселесін шешу жолы. 

Атырау облысы жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған жетінші өңір болып отыр. Бұл бағдарлама Алматы, Астана, Қарағанды, Тараз, Қостанай қалалары және Алматы облыстарында қолданылуда. Өңірлік әкімдіктер мен Отбасы банкінің жастарды несиелеудің жалпы бюджеті 60 млрд теңгеден асады. «Атырау жастары» бағдарламасы бойынша әлеуетті қарыз алушылардың тізімін жергілікті әкімдік қалыптастыратын болады. 

Биыл Атырау қаласындағы Балауса мөлтек ауданында орналасқан 600 балаға арналған орта мектептің құрылысы толықтай аяқталды. Үш қабатты мектептің құрылыс жұмысы 2019 жылы басталған болатын. Ғимараттың жалпы ауданы 8 478 шаршы метр. Мектеп заманауи үлгіге сай жасақталынған. Мұнда оқу кабинеттері интерактивті тақтайшалармен және лаборатория кабинеттерімен жабдықталған. Мектеп асхана, спорт алаңы, жүгіру жолы, теннис, футбол, баскетбол алаңдары, сонымен қатар балалар ойнайтын лабиринт, сырғанақ құрал-жабдықтарымен қамтылған. 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі биылғы 10 айда 1,5%-ға ұлғайып, 112 519,0 млн теңгені құрады. Бұл өсім мал шаруашылығы өнімінің көлемін 2,2%-ға, өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемін 0,7%-ға, ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. Облыста 8200-ден астам жұмыскер ауыл шаруашылығында қызмет атқаруда. Ауыл шаруашылығы азық-түлік өнімдерінің өндірілуіне тоқталсақ: ет өнімдерін жыл сонына дейін 30 000 тонна; сүт өнімдері жыл сонына дейін 65 000 тонна; жұмыртқа жыл сонына дейін 30 млн дана жоспарлануда; картоп өнімдері 28 638 тонна; сәбіз өнімдері жыл сонына дейін 16 000 тонна; жуа өнімдері 18 000 тонна; қырыққабат өнімдері 6 300 тонна өндірілді. 

Ауыл шаруашылығы саласында тұқым шаруашылығын қолдау, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау, тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау, АӨК субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру, асыл тұқымды мал шаруашылықты қолдау және мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау және кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау арқылы қолдау шаралары бар.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) нақты көлем индексі – 101,5% құрады немесе 112,5 млрд теңге. Мал шаруашылығында – 60,0 млрд теңге (102,2%) және егін шаруашылығында – 50,2 млрд теңге немесе 100,7%. 

Атырау облысы бойынша тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында 2 000 шаруашылық белсенді жұмыс атқарып, өнімдерін өндіруде. Оның ішінде, 1 687 шаруашылық мал шаруашылығында, 323 шаруашылық егін шаруашылығында. «Алмалы құс» ЖШС, «Қызанақ агро» ЖШС, «Темирлан Agro 7661» ЖШС, «Дастан» ШҚ, «Дибдиева» ШҚ, «Джумагалиев» ЖК, «Наурыз» ШҚ, «Кан Г.В» ШҚ және т.б. 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру мақсатында «Айналым схемасы» арқылы жергілікті бюджеттен кәсіпкерлік субьектілеріне 2,0 млрд теңге беріліп, нәтижесінде 12 114 тоннаға жуық 18 түрлі әлеуметтік азық-түлік өнімдері сатып алынып, 58 сауда-саттық нүктелерінде қолжетімді бағада сатылуда. 

Қазіргі таңда «Атырау» ӘКК» АҚ АФ есеп-шотындағы қаражат қалдығы 332,5 млн теңгені құрайды. «Айналым схемасы» шеңберінде жергілікті бюджеттен бюджеттен 1,2 млрд теңге бөліп, жалпы қаражат сомасын 3,5 млрд теңгеге толықтыру жоспарлануда. Осы қаражат есебінен өңірге қажетті өнімдерді тасымалдауға кәсіпкерлік субъектілермен қажетіне қарай келісім-шарт жасасу жоспарлануда. Сондай-ақ Түркістан облысынан 40 тонна қырыққабат сатып алуға келісім жасалып, қазір өңірге 12 тонна тасымалданды. 

