Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды

Сейсенбі, 04 Мамыр 2021, 19:50:43

Шығыс Қазақстан облысы 2020 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің оң өсу динамикасын көрсетті. Мәселен, облыс бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда 100,9% құрады.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 101,5%-ға, өңдеу өнеркәсібінің өндірісі – 101,0%-ға, ауыл шаруашылығы – 102,6%-ға, инвестициялар – 112,0%-ға, құрылыс жұмыстары 126,8%-ға өсті. 117,4% өсіммен 519,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 101,7% өсіммен 90,5 мың бірлікті құрады.

Нақты сектордағы оң нәтижелер әлеуметтік сала көрсеткіштеріне әсер етті. Халықтың ақшалай табыстары 11,3%-ға, орташа айлық жалақы – 18,3%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 11,4%-ға ұлғайды.


Экономикалық белсенділікті қалпына келтіру шаралары

Шығыс Қазақстан облысында сыртқы сын-тегеуріндердің салдарын бәсеңдету үшін шағын және орта бизнесті, АӨК-ні қолдауға, инфрақұрылымды дамытуға, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ халық табысының төмендеуіне жол бермеуге бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды:

  • «Ақ-Ниет» жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы бойынша салалық шектеулер жойылып, бөлшек сауда субъектілерін кредиттеу қамтылды, кредиттің ең жоғары сомасы 50 млн теңгені құрады;

  • өңірлік тұрақтандыру қорын толықтыруға қосымша 800 млн теңге бағытталды;

  • көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарына Павлодар МХЗ орташа нарық бағасы бойынша 63,5 мың тонна дизель отынын бөлді, оның ішінде көктемгі дала жұмыстарына – 30,5 мың тонна, егін жинау жұмыстарына – 26 мың тонна, кептіруге – 7 мың тонна бөлінді. Дала жұмыстарын жүргізуге 3,9 млрд теңге сомасында несие берілді («Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы»);

  • өңірлік тұрақтандыру қорын толықтыруға қосымша 800 млн теңге бағытталды;

  • жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамытудың өзекті мәселелерін шешу үшін Жұмыспен қамтудың Жол картасы шеңберінде облыстың 819 жобасын іске асыруға 77,4 млрд теңге бөлінді, 22 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Бұдан басқа, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады.

2020 жылы жалпы несие сомасы 27,2 млрд теңгеге 1 049 жоба бойынша субсидиялау шартына қол қойылды, 1,6 млрд теңгеге субсидия төленді. 13,7 млрд теңгеге 468 жоба кепілдендірілді, кепілдік сомасы 5,6 млн теңгені құрады. 517 млн теңгеге 106 грант берілді.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бағытын іске асыру шеңберінде қалалар мен моноқалаларда микрокредит беру бойынша 2020 жылы 1,3 млрд теңгеге 137 жоба несиелендірілді.

Пандемия кезінде облыстағы ең көп зардап шеккен салалар — көлік, сауда және қызмет көрсету саласы.

Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдай жеңіл өнеркәсіпті дамытуға (жеке қорғаныс құралдарын өндіру), тауарларды, азық-түліктерді, дәрі-дәрмектерді жеткізуге серпін берді.

Бұдан басқа, облыста цифрлық технологиялар жедел енгізілуде.

Жол қозғалысының қауіпсіздігі, көлік, әлеуметтік объектілер, шұғыл және коммуналдық қызметтер, геоақпараттық жүйелер бойынша ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының кешенді, бірыңғай тәсілін қамтамасыз ететін ведомствоаралық бірыңғай ахуалдық цифрландыру орталығы жұмыс істейді.

Осының арқасында халықтың сұраныстарына жауап беру уақыты қысқартылды, азаматтардың сенімі артты.

 

Карантин кезеңінде азаматтарды әлеуметтік қолдау

2020 жылы жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеге 10 969 отбасына (52 681 адам, оның ішінде 31 821 бала) АӘК тағайындалды (оның ішінде 3 689 көп балалы отбасыға (23 393 адам, оның ішінде 17 768 бала).

Мемлекеттік әлеуметтік көмекпен 1-6 жас аралығындағы 12 135 бала қамтамасыз етілді (бұл жинақтарды 24 жеткізуші ұсынды).

2020 жылы ТЖ кезінде облыста әлеуметтік осал азаматтар қатарынан 160 млн теңгеге 470 мың адам көлемінде тегін қорғаныс маскаларымен қамтамасыз етілді.

Наурыз-мамыр және шілде-тамыз айларында 5 567 теңгеден азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтар 79 716 азаматқа (АӘК алатын 6-18 жастағы балаларға; 1, 2 және 3 топтағы мүгедектерге; 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға; халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздарға) республикалық бюджет есебінен 1 735 млн теңгеге ұсынылды.


«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ облыстық филиалының мәліметтеріне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемді проактивті режимде қоса алғанда, жалпы сомасы 30,7 млрд теңгеге 452 359 адам, оның ішінде ТЖ кезеңінде – 20,8 млрд теңге сомасына 296 485 адам, шектеу шаралары кезеңінде – 9,9 млрд теңге сомасына 155 874 адам алды.

2020 жылдың екінші тоқсанынан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау пандемияға байланысты, нысаналы аудитория арасында КВИ таралуына жол бермеу үшін автоматты түрде жүзеге асырылды, яғни ұзарту жүргізілді.

Бүгінгі күні АӘК жалпы сомасы 357,4 млн теңгеге 7 151 отбасына (34 663 адам, оның ішінде 13 219 бала) тағайындалды (оның ішінде 1 380 көп балалы отбасы (8 933 адам, оның ішінде 6 372 бала).

Әлеуметтік кепілдендірілген көмекпен 1-6 жас аралығындағы 8 651 бала қамтамасыз етілді.

 

Облыс өнеркәсібін дамытудың 2020 жылғы қорытындылары

2020 жылы 2 539,1 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл 2019 жылғы деңгейден 385,4 млрд теңгеге (2019 жылы – 2 153,7 млрд теңге) артық, НКИ – 101,5%.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің негізгі өсімі құрамында алтын бар концентраттарды өндіруді 19,3%-ға, тазартылған алтын өндіруді 27,7%-ға, жеңіл жолаушылар автомобильдерін өндіруді 7,2%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіру 596,8 млрд теңгені құрады, өсу қарқыны – 124,0% (НКИ – 103,2%).

2020 жылдың 12 айында өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 116,8% өсу қарқынымен 1822,9 млрд теңгені құрады, НКИ – 101% (2019 ж. 12 ай – 1560,2 млрд теңге).

Өңдеу өнеркәсібінің өсуі металлургия саласы өнімдері өндірісінің ұлғаюымен қамтамасыз етілді.

Металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1273,9 млрд теңге сомасына өнім өндірді, өсу қарқыны – 122,3% (НКИ – 101,2%).

Сонымен қатар, өсу байқалады:

- автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер шығарудың (НКИ – 111,0%) ұлғаюы есебінен машина жасауда (НКИ-115,7%);

- ағаш өңдеу өнімдері өндірісінде (НКИ – 123,0%);

- резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде (НКИ – 112,7%);

- фармацевтика өнеркәсібінде (НКИ – 105,2%);

- өзге бейметалл минералдық өнімдер өндірісінде (НКИ – 103,2%).

 

2020 жылы облыстағы ауыл шаруашылығының даму қорытындысы

2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 686,3 млрд теңгені немесе 2019 жылдың көрсеткішіне қарағанда 116% құрады, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 102,6% құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 36,9 млрд теңгеге немесе 2019 жылғы деңгейге 121,5%-ға жетті.

Азық-түлік өнімдерінің өндірісі 148,8 млрд теңгені немесе 2019 жылғы деңгейге қарағанда 107% құрады, НКИ – 92,4%.

Тамақ өнімдері өндірісіне инвестициялар 10,7 млрд теңгені немесе 2019 жылға қарай 191,4% құрады.

2020 жылы облыста АӨК дамытуды қолдауға 30,2 млрд теңге субсидия бөлінді.

2020 жылы егіс алаңдары 1367,4 мың га немесе 2019 жылдың деңгейіне 100,5% құрады. Егіс алаңдары құрылымында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 44%, майлы дақылдар – 33%, жемшөп дақылдары – 20,5%, көкөністер – 0,6% және картоп 1,4% құрады.

Жыл қорытындысы бойынша дәнді дақылдардың жалпы түсімі 773,9 мың тоннаны (2019 жылғы деңгейге қарағанда 83,2%), майлы дақылдар түсімі – 615,7 мың тоннаны (103,2%), көкөністер – 256,0 мың тоннаны (108,6%) және картоп 435,8 мың тоннаны (102,5%) құрады.

Дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 13 ц/га (2019 жылы – 17 ц/га), майлы дақылдардың өнімділігі – 13,8 ц/га (2019 жылы – 12,5 ц/га), картоп – 225,7 ц/га (2019 жылы - 217,8 ц/га) және көкөністер – 294,3 ц/га (2019 жылы – 283,3 ц/га) құрады.

2020 жылы тірі салмақтағы барлық ет түрлерінің өндірісі 299,4 мың тоннаға жетті немесе 2019 жылғы деңгейге 103,7% құрады, сүт – 988,9 мың тонна (103,9%), жұмыртқа – 155 млн дана (101,5%).

Ірі қара мал басының саны 4,9%-ға, жылқы – 8,1%-ға, шошқа басы 2,4%-ға ұлғайды, қой мен ешкі саны өткен жылғы деңгейде – 100,5% қалды.

Өткен жылы облыста жалпы қуаттылығы 1050 мал орнын құрайтын 4 сүт-тауар фермасы салынды. 150 басқа арналған 3 ферма қайта құрылды.

5 сүт қабылдау пункті құрылды.

Халықтан 57,2 мың тонна сүт сатып алынды, тауарлы-сүт фермалары 100,2 мың тонна сүт сатты.

Сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 87% құрады.

Бір мезгілде 7000 бас мал ұстайтын 3 бордақылау алаңы салынды. Өнеркәсіптік типтегі бір алаң - 5000 басқа.

 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру

ШҚО бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік жобалық кеңсесінің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде қаржы институттары арқылы 43,477 млрд теңге сомасына 250 жоба мақұлданды.

Екінші деңгейдегі банктер мен Аграрлық несие корпорациясы мақұлдаған жобалардың ішінен 242 жоба бойынша кәсіпкерлерге 42,6 млрд теңге сомасында қаржы қаражаты берілді.

2020 жылы «Даму» КДҚ» АҚ 22 млрд теңгеге «Altyn Shyghys» ЖШС жобасын мақұлдады.

Сондай-ақ, жалпы сомасы 10,8 млрд теңгеге 5 ірі жоба мақұлданды: «Өскемен ұн тарту комбинаты» ЖШС, «АрнаМинералс» ЖК, «Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШС, «Май» АҚ, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ.

 

Инвестициялар тарту

2020 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 714,5 млрд теңгені құрады, НКИ – 112,0%. Республикалық инвестиция көлеміндегі өңірдің үлес салмағы – 5,8%.

Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялар құрылымында кәсіпорындардың меншікті қаражаты 65,4%, республикалық бюджеттен – 7,9%, жергілікті бюджеттен – 15,5%, банк кредиттері – 1,5%, басқа да қарыз қаражаты 9,7% құрады.

Салалар бойынша инвестициялар көлемі:

  • өңдеу өнеркәсібі – 77097,5 млн тг;
  • тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру – 251204,5 млн тг;
  • көлік және қоймалау – 99041,1 млн тг;
  • жылжымайтын мүлікпен операциялар – 85008,9 млн тг;
  • электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 36538,8 млн тг;
  • құрылыс – 9415,3 млн тг;
  • білім беру – 6939,5 млн тг;
  • денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 25944,0 млн тг;
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 36920,0 млн тг.

Инвестицияларды одан әрі тарту үшін жағдай жасау мақсатында облыста Инвесторларға қызмет көрсету секторы және «бір терезе» қағидаты бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, инвестициялық портал бар. 

ШҚО Инвестициялық орталығы ашылды, ол әрбір инвестициялық жобаны және инвесторды дәлме-дәл сүйемелдеу бойынша жағдай жасауға мүмкіндік берді. Инвестор инвестициялық орталыққа жүгінген кезде жедел тәртіпте қызмет көрсету үшін жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысы ұйымдастырылды (техникалық шарттар мен басқа да рұқсат беру құжаттарын алу, мемлекеттік қолдау шаралары мен инвестициялық преференциялар бойынша консультация беру, жер учаскелерін алу және т.б.).

Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 20 мың жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 1,4 трлн теңгеге 88 инвестициялық жоба іске асырылуда. 2020 жылы 434 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 37,5 млрд теңгеге 5 жоба іске асырылды.

«ГРК МЛД» ЖШС – Қарашығын кен орнының тау-кен байыту кешенінің құрылысы. Құны – 5 млрд теңге. Жұмыс орны – 200;

 

2020 жылы ШОБ даму қорытындысы

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 90 453 бірлікті немесе 2019 жылғы деңгейге 101,7% (88 938 бірлік) құрады, 102 949 субъект тіркелді.

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте 230,1 мың адам жұмыспен қамтылған.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте ШОК субъектілері 9,1 млрд теңгеге немесе 2019 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 101,0%-ға (855,8 млрд теңге) өсіммен 864,9 млрд теңгеге өнім шығарды.

2020 жылы шағын және орта бизнес субъектілерінен 89,6 млрд теңге салық түсімдері мен төлемдері түсті, бұл 2019 жылмен (75,5 млрд теңге) салыстырғанда 14,1 млрд теңгеге немесе 18,6%-ға артық.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 2020 жылы 27,2 млрд теңге несие сомасына 1049 жоба бойынша субсидиялау шарттарына қол қойылды, 1,6 млрд теңгеге субсидия төленді. 13,7 млрд теңге несие сомасына 457 жоба кепілдік алды. Кепілдік сомасы 5,6 млрд теңгені құрады.

517,0 млн теңгеге 106 грант берілді.

 

«Нұрлы жер», «7-20-25», «Баспана» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру»

2020 жылдың қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 2019 жылдың көлеміне 117,4% өсіммен (жеткізілген жоспар – 519,3 мың м2) 519,8 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде:

233,0 мың ш.м. 35 көппәтерлі үй:

  • МБҚ есебінен 96,4 мың ш.м. 12 кредиттік үй (1 328 пәтер);
  • сатып алу құқығынсыз 39,8 мың ш. м. 9 жалға берілетін үй (548 пәтер);
  • ӘКК арқылы 30,1 мың ш. м. 3 кредиттік үй (384 пәтер);
  • жеке инвесторлар есебінен 66,7 мың ш. м. 11 коммерциялық үй (614 пәтер);
  • ЖҚЖК бойынша 7,1 мың ш.м. 37 бір қабатты жалға берілетін үй (74 пәтер);
  • жеке инвесторлар есебінен 36,6 мың ш.м. 206 бір қабатты үй (382 пәтер), кейіннен көп балалы отбасылар үшін сатып алумен;
  • 227,4 мың ш. м. – ЖТҚ халық есебінен;
  • 15,7 мың ш.м. – өзге де тұрғын үйлер.