Жергілікті тауар өндірушілер және шаруа қожалық иелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін тұтынушыларға қолжетімді бағамен және жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету мақсатында жалпы 435 меморандумға қол қойылды. 

Жол салу мәселесі

Облыс көлеміндегі жалпы пайдаланымдағы көлік жолдарының ұзындығы 3 052 шақырымды құрайды. Соның ішінде республикалық маңыздағы жол – 1 125 шақырым, облыстық және аудандық маңызы бар жол – 1 927 шақырым, соның 1 348 шақырымы (70%) – жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Орындалатын жұмыстар нәтижесінде көлік инфрақұрылымы бағытындағы жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру арқылы 2022 жылдың қорытындысымен жергілікті жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 72%-ға жеткізу көзделген. 

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері шеңберінде Атырау қаласында автомобиль жолдарын салу бойынша 4 жоба және реконструкциялау бойынша 5 жоба іске асырылуда. Қазіргі таңда РБ және ЖБ-тен 10 848,2 млн теңге игеріліп, 29 км жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлікте (ШОБ) жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 60 442 бірлікті құрайды немесе 2021 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда – 117,7%. Өңірде бизнес-климатты жақсарту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда, нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы көрсеткіштердің өсу динамикасы байқалуда. 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыста тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 67 220 бірлік құрады, 2021 жылдың деңгейіне 113,6%-ға өскен (2021 жылы 1 қараша – 59 151). Бұл салада 2022 жылдың 2 тоқсанында жұмыспен қамтылғандар саны 142,4 мың адамды құрады, шығарылған өнімнің көлемі 2 447,9 млрд теңгені құрады, яғни 156,0%-ға көбейген (2021 жылғы 2-тоқсан – 1 412,5 млрд тг.).

Кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы аясында 2022 жылы бюджеттен 8,0 млрд теңге бөлінді, яғни көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға артып отыр. Оның ішінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға 6,0 млрд теңге, несиені кепілдендіруге 1,9 млрд теңге, мемлекеттік гранттар ұсынуға 106 млн теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда несие сомасы 37,8 млрд теңге 1 741 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылып, олармен 1 265 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. 

Сонымен қатар «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру» конкурсы бойынша жалпы 392 өтінім түсіп, конкурстық комиссияның дауыс беру қорытындысымен 106 млн теңгеге 37 кәсіпкерлік субъектісінің жобалары мақұлданды. Оның ішінде 32,9 млн теңгеге 13 жас кәсіпкердің, 15,8 млн теңгеге халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 7 кәсіпкерлік субъектінің жобасына грант ұсынылды.

Ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатында өңірлік бағдарлама іске асырылып, жергілікті бюджеттен (2013-2022 жж.) 3 357,0 млн теңге бөлініп, нәтижесінде 567 жоба қаржыландырылып, 718 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл бағытта 2022 жылы жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. Бүгінде несие сомасы 500 млн теңге 45 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылып, олармен 44 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Денсаулық сақтау және спорт

Негізгі көресеткіштер: 2022 жылғы 10 айдағы облыс бойынша жалпы адам өлімі – 69,3%, ана өлімі 32,4%, бала өлімі 98,85%, қан айналымы жүйесі ауруларынан 84%, қатерлі ісіктерден 79,5%, туберкулезден 77,7%, жазатайым жағдайлардан болған өлімдер 83,7% көрсеткіш деңгейі төмендеді.