2020 жылғы 30 желтоқсандағы жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде облыс бойынша ЕДБ 18,8 млрд теңге сомасына ипотекалық тұрғын үй қарыздарын алуға 2 045 өтінім қабылдады, оның ішінде 12,4 млрд теңге сомасына 1 345 өтінім мақұлданды.

2021 жылғы 4 ақпандағы жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде облыс бойынша ЕДБ 20 млрд теңге сомасына ипотекалық тұрғын үй қарыздарын алуға 2 176 өтінім қабылдады, оның ішінде 13,4 млрд теңге сомасына 1 444 өтінім мақұлданды.

 

«Нұрлы жол» бағдарламасының автожол жобаларын іске асыру

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы республикалық маңызы бар жолдарға 38,706 млрд теңге бөлінді, оның ішінде:

  • «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» және «Қалбатау-Майқапшағай» автомобиль жолдарын реконструкциялауға – 38,259 млрд теңге;
  • «Семей-Қайнар» автомобиль жолындағы Ащысу өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеуге – 447 млн теңге.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылы республикалық маңызы бар жолдарға 65,533 млрд теңге бөлу жоспарлануда, оның ішінде:

  • «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» және «Қалбатау-Майқапшағай» автомобиль жолдарын реконструкциялауға – 65 млрд теңге;
  • «Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары» автомобиль жолының көпірлерін күрделі жөндеуге – 532,6 млн теңге.

2020 жылы облыстағы жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейі

2020 жылы облыста 28 077 жаңа жұмыс орнын, оның ішінде тұрақты 13 600 жұмыс орнын құру жоспарланған. Іс жүзінде экономиканың түрлі салаларында 29 188 жұмыс орны немесе жоспардан 104% құрылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары – 13 863 (102%).

Еңбек делдалдығы үшін облыстың жұмыспен қамту органдарына 38 169 адам жүгінді, оның ішінде 29 003 (76,0%) жұмысқа орналастырылды. 2021 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздар саны 4 340 адамды құрады.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары 30 813 адам болды, 19 081 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 12 680 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

2020 жылы «Еңбек» бағдарламасын іске асыруға барлық қаржыландыру көздерінен 10,1 млрд теңге бөлінді.

2020 жылы техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) алу шеңберінде 1 730 білім алушы оқытуды бастады (2,5 жылға).

2020 жылы қысқа мерзімді курстарға 1 335 адам жіберілді. Оқуды 1 231 адам аяқтады, 975 адам жұмысқа орналастырылды (79,2%).

ТжКБ бойынша оқыту жоспары 2021 жылы 1 730 адамды, қысқа мерзімді оқыту бойынша 1 485 адамды құрады.

2020 ж. «Еңбек» бағдарламасы бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде:

  • кәсіпкерлік негіздеріне 1 964 адам оқытылды;
  • стартаптарға және бизнесті кеңейтуге 4,7 млрд теңге сомасына 990 микрокредит берілді;
  • бизнес-идеяларды іске асыруға 1028 млн теңге сомасына 1 852 мемлекеттік грант берілді (оның ішінде 636 – көп балалы және 239 – аз қамтылған (көп балалы емес) отбасыларға).


Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шеңберінде 2020 жылы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 10 мыңнан астам адам (947 – әлеуметтік жұмыс орындары, 1 211 – жастар практикасы бойынша, 8565 – қоғамдық жұмыстар) жұмысқа орналастырылды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде 2020 жылы Шығыс Қазақстан облысына 753 адам қоныс аударды, оның ішінде: «қандастар» – 200 адам (66 отбасы), қоныс аударушылар – 553 адам (225 отбасы).

Статистика комитетінің деректері бойынша, ШҚО-да жұмыссыздық деңгейі 2020 жылдың 3 тоқсанында 4,9% құрады (2020 жылға жоспар – 4,8%).

Жоспардың күтілетін орындалуы – 4,8% (статистикалық деректер 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2021 жылдың сәуір айының соңында жарияланады).

 

Жұмыспен қамту Жол картасын іске асыру қорытындысы

2020 жылы Жұмыспен қамту Жол картасы аясында облыста 819 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 77,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде салалар бойынша:

  • әлеуметтік – 28,1 млрд теңгеге 479 жоба;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 22,5 млрд теңгеге 98 жоба;
  • инженерлік-көлік инфрақұрылымы – 17,9 млрд теңгеге 100 жоба;
  • абаттандыру – 8,9 млрд теңгеге 142 жоба.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 77,4 млрд теңге жоспары кезінде іс жүзінде 77,3 млрд теңге немесе 99,8% игерілді.

Іске асырылып жатқан 819 жобаның 812-і аяқталды, 7 жоба 2021 жылға өтпелі.

 

Цифрландыру және инновацияларды енгізу нәтижелері

Цифрландыруды дамыту саласындағы негізгі мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген. Бағдарлама міндеттерінің бірі «Smart city» бастамасын іске асыру — қалалардың инфрақұрылымын жетілдіру есебінен азаматтар үшін қолайлы қалалар құру мақсатында жағдайларды іске асыру болып табылады.

«Smart city» бастамасын іске асыру жобасы шеңберінде ШҚО Ведомствоаралық бірыңғай ахуалдық орталығы құрылды, ол 24/7 режимінде жұмыс істейді.

1. ВБАО базасында 11 қызмет саласы, 3000 көрсеткіш, 62 кейс, 20 жүйеаралық интеграция бойынша ағындарды бірыңғай талдамалық платформаға біріктіретін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Ахуалдық орталығы жұмыс істейді.

«Ахуалдық орталық» бағдарламалық қамтылымын енгізу өңір басшылығы бақылауда ұстап отырған маңызды салалардың қызметі процесінде қалыптасатын деректер ағындарын біріктіруді және бірыңғай платформа базасында барлық қамтылатын салаларға үлкен деректерді жинауға және талдауға қабілетті өнімді құралды іске қосуды өзінің мақсаты етіп қояды.

Бағдарламалық қамтамасыз етудің негізгі функциялары: құрылымдалған және құрылымданбаған деректерді алу; деректерді қалыпқа келтіру және құрылымдау; data mining – деректерді терең талдау; деректерді ұсыну және визуализациялау.

Облыс әкімінің Ахуалдық орталығының сараптамалық платформасы базасында коронавирус инфекциясы ошақтарын оқшаулау орталығы құрылды, ол ауру адамдарды тіркеуден, олармен байланыста болған адамдарды іздеуден бастап, жұқтыру ошақтарын оқшаулауға және анықталған фактілерді пысықтауға дейінгі барлық логикалық тізбектерді біріктіреді.

Тәулік сайынғы динамикалық көрсеткіштерде «Облыстың қалалары/аудандары стационарларының қуат жағдайына және эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізудің цифрлық сервисі» енгізілді.

Бұдан басқа, осы жүйенің платформасында тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне байланыстыра отырып, географиялық орналасуы бойынша «сыни» орындарды визуализациялауға мүмкіндік беретін коронавирус инфекциясының таралуының картасы әзірленді, сондай-ақ КВИ-мен күресте басқарушылық шешімдер қабылдау, маска режимі мен санитарлық нормалардың бұзылуын анықтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын күшейту үшін сол картада әлеуметтік объектілерді (сауда үйлері, базарлар, дүкендер, дәріханалар, вокзалдар және т.б.) салуға арналған функционал құрылды.

ТЖ кезінде Ахуалдық орталық базасында құрылды:

  • автомашиналарға арналған рұқсаттамаға өтінім беру үшін Руксат.kz порталы;
  • «Сергек-блокпост», «Сергек-патруль» дерекқорлары;
  • әлеуметтік нысандар бойынша деректерді көрсетуге және талдауға арналған интерактивті цифрлық карта.

Облыс орталығының көшелерінде қауіпсіздікті арттыру мақсатында жол қозғалысы ережелерін бұзуды фотобейнетіркеу жүйесі орнатылған, оған 159 кешен, оның ішінде 74 қиылыс (888 бейнекамера) және 85 желілік учаске (340 бейнекамера) кіреді. 

Өскемен қаласында фотобейнетіркеу және бейне талдау жүйесінің жобасы шеңберінде:

  • 7 730 әкімшілік құқық бұзушылық және 144 қылмыстық қылмыс ашылды;
  • қоғамдық орындарда қылмыс 34%-ға, қала көшелерінде қылмыс 35%-ға төмендеді;
  • жол-көлік оқиғаларының үлесі ЖКО саны бойынша – 36,4%-ға, қаза тапқандар саны бойынша – үш есеге, жараланғандар саны бойынша – 38%-ға төмендеді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 534 097 987 теңге сомасына 67 924 айыппұл төленді. 2020 жылға арналған жоба шығындарының жалпы сомасы – 2 016 950 328 теңге.

Тәжірибелік пайдалану режимінде «112» Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі мен «109» ақпараттық-анықтамалық қызметі іске қосылды.

Жыл басынан бері «112» Бірыңғай диспетчерлік қызметі мен «109» қызметінде 230 мыңнан астам қоңырау қабылданды.

Бірыңғай кезекші диспетчерлік қызмет (бұдан әрі – БКДҚ) «бір терезе» қағидаты бойынша шұғыл жедел қызметтер мәселелері бойынша азаматтардан немесе ұйымдардан алынған ақпаратты жылдам және сапалы қабылдауды, өңдеуді және жеткізуді жүзеге асырады. 

«109» ақпараттық-анықтамалық қызметі (бұдан әрі – «109» ААЖ) қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің жай-күйі мәселелері бойынша «109» нөмірі бойынша жұмыс істейді.

Екі қызмет те «Диспетчерлік қызметтерді жедел басқару» бағдарламалық-аппараттық кешенінде («ДҚЖБ» БАК) 24/7 режимінде жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта шұғыл көмекке мұқтаж кез келген адам тегін және бірыңғай «112» желісіне қоңырау шалып, «бір терезе» қағидаты бойынша көмек ала алады. «112» БКДҚ 101, 102 және 103 қызметтердің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған.

«109» ААЖ-да жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіретін мәселелерді шешуі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қоғамдық қабылдауымен интеграция іске асырылды. Сондай-ақ, «109» ААЖ диспетчерлері халықты жедел ақпараттандыру үшін табиғи монополиялар субъектілерінен және ТКШ кәсіпорындарынан апаттар мен жоспарлы жұмыстар туралы ақпаратты уақтылы алады.

Сондай-ақ, «Ведомствоаралық бірыңғай ахуалдық орталық» базасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өңдеу сапасын бақылауды арттыру мақсатында өтініштерді қабылдау бойынша 11 сервисті біріктірудің Бірыңғай платформасы жұмыс істейді.

2020 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында 54 731 өтініш тіркелді, оның ішінде «109» қызметіне – 35 767 өтініш, қоғамдық қабылдау бөлмесіне 18 964 өтініш түсті.

SMS-хабарлама арқылы кері байланыс үшін сапаны бағалау жүйесінің сервисі енгізілді. 14 105 SMS-хабарлама жіберілді, 329 жауап алынды, барлығы 100% қанағаттандырылды.

Аймақтық геоақпараттық жүйе — www.vkomap.kz облыстық геоақпараттық порталы құрылды, 24 цифрлық қабаттан, 18 елді мекеннің бос жер учаскелерінің картасынан тұратын порталға 41 млн өтініш тіркелген, 95 мың пайдаланушы бар. 

2020 жылдың 19 қарашасында Мәскеуде өткен Ресей мен ТМД ESRI 26-шы конференциясында Шығыс Қазақстан облысының геопорталы ArcGIS веб-қосымшалар конкурсында 1-орынды иеленді.

Жалпы, облыстың жергілікті атқарушы органдарының қызметінде цифрлық сервистерді іске асырудың маңыздылығы атап өтілді, өйткені қазіргі заманғы технологияларды пайдалану барлық қызметтер арасында коммуникацияларды құруға мүмкіндік береді және бәсекеге қабілетті экономиканың дамуына және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға әсер етеді.

 

Өңірде білім беру жүйесін дамыту

Облыс мектептері үшін қосымша 33,7 мың бірлік компьютер сатып алынды, бұл компьютерлік техника паркін 54 мың бірлікке дейін ұлғайтты, нәтижесінде қамсыздандыру 1 компьютерге 4 оқушыны құрады (6 оқушы болды, ҚР бойынша орташа – 11).

Оқушылардың жалпы контингентінің 90%-дан астамы интернет желісіне қосылған, балалардың 6%-ы роутерлермен қамтамасыз етілген.

2020 жылы білім беру объектілерін жөндеуге алғаш рет 11 млрд теңге бағытталды, бұл өткен жылғы деңгейден 5 есе артық.

Жаңа оқу жылына 394 білім беру мекемесі, оның ішінде әрбір екінші мектеп (320 мектеп), 5 колледж, 49 балабақша жөнделді.

Білім беру нысандарын жөндеудің 70%-ы (264 бірлік) Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде орындалды.

Кәсіптік білім беру саласында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Бағдарлама шеңберінде жоспарланған 10 колледждің 5 жетекші колледжі базасында білікті кадрларды даярлау үшін базалық болатын WorldSkills стандарттары бойынша құзыреттілік орталықтары құрылып, жабдықталған. 2021 жылы тағы 5 орталық жабдықталады.

Жалпы, 2020-2021 жылдары «Жас маман» бағдарламасы бойынша ТжКБ жүйесінің мекемелерін жарақтандыруға 3 млрд теңге бағытталады, оның ішінде 1,4 млрд теңге – биыл.

Сонымен қатар қосымша Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің базасында тау-кен бейінінің құзыреттілік орталығы құрылды. KAZ Minerals компаниясының есебінен 300 млн теңгеден астам сомаға жабдықтар мен техника сатып алынды.

Сатып алынған жабдықты тиімді пайдалану мақсатында облыстың басқа колледждерінің студенттерінің құзыреттілік орталықтары базасында практикадан өту кестесі әзірленді.

Әлеуметтік серіктестермен бірлесіп бекітілген циклограммаға сәйкес мектеп түлектерін тарту мақсатында оқу орындарының кәсіптік бағдарлау жұмысы жандандырылды. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесі мектеп оқушылары арасында колледжге түсуге сұраныстың артуы болды.