Өңірде денсаулық сақтау жүйесін дамытудың қорытындылары төмендегідей:

Инфраструктура: 2022 жылы Атырау облысының Кешенді жоспарына сай облыс бойынша 5 (Жылыой ауданы Қарағай ауылды мекені – 1 медициналық пункт), Қызылқоға ауданы Айдын ауылды мекені – 1 ғимарат, 3 ғимарат – Махамбет ауданы (Аққайың, Көздіқара, Еңбекші ауылды мекендерінде) алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектілері қазан айынан салынып басталды. 

Фтизиопульмонология орталығына (тубдиспансер) және облыстық перинаталдық орталыққа желдету жүйесін жөндеумен күрделі жөндеу жүргізілуде.

Кадрлық қамтамасыз ету: 2022 жылы Атырау облысына 58 маман келді, оның 30-ы емханаларда жұмыс жасауда (13-ші ауылдық жерлерде). Жыл соңына дейін тағы 10 дәрігер келеді деп күтілуде. Кадр жетіспеушілігі 16%-ға, яғни 169 маманға дейін төмендеді. 

Мамандардың біліктілігін арттыру: Биыл біліктілікті арттыруға жергілікті бюджеттен 550 млн теңге бөлініп, қазіргі кезде 1 000-ға жуық бейінді мамандар біліктілігін арттырды. Оның ішінде 104 маман Израиль мен Германияда оқып келді.

Стационарлар мен халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайы: «СҚ-Фармация» ЖШС (Бұдан әрі - Бірыңғай дистрибьютор) ақпаратына сәйкес, Атырау облысының медициналық ұйымдарымен соңғы 10 айда 2022 жылға 52 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға тапсырыс берілді. Оның ішінде 14 млрд теңгеге отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бар. Сондай-ақ Атырау облысында қажетті дәрі-дәрмектердің медициналық ұйымдарында 2 айлық қоры бар. Бірыңғай дистрибьютордан дәрілік заттардың апта сайын үздіксіз жеткізілуі жүзеге асырылуда. Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында облыстағы медициналық ұйымдардың 2 айлық қажеттілігін құрайтын қор жасақталған.

Бұқаралық спорт туралы сөз қозғайтын болсақ, облыста 2022 жылдың 10 айында 120 000-нан астам адамды қамтыған 800 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Оның ішінде 650 іс-шара ауылдық жерде ұйымдастырылып, 81 250 ауылдық жер тұрғындарын қамтыған. Республикалық деңгейде 20 іс-шара, Халықаралық деңгейде 15 іс-шара ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Бүгінгі таңға дейін 25 бұқаралық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Олардың ішінде сала қызметкерлері арасындағы спартакиадалар, марафондар мен халыққа арналған көше спорт түрлерінен іс-шаралар қамтылды. 

Атырауда алғаш рет қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты ұйымдастырылды. Жарысқа 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 700-ден астам балуан бақ сынасты. Бәсекеде ерлер арасында 55-100 келі және одан жоғары, ал әйелдер арасында 48-77 келі және одан жоғары салмақ дәрежесінде өзара мықтылар анықталды. Айта кетейік, бұл үздіктер келесі жылы өтетін Əлем жəне Азия чемпионаттарында ел намысын қорғайтын болады. 

Биыл Атыраулық садақшылар дәстүрлі садақ атудан өткен Қазақстан Республикасының тұңғыш чемпионатынан 10 медаль жеңіп алды. Аталған сайысқа еліміздің әр өңірінен 200-ге жуық спортшы қатысты. Оның ішінде «Batu han zhebesi» Атырау облыстық дәстүрлі садақ ату федерациясы командасынан 18 спортшы қатысып, 8 спортшы жүлдемен оралды. 

Сонымен қатар атыраулық спортшы Әбиба Абужақынова биыл Өзбекстанда (Ташкент) өткен халықаралық сайыста қазақ қыздары арасынан алғаш рет дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Ол 48 келіге дейінгі салмақта чилилік Мари Ди Варгас Лейменмен күш сынасып, үшінші орынды жеңіп алды. Әбиба – 2019 жылдан бастап «Жоғары спорт шеберлігі» мектебінің тәрбиеленушісі. Ол Қазақстан чемпионатының (Орал) және Азия Кубогінің (Ақтау) жеңімпазы, Еуропа Кубогінің (РФ, Орынбор) және Азия чемпионатының (Қырғызстан) күміс жүлдегері, сонымен қатар Grand Slam турнирінде (Моңғолия, Ұланбатыр) қола жүлдегер атанған.