Осыған байланысты жыл сайын облыс колледждері үшін мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі ұлғаюда. Егер 2018 жылы 5 825 орын бөлінсе, 2020 жылы 6 215 орын бөлінді, олар өткен жылдардағыдай 100% игерілді.

Жыл сайын облыс колледждерін 10 600 маман бітіріп шығады. Түлектердің жұмысқа орналасуы жыл сайын артып келеді. 2018 жылы 76,1%, 2019 жылы – 77,1%, 2020 жылы – 82,3% жұмысқа орналастырылды.

Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында облыста студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Колледждерге арналған 7 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде бүгінде бюджет есебінен 700 орындық 2 жатақхана ашылды, 1 064 орындық 4 жатақхана құрылысы жүргізілуде. 2021 жылы көпсалалы технологиялық колледж үшін 244 орындық жатақхана құрылысы басталады.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау бойынша шаралар қабылдануда. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау кезінде бірінші кезекте мұндай балалардың әлеуметтік мәртебесі ескеріледі.

2020 жылы облыс колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 5 571 студент оқыды. Оқу, стипендиямен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тамақ беру үшін жергілікті бюджеттен 3 180 496 млрд теңге бөлінді.

Мамандарды сапалы даярлау және жұмыс беруші кәсіпорындармен ынтымақтастық жасау бойынша қабылданып жатқан шаралар түлектердің жұмысқа орналасу пайызын арттыруға және сол арқылы экстремистік ағымдарға қосылуы ықтимал, жұмысқа орналаспаған жастардың үлесін қысқартуға мүмкіндік береді.

«Білікті маман» жобасын іске асырудың табыстылығын түлектердің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуінің 4,5 есе қысқаруы куәландырады (2017 жылғы 1800 баладан 2020 жылы 394-ке дейін). Іске асыру барысында 5 млрд теңге сомасына 1 446 грант бөлінді.

Материалдық-техникалық базаны нығайту, ауыл мектептерін оқу материалдарымен жабдықтау, ауыл мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, дарынды балаларды анықтау қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда апатты және үш ауысымды мектептер толығымен жойылды.

НЗМ стандарттары бойынша жаңа модификациядағы 250 кабинет сатып алынды. Биыл облыс мектептерінің компьютерлік паркі 33 684 бірлікке ұлғайды, осылайша 1 компьютерге оқушылар саны 6-дан 4-ке қысқарды.

Облыстың барлық 647 мектебінде ашылған АT-сыныптар жұмысын жалғастыруда.

АТ-сыныптарда тереңдетілген оқыту бағдарламасы әзірленді, оған Python жоғары деңгейлі тілінде бағдарламалау, Arduino Uno электрондық платформалары негізінде автоматтандырылған құрылғылар құру сияқты бөлімдер кірді. Бұл бағдарлама ҚР БҒМ-де сараптамадан өтті және IT-сыныптарға енгізуге келісілді. Барлық оқытушы мұғалімдер курстық дайындықтан өтті.

Тоқсан сайын ресурстық орталықтар мұғалімдерге арналған сессиялар өткізеді, олардың барысында коучингтер, дөңгелек үстелдер, әдістемелік алаңдар, мастер-кластар, семинар-практикумдар, тренингтер ұйымдастырылады.

2016 жылдан бастап «Жетекші мектептер — серіктес мектептер» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде жаңартылған білім беретін оқу бағдарламаларын енгізу бойынша мектептерге көмек пен қолдау көрсетіледі. Бүгінгі таңда облыста облыстың барлық қалалары мен аудандарында 115 жетекші мектеп жұмыс істейді, олар тіркелген 531 серіктестік мектепке «қамқорлық» жасайды.

Тиімді жұмыстың көрсеткіші 3 жыл қатарынан дәстүрлі жыл сайынғы «Үздік білім беру ұйымы» байқауында ауыл мектептері бірінші орын мен 34 млн теңге жүлде қорына ие болып отыр. Бұл қаражатқа жаңа жабдықтар сатып алынады, кітапхана қоры толықтырылады, жиһаз жаңартылады, үздік мұғалімдерге сыйақы беріледі.

Тартымды жағдай жасау мақсатында, биыл жас мамандарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алу үшін 227 педагогқа 684,9 млн теңге бөлінді. 284 мұғалімге жалпы сомасы 77,4 млн теңге көтерме жәрдемақы төленді.

Президент Жолдауын іске асыру аясында ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу бойынша өңірлік жол картасы әзірленіп, бекітілді.


2019-2020 оқу жылында облыстың 141 285 оқушысы зияткерлік олимпиадаларға, конкурстарға және ғылыми жарыстарға қатысты, оның ішінде 85 611 – ауылдық жерлердегі оқушылар (61%).

2019 жылдың желтоқсан айынан бастап облыста жас таланттар мен көшбасшыларды анықтау және дамыту бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының «Ел үміті» жобасы іске асырылуда.

«Myń bala» ұлттық зияткерлік олимпиадасы жыл сайын еліміздің үздік мектептерінде білім алуға мүмкіндік беру үшін республика бойынша ауылдық жерлерден ең қабілетті 1000 оқушыны анықтау мақсатында өткізіледі.

Ұлттық Олимпиаданың бірінші кезеңіне облыстың ауыл мектептерінің 5-6 сыныптарының 15 729 оқушысы қатысты, оның ішінде 300 оқушы республикалық кезеңге іріктеуден өтті, оның ішінде 72 оқушы жеңімпаз атанды. 6-сыныптың екі оқушысы республика бойынша ең жоғары нәтиже көрсетті және Республикалық физика-математика мектебіне (Алматы қ.) конкурссыз қабылданды, 7 оқушы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерге қабылданды.

Дарынды оқушыларды дамыту және қолдау жөніндегі барлық іс-шаралар өңірлік жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастықта өтеді, олар іс-шаралардың ғылыми-әдістемелік мазмұнының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, ғылыми консультация беруді ұйымдастыруға, сондай-ақ олимпиада резервінің құрамын іріктеу мен даярлауға жәрдемдеседі.

Бүгінгі таңда құрылған резерв құрамына түрлі пәндер бойынша 36 үздік оқушы кірді.

Жоғары оқу орындарының зертханаларында оқушылардың өз зерттеулерінің эксперименттік бөлігін тексеруге мүмкіндігі бар. Демалыс кезінде оқушылар ғылыми жарыстардың республикалық кезеңіне үнемі дайындалуда. Жобалар бойынша ғылыми консультацияны облыстың және республиканың жетекші жоғары оқу орындарының оқытушылары жүргізеді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыстың дарынды балалар командасы халықаралық және республикалық деңгейдегі зияткерлік жарыстарда соңғы үш жылда 513 медаль жеңіп алды, оның ішінде: 130 алтын, 167 күміс, 216 қола. Оның ішінде: 132 медаль халықаралық жарыстарда және 381 медаль республикалық деңгейдегі іс-шараларда. 

2020 жылы карантиндік шараларға қарамастан, облыстың дарынды оқушылары Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының құрамында халықаралық олимпиадаларға онлайн режимде қатысты.

Қорытындысы бойынша Расул Мағауин әлемнің 57 елінен оқушылар қатысқан еуропалық физикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды және Қазақстан Республикасына жалғыз алтын әкелді.

Темірлан Байболов информатика пәні бойынша 32-халықаралық олимпиадада лайықты өнер көрсетіп, республиканы таныстырған 4 қатысушының ішінен күміс медаль иегері атанды.