Білім беру

2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 17 мектептің құрылысы жүзеге асырылуда. Басқарма тарапынан алдымен білімнің берілу сапасына баса назар аударылып, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтардың еңбегіне мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән беріледі. 

Педагогтардың біліктілігін арттыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Соңғы 10 жылды мысалға алып көретін болсақ, 2012-2015 жылдар аралығында 2 091 педагог (20% ғана) біліктілік арттыру курстарынан өткен. Ал 2022 жылы барлық педагогтар курспен 100% қамтылды.

Биылғы 2022-2023 оқу жылының бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша білім сапасы 57,4%-ды құрады, бұл алдыңғы жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда +6%, жылдық көрсеткішпен (2021-2022 жылы – 55,9 %) салыстырғанда +1,5% өсімді көрсетеді.

Ерекше білім алуды қажет ететін балалар үшін инклюзивті білім алуға жағдай жасаған мектептердің үлесі артып, инклюзивті білім алуға жағдайлар жасалды. 2021-2022 оқу жылында қала мектептерінде 1 091 оқушы білім алды. 486 оқушы инклюзивті, 257 оқушы үйден оқытылуда. Қаланың 57 мектебінде оқушыларға инклюзивті білім беру жүзеге асырылып отыр, үлесі 91,9%-ды құрайды.

Соңғы 6 жылда қажетті мамандарды даярлауға Атырау облысы әкімінің жергілікті бюджеті есебінен 1 026 гранты бөлінді. Осы жылы 2017, 2018 жылдардағы 533 грант иегерлері бітірді.

Білім сапасын арттыру мақсатында «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ қолдауымен 2021 жылы «Атырау облысында білім беруді дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы» жобасы жүзеге асты. 

Олимпиадалар мен ғылыми жобалар т.б. байқаулардың нәтижесі туралы сөз қозғай кетсек артық болмас. Себебі білім сапасының бір көрсеткіші оқушылардың пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, әр түрлі бағыттағы байқауларда жеңіске жетуімен айқындалады. 2021-2022 оқу жылында Атырау облысының командасы республикалық кезеңде үздік үштікке енді. Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 100 үздік мектеп рейтингісінен ІІ орынды, ал «Білім-Инновация» лицей-интернаттары арасынан абсолютті І орынды иеленді. Облыста 95 оқушы халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары атанды.

Облыс бойынша үш ауысыммен оқытатын мектептер – тек Атырау қаласында (№2 ОМ, №3 ОМ, №16 ОМ, №17 ОМ, №18 ОМ, №22 ОМ, №24 ОМ, №32 ОМ, №39 ОМ, Т. Амандосов атындағы орта мектебі, Еркінқала ОМ). 

Мектептерді үш ауысыммен оқытудың негізгі себептері қала мектептерінде оқитын балалар санының жыл сайын артуы, яғни демографиялық өсуі, көші-қон және орыс сыныптарда сабақ беретін мұғалімдердің жетіспеушілігі.

2022 жылы Еркінқала-2 ауылында 600 балаға арналған, Тасқала-2 ауылында 600 оқушыға арналған мектептерінің құрылысын салу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыстар басталды. Осы мектептер пайдалануға берілгеннен кейін Т. Амандосов атындағы мектептің, Еркінқала орта мектебінің және №32 орта мектебінің үш ауысыммен оқыту мәселесі шешілетін болады.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Атырау қаласының Нұрсая шағын ауданында 2 000 балаға арналған және Сары-Арқа шағын ауданында 2 000 оқушыға арналған «BINOM ATYRAU» мектептерінің құрылысы жүргізілуде, пайдалануға берілген кезде Атырау қаласының №2, №3, №16, №17 орта мектептеріндегі тапшылық мәселесін шешеді.

Сонымен қатар №3, №16, №17 орта мектептердің жанынан әрқайысысы 250 балаға арналған 3 жапсаржайдың құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда.

Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдарда Атырау қаласы Жұлдыз-2 шағын ауданында 900 орындық орта мектептің құрылысын салу жоспарланған, ол мектеп пайдалануға берілгенде №39 орта мектептегі үш ауысыммен оқыту мәселесін шешетін болады, сонымен қатар Атырау қаласы Водниково шағын ауданында 900 орындық және Атырау қаласы Ақжар-2 ауылында 1 200 орындық орта мектептердің құрылысын салу жоспарлануда. Осы мектептердің құрылысын іске асыру нәтижесінде 2025 жылға дейін апатты және үш аусыммен мектептердің мәселесі шешімін табады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Атырау облысында 2022 жылдың 3-тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады. 23 739 жаңа жұмыс орны ашылды (оның ішінде 14 670 – тұрақты, 9 069 – уақытша). Биыл 10 айда облыстың Жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс мәселесі бойынша 28 510 адам хабарласып, оның ішінен 13 963-і немесе 49%-ы жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 8 495 адам тұрақты жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына 396 адам, жастар практикасына 796 жастар, қоғамдық жұмыстарға 4 132 адам, алғашқы жұмыс орындарына 100 адам және 3-і өткен жылғы жалғастырушылар, «Ұрпақтар келісім-шарты» жобасымен 19 адам және «Күміс жас» жобасы бойынша 22 адам орналастырылды.

Осы жылдың басынан нақты жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша және мекемелердің жұмыс орындарында қысқа мерзімді оқу курстарына жергілікті бюджет есебінен 918 адамды (59,5 млн теңге) және «ТеңізШеврОйл» мекемесінің қаражаты есебінен 1 000 адамды оқыту жоспарланды. Онлайн skills арқылы 855 адам, қысқа мерзімді курстарда 429 адам, оның 257-і «ТеңізШеврОйл» мекемесі арқылы және «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне 2 346 адам оқытылды. Кәсіптік бағдарлаумен 12 453 жұмыссыз қамтылды. 552 адам мемлекеттік грант алды. Статистика департаментінің мәліметі бойынша 2022 жылғы 3-тоқсанда облыста жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды (ҚР – 4,9%) құрады.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 2021 жылы ұлттық қордан 1,0 млрд теңге бөлініп, несие сомасы 668,2 млн теңгені құрайтын 57 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылып, 45 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

2022 жылдың қаңтар-қыркүйегінде орташа айлық жалақы 509 600 теңгені құрады немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125,3% болды.

Халықтың әлжуаз топтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңына сәйкес, отбасының жиынтық табысы күнкөріс деңгейінің 70% төмен тұратын отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалып төленеді. 2022 жылғы 1 қарашада5ы жағдай бойынша 1 153 отбасындағы 6 464 адамға 380,5 млн теңге АӘК тағайындалды. Оның ішінде 932 отбасындағы 5 484 адамға шартты ақшалай көмек, 283 отбасындағы 1 296 адамға шартсыз ақшалай көмек тағайындалды. АӘК-тің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде 206-сы – жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер. Олар 100,0% жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Оның ішінде 106-сы тұрақты жұмысқа, 105-і қоғамдық жұмысқа, 7-уі әлеуметтік жұмыс орындарына, 1-уі жастар практикасына жіберілді.

АӘК алатын отбасылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 1 516 балаға 77,0 млн теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді.