Алмас Ескендіров Еуропалық географиялық олимпиадада Қазақстан үшін қола медальді жеңіп алды.

2020 жылғы үлкен жетістік «Айбын-2020» республикалық әскери-патриоттық жиынында жеңіп алған облыс оқушылары құрамасының I орны болды.

Сондай-ақ Татарстан Республикасының Білім министрлігі мен ШҚО білім басқармасы арасындағы меморандум аясында ынтымақтастық орнатылды.

Онлайн режимінде қалалық және ауылдық мектептердің оқытушылары мен оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстелдер, вебинарлар, онлайн–мектептер өткізіледі. Оқушыларды олимпиадалар мен конкурстарға, стартап-жобаларға, әдістемелік әзірлемелерге дайындау бойынша тәжірибемен алмасу жұмыстары жүргізіледі.

2019 ж. желтоқсанда облыс командасы «Kazanforum.doc» VI Бүкілресейлік жоғары технологиялар форумының сырттай іріктеуінен өтті. Өскемен ө. АТ-лицейінің оқушылары ұсынған 3 үздік жоба Қазан қаласына 30 жобаның ішінен қорытынды іс-шараға қатысу үшін шақырылды. Іріктеуге Ресей Федерациясының барлық өңірінен барлығы 87 үміткер қатысты. Қазанда ұсынылған Өскемен оқушыларының жобалары халықаралық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Қосымша білім беру ұйымдарының желісі осы жылы 1 бірлікке ұлғайтылды және 114 ұйымнан тұрады. Аталған ұйымдарда балаларды қамту 116 211 баланы құрайды.

Сондай-ақ үйірмелер мен секциялардың желісі мен бейінін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда мектептерде 2 723 үйірме жұмыс істейді, оның ішінде роботты техника, бағдарламалау, бейнемонтаж, медиа-журналистика және дизайн.

Цифрландыру қоғам өмірінің барлық салаларын, оның ішінде қосымша білім беруді дамытудың ажырамас элементіне айналуда. 2019 жылы «Jastar Time» инновациялық орталығы ашылды, онда 170 оқушы 2D/3D графикасы, бағдарламалау, бейнефильмдер жасау бойынша білім алуда. Оларды оқыту үшін ЖОО-ның 7 оқытушысы тартылды.

2020 жылы «Зерек» креативті білім беру орталығы ашылды, ол түрлі салалардағы АТ-құрастыру, дизайнерлік шеберлік студиясы және «Бизнес мектебі» сияқты жаңа бағыттарды дамытуға мүмкіндік берді.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үйірмелерге тегін барады.

Басымдық балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі болып қала бермек.

2019 жылдан бастап кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен суицидтің алдын алу жөніндегі жұмысқа үкіметтік емес сектор белсенді тартылуда. «Мектеп медиациясы» және «Біздің балалар – біздің болашағымыз» атты екі облыстық жобаны іске асыруға 15 млн теңге бөлінді. Жобаларды «Медиация және құқық «Альтернатива» ҚБ және «Қоғамды ақпараттық қолдау қоры» ҚБ іске асырды.

«Медиация және құқық «Альтернатива» ҚБ оқушылары арасында жанжалды жағдайлар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Мектеп медиация қызметі» жобасы әзірленді.

Жобаның мақсаты — ата-аналар мен оқушыларды туындаған жанжалдарды шешуде медиативтік технологияларға оқыту және облыстың білім беру мекемелерінде мектеп медиациясы қызметін құру.

Қызмет жоғары сынып оқушыларынан, колледж студенттерінен, мұғалімдерден және ата-аналардан тұрады. Қызметтің үйлестірушісі — кәсіби медиатор.

Жобаны іске асыру үшін 2019 жылғы 1 ақпанда Білім басқармасы, Шығыс Қазақстан облыстық соты және «Медиация және құқық «Альтернатива» ҚБ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Атқарылған жұмыстың нәтижесі аяқталған суицид жағдайларының 33%-ға азаюы болды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар саны 12%-ға азайды.

Президенттің тапсырмасы бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерекше көңіл бөлінеді.

Облыста 2020-2021 оқу жылының басында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 15 939 бала тұрады.

Осы санаттағы балаларды оқыту үшін жағдай жасау мақсатында жалпы білім беретін мектептерде 2018-2020 жылдарға арналған инклюзивті білім беруді дамыту бағдарламасы іске асырылуда.

Бағдарлама 4 бастаманы қарастырады. Оны іске асыруға жалпы облыстық бюджеттен 3 жыл ішінде 530,4 млн теңге бөлінді.

Бағдарлама аясында мектепке дейінгі мекемелердің 1600 мұғалімі мен тәрбиешілері курстық дайындықтан өтті. 38 мектеп пен 5 қосымша білім беру ұйымдарының ғимараттары тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың мұқтаждықтарына бейімделді, бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға басқалармен теңдей үйірмелер мен секцияларға баруға мүмкіндік берді.

Инклюзияны қолдау бойынша 68 кабинет, оның ішінде «Қамқорлық» республикалық бастамасы аясында 2 кабинет жабдықталған.

Семей қаласында, Шемонаиха, Тарбағатай және Аягөз аудандарында төрт өңірде психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін ашу қажеттілігі мәселесі шешілді.

Бағдарламаны іске асыруға бюджет қаражатынан басқа «Дара», «Болашақ», «НИЕТ ВУМЕН» секілді қорлардың бюджеттен тыс қаражатынан 70 млн теңге тартылды.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар білім алатын барлық мектептерде инклюзивті оқыту үшін арнайы жағдайлар жасалған.

Халықты әлеуметтік қолдау мемлекеттік саясаттың басты басымдығы болып қала береді. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 48 мың баланың барлығы мектеп формасымен және аяқ киіммен қамтамасыз етілді. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі төлемнен 3 764 баланың ата-аналары босатылды.

Бүгінгі күні облыста 2 922 спорт секциясында 127 691 бала айналысады, бұл 66% құрайды. Балалардың спортпен шұғылдануы үшін 646 білім беру ұйымында 755 спорт алаңы, 568 футбол алаңы, 4 жүзу бассейні және 279 мектепте шаңғы базасы бар. Облыстың білім беру ұйымдарының спорттық заттармен қамтамасыз етілуі 75,6%-ды құрайды. Облыс оқушыларына арналған білім беру ұйымдарындағы барлық спорттық секциялар тегін жұмыс істейді.

Облыс оқушылары шаңғы спорты, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, футбол, хоккей, армрестлинг, күрес бойынша жарыстарға белсенді қатысады.

Мысалы, волейболдан облыстың құрама командасы Қазан қаласында ТМД елдері арасында өткен VII халықаралық мектеп спорты фестивалінде жалпы командалық есепте ІІ орын алды.

Жалпы алғанда, облыстың жас спортшылары 2019-2020 оқу жылында халықаралық және республикалық спорттық жарыстарда жалпы командалық есепте 34 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 6 алтын, 11 күміс және 17 қола.

Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің толыққанды демалысын, сауықтырылуын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым міндеттерінің бірі.


2019-2020 оқу жылында облыста 1-10 сынып оқушыларының контингенті 176 578 адамды құрады.

2020 жылы жазғы демалыспен және сауықтырумен 990 балалар лагерінде оқушылардың 160 165 немесе 99,8% қамту жоспарланған болатын.

Облыстың аудандары мен қалаларының әкімдері жазғы кезеңде балалардың демалысын ұйымдастыру үшін қажетті шаралар қабылдады.

Қала сыртындағы барлық 35 лагерьде жөндеу жұмыстары жүргізілді, лагерьлер жұмыс істеген барлық кезеңде дезинфекциялау құралдарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасылардың барлық балаларын (48 244) әртүрлі деңгейдегі жазғы қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде сауықтыру және демалыспен қамту жоспарланған болатын.

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мұғалімдерді қашықтан білім беруге оқытуды жоспарлап отыр.

2020 жылғы 20-24 шілдеден бастап 64 тәжірибелі мұғалім жаттықтырушы ретінде «қашықтан оқыту әдістері мен құралдары» тақырыбында онлайн-курстан өтеді (36 сағат). Бұл жаттықтырушылар әріптестерін оқу жылы басталғанға дейін оқыта алады.

2020 жылғы 27 шілде мен 31 тамыз аралығында осы тақырып бойынша облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 1000-нан астам мұғалімі курстардан өтеді.

2020 жылғы 27 шілде мен 31 тамыз аралығында осы тақырып бойынша облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 1000-нан астам мұғалімі курстардан өтеді.

Облыстың 20 389 мұғаліміне арналған «Қашықтан оқытуға үйрету» педагогикалық шеберлік орталығының 40 сағаттық асинхронды онлайн-курстарын тегін платформада өткізу алгоритмі әзірленді. Бұл курста алдымен мұғалімдер мен негізгі пәндер әдіскерлері, содан кейін психологтар, логопедтер және басқа да мұғалімдер оқытылады. Олар Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2020 жылғы 24-29 тамыз аралығында оқыту кестесі негізінде жүргізіледі.

Сондай-ақ Педагогикалық шеберлік орталығы ата-аналар үшін мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылын жақсарту және қашықтан оқыту кезінде ата-аналар мен оқушылар үшін стресстік жағдайларды азайту мақсатында «бақытты ата-ана — табысты бала» онлайн-курс бағдарламасын дайындады. Курстар ата-аналар мен оқушылар оқитын оқу жылына дейін және оның барысында тегін платформада асинхронды түрде өтеді.

ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы қашықтан оқыту технологияларын қолданудағы озық тәжірибені тарату бойынша жұмысты жалғастыруда: әдістемелік ұсынымдар банкі толықтырылуда (2000-нан астам мұғалімнің тәжірибесі зерделенді, үздік әдістемелік ұсынымдар ШҚО білім басқармасының порталында орналастырылды).

Сонымен қатар белсенді педагогтар халықаралық форумдар мен конференцияларға қатысады, онда қашықтан оқыту технологияларының үздік идеялары мен тәжірибесімен алмасады. Жазғы кезеңде «Пәндік-әдістемелік кеңістік: қайта жүктеу уақыты» халықаралық форумы, «Қызметтегі және сабақтардағы зерттеулер: білім беру ұйымдарында тәжірибені енгізу» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды.

ШҚО «Шығыс» ҚБ сараптамалық кеңесі оқу жылының басына дейін қашықтан оқыту технологияларын енгізу тәжірибесі туралы 3000-нан астам мұғалімнің авторлық материалдарын қарастырады. Үздік авторлық материалдар «Білім беру ұйымдарында қашықтан технологияларды енгізу» жинағына енеді және Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының білім беру порталына орналастырылады.

 

Денсаулық сақтау жүйесін дамыту

КВИ емдеу хаттамасына сәйкес реанимациялық төсектермен жабдықтау 51,4% (319 төсек) құрайды. ҚР денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төменгі стандарты – 93,3%.

Облыстың медициналық ұйымдары:

  • 57 гемодинамикалық монитормен;
  • 50 инфузиялық сорғымен;
  • 165 перфузормен;
  • 200 көп функциялы кереуетпен;
  • 3 ЭКМО-мен жабдықталған.

Көлік медицинасын дамыту үшін тағы 6, 10 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды, бұл әрбір ауданды/қаланы қамтамасыз етеді.

Талдау нәтижелері бойынша жабдықтар келесідей бөлінді:

  • қалалық медициналық ұйымдарға – 35%, аудандық медициналық ұйымдарға – 65%.

Облыстың медициналық ұйымдарында:

  • перфузорлар – 203;
  • инфузоматтар – 159;
  • гемодинамикалық модулі және пульсоксиметрі бар мониторлар – 141;
  • 168 сараптамалық класты ӨЖЖ аппараттары сатып алынды.

2021 жылғы 3 ақпаннан бастап Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай:

  • облыс аумағында барлығы 20 470 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 13 981 жағдай (68%), симптомсыз формада 6 489 жағдай (32%). Сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1498,7 құрады (республикалық көрсеткіш – 1023,7);

  • 03.02.2021 ж. тәулігіне КВИ 63 жағдайы тіркелді, оның ішінде 48 (76%) – симптоматикалық және 15 (24%) – симптомсыз вирус тасымалдаушылар;

  • 03.02.2021 ж. тәулік ішінде Covid-19 (пневмония) сәйкестендірілмеген 1 жағдай тіркелді, оның ішінде Тарбағатай ауданында – 1;

  • 2020 жылдың 1 тамызынан бастап барлығы 1 631 жағдай тіркелді, оның ішінде Өскемен қаласында - 445, Семей қаласында – 265, Аягөз қаласында – 69, Бесқарағай ауданында – 42, Бородулиха ауданында – 8, Глубокое ауданында – 156, Жарма ауданында – 66, Зайсан ауданында – 70, Алтай ауданында – 139, Катонқарағай ауданында – 15, Көкпекті ауданында -16, Курчатов қаласында – 40, Күршім ауданында – 27, Риддер қ. – 45, Тарбағатай – 56, Ұлан – 62, Үржар – 33, Шемонаиха – 77.

Төсек қорының (инфекциялық және провизорлық стационар) жүктелу пайызы 5,0%-ды құрады. Облыс бойынша репродуктивтік санның орташа мәні 1,283 құрады (республикалық көрсеткіш – 0,955).

Барлық инфекциялық төсектер – 3544, емдеуге жатқызылғандар – 189(5,3%) және карантиндік төсектер – 490, емдеуге жатқызылғандар – 14 (2,9%).

Сауығуына байланысты инфекциялық стационардан, оның ішінде 11 017 ковидті пневмониямен шығарылды, 6 223 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды. Сауыққандардың жалпы саны ‒ 17 240 пациент.

Халыққа үйде, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (МӘМ) медициналық қызметтер кешенін көрсету үшін МСАК ұйымдарының жанынан мобильді әмбебап бригадаларды ұйымдастыру, оның ішінде дәрілік заттарды жеткізу.

Жедел жәрдем жұмысын күшейту үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі – АМСК) ұйымдарында COVID-19-ды жоққа шығармайтын респираторлық ауру белгілері бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін 421 мобильді бригада (қалаларда ‒ 135, аудандарда ‒ 286) ұйымдастырылды, бұл 3 323 адамға 1 бригаданы құрайды.

Бір рет қолданылатын маскалар – 4 744 095 дана, бір рет қолданылатын костюмдер – 221 069 дана, көп рет қолданылатын костюмдер – 30 007 дана, №95 респираторлар – 611 046 дана, бір рет қолданылатын қолғаптар – 965 116 дана, тігістер – 27 285 дана, көзілдірік ‒ 5 160 904 дана.

Қазақстан Республикасының аумағына автосаяхаттап келген адамдарға қатысты іс-шаралар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясы ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 23.10.2020 ж. №59 Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына (және оның өзгерістерімен ‒ МГҚБ 64, 65) сәйкес жүргізіледі.

Санитарлық-карантиндік бақылау жүзеге асырылады:

  • «Ауыл» және «Уба» автоөткізгіштерінде — ШҚО СЭК департаментінің мамандары (ауысымды 2 адам/тәулік бойы);
  • «Бақты» автоөткізуінде ‒ ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары.

Жыл басынан бері шекарадан 6 841 адам өтті, оның ішінде ҚР азаматтары – 4 427, шетелдіктер – 2 414, көлік бірлігі – 3 958, жаяу жүргінші – 1 849.

Соңғы тәулікте шекарадан 334 адам өтті, оның ішінде ҚР азаматтары – 231, шетелдіктер – 103. көлік бірлігі – 231, жаяу жүргінші – 59.

Автоөтпе жолдарда термометрия, шекарадан өтетін адамдарға сауалнама жүргізу және оларда 72 сағат әрекет ету мерзімімен коронавирус инфекциясына ПТР зерттеу нәтижелері бар анықтаманың (бұдан әрі – анықтама) болуын бақылау жүргізіледі):

Өзімен бірге анықтамасы жоқ шетел азаматтарының саны – 66 адам, оның ішінде соңғы тәулікте – 1 адам. Барлығы ҚР аумағына кіруге (қайтаруға) жіберілмейді.

Шекарадан өткен және ПТР талдау нәтижелерімен анықтамасы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының саны (оның ішінде ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар соларға теңестірілген адамдар) – 3 429 адам, оның ішінде соңғы тәулікте ‒ 112 адам.

Шекарадан өткен және ПТР талдау нәтижелері туралы анықтамасы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары (оның ішінде ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар соларға теңестірілген адамдар) 223 адам есепке алынды, оның ішінде соңғы тәулікте ‒ 5 адам, бұл адамдар коронавирус инфекциясын тексеру және оның нәтижелерін алу үшін 3 тәулікке карантиндік стационарға жіберілді.

 Шекарадан өтті:

  • транзиттік жүргізушілер/транзиттік жолаушылар – 201/0, оның ішінде соңғы тәулікте – 15/0;
  • екіжақты тәртіпте тасымал жасайтын жүргізушілер саны – 2 988 адам, оның ішінде соңғы тәулікте ‒ 202 адам.
  • оның ішінде 1 677 адам тексерілді.

 

Әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту

«ТКШ жаңғырту» бағдарламасы 2011 жылдан бастап жүргізілуде, 2011-2015 жылдар кезеңінде республикалық бюджеттен 2 451,3 млн теңге бөлінді.

2011-2019 жылдары республикалық бюджеттен берілетін трансферттер мен қайтарымды қаражат есебінен жалпы сомасы 2 989,3 млн теңгеге 317 КПТҮ күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 2 451,3 млн теңгеге 268 КПТҮ қамтылды, қайтарымды қаражат есебінен 538 млн теңгеге 49 КПТҮ жөнделді.

2015-2020 жылдары республикалық, облыстық бюджеттерден жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінген жоқ.

2020 жылғы қаңтардан бастап мемлекеттік бағдарламаның әрекет етуін жалғастыру 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен бекітілген.

2020 жылы қайтарымды қаражат есебінен жөндеу жұмыстарының жалпы құны 239,6 млн теңге болатын 13 кондоминиум объектісіне (Өскемен қаласы) жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Осылайша, осы бағдарламаның қолданылу кезеңінде жалпы сомасы 3 228,9 млн теңгеге 330 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
14 Мамыр 2021, 18:36
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:33
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
14 Мамыр 2021, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №306 Қаулысы
14 Мамыр 2021, 17:27
А. Мамин Дүниежүзілік банктің вице-президенті А. Бьердемен кездесті 
14 Мамыр 2021, 17:24
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьердемен онлайн жүйесінде сөйлесті
14 Мамыр 2021, 17:17
Қазақстан Президенті Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі қабылдады
14 Мамыр 2021, 16:46
Бұқаралық спортты, ішкі туризмді дамыту және Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары — А. Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жұмысы туралы
14 Мамыр 2021, 16:02
А. Мамин Финляндияның сыртқы сауда министрі В. Скиннаримен кездесті 
14 Мамыр 2021, 15:12
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар пакеті іске асырылады
14 Мамыр 2021, 12:44
Үкіметте азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде кеңес өтті
13 Мамыр 2021, 19:47
Мемлекет басшысы ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады
13 Мамыр 2021, 17:51
А. Мамин «Orano» француз атом компаниясының басшысы К. Имовенмен кездесті
13 Мамыр 2021, 17:22
Мобильді қосымшалар, байланыс және интернет сапасы, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету — Қазақстанда цифрландыру қалай дамуда
13 Мамыр 2021, 12:30
Қ. Тоқаев жер қатынастары туралы ҚР Заңына қол қойды
12 Мамыр 2021, 18:44
Марат Сұлтанғазиев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 18:20
Қанат Баеділов қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
12 Мамыр 2021, 18:12
Әли Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
12 Мамыр 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №296 Қаулысы
12 Мамыр 2021, 13:42
Қазақстанның машина жасау саласы 120,6% деңгейіндегі тұрақты өсімін көрсетті — Б. Атамқұлов
12 Мамыр 2021, 13:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.05.2021
12 Мамыр 2021, 13:04
2024 жылға қарай ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуі 100%-ға дейін жеткізіледі — Б. Сұлтанов
12 Мамыр 2021, 12:38
Қазақстанда іскерлік белсенділік индексінің өсуі екінші ай қатарынан сақталып отыр — Ұлттық Банк
12 Мамыр 2021, 12:33
2021 жылдың І тоқсанында Қазақстанда 18 млрд м³ астам газ өндірілді — Н. Ноғаев
12 Мамыр 2021, 10:38
Қазақстанда экономиканың өсу құрылымында сапалы өзгерістер байқалады — ҚР ҰЭМ
12 Мамыр 2021, 10:28
2021 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 3%-ға ұлғайды — С. Омаров
12 Мамыр 2021, 09:55
2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасы өсу траекториясына шықты
11 Мамыр 2021, 20:02
Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады
11 Мамыр 2021, 17:54
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
11 Мамыр 2021, 16:29
12 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Мамыр 2021, 14:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №286 Қаулысы
11 Мамыр 2021, 10:13
Үкіметте криптоиндустрия мен блокчейн технологияларын дамыту мәселесі қаралды
09 Мамыр 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №111
09 Мамыр 2021, 08:10
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
07 Мамыр 2021, 13:13
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
07 Мамыр 2021, 08:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
06 Мамыр 2021, 15:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №285 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:11
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №281 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:06
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №238 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №280 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №275 Қаулысы
06 Мамыр 2021, 14:54
Қ. Тоқаев әскерилерге, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне жоғары әскери және арнаулы атақтар берді
06 Мамыр 2021, 14:33
Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту
05 Мамыр 2021, 20:11
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
05 Мамыр 2021, 20:05
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қабылдады
05 Мамыр 2021, 20:02
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Мамыр 2021, 19:59
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:55
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
04 Мамыр 2021, 19:50
Экономикалық өсімді қалпына келтіру шаралары, мектептер салу және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту — ШҚО-да 2020 жылы қандай жобалар іске асырылды
04 Мамыр 2021, 19:32
Мирас Дәуленов ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
04 Мамыр 2021, 19:29
Серік Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.