Бүгінгі таңда Атырау облысындағы барлық санаттағы мүгедектердің саны – 23 051 адам, оның ішінде 1-топ мүгедектері – 2 131 адам, 2-топ – 8 895 адам, 3-топ– 8 102 адам, мүгедек балалар – 3 923.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға облыстық басқармаға қарасты Облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығы, №1, №3 және №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары қызметтер көрсетеді. Жыл басынан барлығы 1 273 адамға қызмет көрсетілді. Сондай-ақ Атырау қаласында және аудандарда тұратын өзгенің көмегіне мұқтаж жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге, барлығы 568 адамға үйден қызмет көрсетілді. Облыстың 7 ауданында жыл сайын жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі күндіз болу бөлімшелерінде 142-ден астам мүгедек бала қызмет алады. 

2022 жылдың 1 қарашасына Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 13 533 мүгедектігі бар адам техникалық оңалту құралдарымен, санаториялық-курорттық қызметпен, жеке көмекші, ымдау тілі қызметтерімен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар облыста мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауды қамтамасыз ететін 53 инватакси (арнайы жабдықталған – 13, жабдықталмаған – 40) 1 449 қозғалуда қиындығы бар мүгедектерге 51 865 тасымал жасады.

Жыл басынан бері халықтың әлжуаз топтарына көмек көрсету мақсатында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, үйде қызмет көрсету жағдайындағы қызмет алушыларға, жалғыз басты аналарға, тыл еңбек ардагерлеріне, көп балалы аналарға, барлығы 820 адамға (қаржысы 16 400,0 мың теңге) азық-түлік себеті таратылды.

2022 жыл басынан бюджет қаражаты және демеушілік көмек арқылы барлығы 6 643 адамға 128 млн 913,7 мың теңгеге көмек көрсетілді. 

Туризмді дамыту

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, облыста туризм саласын жан-жақты дамытуға үлкен мән берілуде. Мемлекет басшысы Атырау облысы жұртшылығымен кездесу барысында Атырау облысын дамытудың 7 басымдығын атап өтті. Солардың бірі облыстағы туризмді дамыту мәселесін көтеріп, бірнеше тапсырманы атап өткен болатын. Ендігі кезекте тапсырмаларды орындау бойынша нақты шаралар қабылданатын болады.

Атырау облысын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, туризм саласында 10,8 млрд теңгеге 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың 2 тоқсанына келуші туристердің саны – 57,741 мың (ішкі туристер – 54,5 мың адам, сыртқы – 3 153 адам). Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артып отыр (2021 ж 2-тоқсаны – 19,9 мың адам).

Туристендіру картасына республикалық деңгейде енгізілген ортағасырлық «Сарайшық» кешенін өңірдегі туризм орталықтарының бірі ретінде дамыту мақсатында бюджет есебінен «Сарайшық» визит орталығының құрылысы салынып жатыр. Қазіргі таңда Сарайшық мемориалдық кешеніне келушілердің саны жыл сайын артуда, 2022 жылдың 9 айына 15 226 турист келсе, 2021 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 2 935 болды. 

Бұған қоса, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының археологтары былтырдан бері Ұлы Жібек жолының тармақтарын зерттеп келеді. Жүйелі жұмыстар жүргізудің нәтижесінде биылдың өзінде 10-нан астам алтынордалық тұрақ табылған. Мысалы, Сарайшық елді мекенінен 20 шақырым жерде жаңадан анықталған Қарағайлы мекенінен қыш ыдыс сынықтары, сәндік әшекей бұйымдар, мыс тиындар табылды. Археологтар бұл аймақта сауда жолы бойында үлкен мекен болғанын айта келе, табылған ғимарат кесене деген пікір білдірді. Ғимарат шамамен ХІV-XVІ ғасырға, Алтын Орда кезеңіне жататыны анық байқалады. Бұл Сарайшық пен Сарай Бату, Қажы Тархан арасындағы алғашқы ірі ескерткіш саналады. 

Сонымен қатар жеке инвестиция есебінен Исатай ауданында кемпинг, Махамбет ауданында «Эльдорадо» туристік-спорттық базасы, Атырау қаласында «Керемет парк» отбасылық демалыс паркінің құрылыстары жүргізілуде. Одан бөлек жеке инвестициялар есебінен қонақ үйлер, туристік демалыс базаларының құрылыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту 

Сумен қамту. Атырау облысында ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі өзекті. Осыған орай 2022 жылы 6 ауылдық елді мекенде (Көкарна, Қаракөл, Айдын, Бүйрек, Қосқұлақ, Кенбай) су құбыры желілерінің құрылысы аяқталып, іске қосылды, 14 ауылдық елді мекенде (Аққора, Қоныстану, Қоғам, Кенбай разъезі, Соркөл, Былпылдақты, Сарқұмақ, Қоңыраулы, Бала Ораз, Атамбаев, Есмахан, Көздіқара, Томан, Қошалақ) су құбыры желілері құрылысы бойынша және су тазарту кешенді блок-модульдерін қондыру (бұдан әрі – КБМ) жұмыстары іске асырылады. 8 елді мекенде (Аққора, Қоныстану, Қоғам, Кенбай разъезі, Соркөл, Былпылдақты, Сарқұмақ, Қоңыраулы) жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, құрылысты бастау үшін қаражат қарастырылуда. 6 елді мекен (Бала Ораз, Атамбаев, Есмахан, Көздіқара, Томан, Қошалақ) бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар Атырау қаласындағы №5 сүзгі станциясын жаңғырту жұмыстары іске асырылуда.

Су бұру. Бүгінгі күнде Атырау, Құлсары қалалары және 11 елді мекен орталықтандырылған су бұрумен қамтылған. Сонымен қатар 3 кәріздік тазарту ғимараты бар, олар Атырау қаласында, Мақат және Индер кентінде. Осы жылы Атырау қаласының оң жағалауында кәріз-тазарту ғимаратына жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Газбен қамту. Қазіргі уақытта 8 ауылдық елді мекенді Исатай ауданының Қызылүй және Жасқайрат ауылдары (ұзындығы – 103,464 км), Тасқұдық, Саркөл, Сарқұмақ, Былқылдақты, Қоңыраулы, Кенбай ауылдарын (ұзындығы – 119,206 км) газбен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Атырау қаласының сол жағалауында орналасқан 11 шағын ауданды үздіксіз газбен жабдықтау үшін газ құбырының қуатын арттыру, сондай-ақ болашақта жоспарланған тұрғын үй алаптарын газдандыру үшін «Бірлік» блокты газ реттеу пункттерін қосумен «Газпроммаш-50» Орбита АГТС-тен «Интергаз Орталық Азия» магистральды газ құбырлары басқармасының №1 «Атырау» газ тарату станциясына дейін байланыстыратын жоғары қысымды газ құбыры салынып, «Финская»-120 АГТС және «Редут – АГРС «Финская»-120» магистралды бұрып апаратын газ құбырын салуға жоба әзірленуде. 

Электрмен қамту. Бүгінгі таңда 149 елді мекен электр жүйесімен қамтамасыз етілген. Өңірді сапалы электрмен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Атырау облысының 2025 жылға дейінгі электр жүктемелерін 2030 жылға дейінгі перспективалы даму сызбасы әзірленуде. «KEGOC» АҚ филиалымен өңірде энергия жүйесін жақсарту бойынша Казақстанның батыс аймағының электр желісін күшейту, Атырау, Құлсары, Теңіз, Бейнеу қосалқы станцияларын жаңғырту және Оң жағалау – Индер ВЛ-220 кВ, Л-2540 реконструкциялау жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар «Атырау Жарық» АҚ электр тарату желілері мен қосалқы подстанцияларды қайта жаңарту және жаңғырту бойынша жұмыстарды жүзеге асыруда.

Облыс бойынша электр желілерінің тозу деңгейін қалпына келтіру мақсатында облыстық бюджеттен 15 елді мекенге құрылыс жұмыстары жүзеге асырылуда. Соның 3-і іске қосылды. Бұдан басқа Нұрсая және Самал ықшам аудандарының тұтынушылары жылдан-жылға ұлғаюына байланысты қосымша қосалқы станция құрылысы үшін ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдары іске асырылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу