Инвестициялар тарту, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын құру — Батыс Қазақстан облысының 2020 жылғы дамуы

Батыс Қазақстан облысында 2020 жылдың қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң серпіні сақталып отыр. Жыл бойы облыс өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылым құру бойынша негізгі жобаларды іске асырды. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсандағы негізгі көрсеткіштер туралы шолу материалынан оқыңыздар.

 

Облыстың 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы қандай?

Батыс Қазақстан облысының үлесіне елдің жалпы ішкі өнімінің 4,2%-ы және өнеркәсіптік өндірістің 7%-ы тиесілі.

Облыстың өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі 1,9 трлн теңгені құрады (2020 жылдың 9 айындағы деректер), өсім – 0,1%.

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің 3,7%-ға, оның ішінде тау-кен өндірісі саласында 4,8%-ға өсім қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде 4,5%-ға төмендеу байқалады, бұл Ресей Федерациясындағы тапсырыс берушілерден сұраныстың төмендеуіне және пандемия кезінде кәсіпорындардың шығындарын оңтайландыруға байланысты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 176,4 млрд теңгені құрады немесе 0,3%-ға өсті.

9,1% өсіммен 529 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

ИИДМБ үшінші бесжылдығы аясында 803 тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 173,3 млрд теңгеге 13 жоба іске асырылуда, 2020 жылы құны 4,9 млрд теңге болатын 4 жоба іске қосылды.

Жыл қорытындысы бойынша облысқа 468 млрд теңге сомасында немесе 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне 78,4% инвестиция тартылды. Оның ішінде сыртқы инвестициялардың үлесі – 58%.

Шетелдік инвестицияларды тартумен жалпы құны 1,9 трлн теңге болатын 8 ірі жоба іске асырылуда.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 200,3 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-желтоқсандағы деңгейден 3,2%-ға аз. Төмендеу климаттық жағдайларға байланысты өсімдік шаруашылығының жалпы өнімінің 11,6%-ға азаюына байланысты.

Шектеу карантиндік шараларына және бөлшек тауар айналымының НКИ субъектілерінің қызметін тоқтата тұруға байланысты 98,7%, көлік қызметтері 74% құрады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджетке 109,3 млрд теңге немесе болжамға сәйкес 110,8% және 2019 жылдың деңгейіне 120,1% түсті.

Орташа айлық жалақы өсті. 2020 жылдың 3-тоқсанында 190,4 мың тг құрады, 2019 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейіне қарағанда 7,2%-ға өсті. Нақты жалақы индексі – 100,8%. 

Республика бойынша облысқа ет бағытындағы ІҚМ 21% келеді. 

Ірі қара мал басы 10,0%-ға, ұсақ мал басы 5,1%-ға, жылқы басы 15,7%-ға, ет өндірісі 2,7%-ға, сүт өндірісі 0,2%-ға ұлғайды.

Агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамытуға бағытталған 9,4 млрд теңгеге 3 жоба пайдалануға берілді. 8,6 мың басқа арналған тоқтап тұрған бордақылау алаңын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ 4 мың бас ІҚМ арналған 2 бордақылау алаңы мен 500 бас жылқы және 1 сүт-тауар фермасының құрылысы жүргізілуде.

2020 жылы 2 мың тоннадан астам ет экспортталды (Ресей, Армения, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан).

Биыл бюджеттік инвестициялардың 1,8 есе өсімі қамтамасыз етілді (96,5 млрд теңге).

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында ауылда 73 тұрғын үй және 8 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, барлығы 1490 отбасы пәтер алды. Тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның 14 жобасы іске асырылды. 

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жолдарды салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге 40,4 млрд теңге бағытталды. Ұзындығы 436 км жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде облыстық және аудандық маңызы бар 192 км жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауылдарды сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. 23 сумен жабдықтау нысаны пайдалануға берілді, 25 мың адам ауыз сумен қамтамасыз етілді. Ауыз сумен қамтамасыз ету 2019 жылғы 86,5%-дан 2020 жылы 88%-ға дейін ұлғайды.

Бүгінгі таңда облыс халқының газбен қамтамасыз етілуі 97,2%-ды құрайды. 2020 жылы 21 АЕМ (6,2 мың адам) қамтумен газбен жабдықтаудың 4 жобасы іске асырылды. 

3 мектептің, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды, 4 мектеп және 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр.

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 7 ауылдық елді мекенде 5 жоба іске асырылды. 5 мектепке, 35,2 км автожолға, 7,1 км су құбыры желісіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Пандемия кезінде денсаулық сақтау жүйесі қалай дамыды?

Облыста коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында дайындық жұмыстары жүргізілді, құрамында облыстық денсаулық сақтау басқармасының, облыстық және қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, облыстық полиция департаментінің және шекара қызметінің өкілдері бар өңірлік комиссия облыс аумағында COVID-19 пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылдау мақсатында құрылды.

Наурыз-желтоқсан айларында барлығы 3564 млн теңге төленді, оның ішінде 2276 дәрігерге, 7814 орта медициналық персоналға, 2964 кіші персоналға, 1307 жедел және шұғыл жәрдем жүргізушілеріне төленді. 

Пандемияның жаңа толқынына дайындықты қамтамасыз ету аясында 2008 резервтік төсек-орын (1233 инфекциялық, 775 карантиндік) дайындалды, тұмауға қарсы вакциналардың 67 мың дозасы сатып алынды.

Бүгінгі күні 67 мың адамға вакцина салынды (100%).

200 төсектік модульді жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, 50 бірлік ӨЖЖ аппараты сатып алынды, аудандық ауруханалар үшін РБ арқылы 9 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. ЖСТ және ЖБ арқылы қосымша 7 цифрлық рентген-аппараты, 61 перфузор, 15 ӨЖЖ аппараты, 49 инфузомат, 47 пациент мониторы сатып алынды.

Емханалар жанынан 124 мобильді бригада құрылды, соның нәтижесінде жедел жәрдемге шақырту саны күніне 1100-ден 700-ге дейін 1,5 есеге азайды. Жедел медициналық жәрдем станциясына 37 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынып, жеткізілді. Сондай-ақ 2021 жылы тағы 20 автокөлік жеткізуге келісім-шарт жасалып жатыр.

Бұдан басқа, 100 мың тұрғынға шаққандағы коронавирус инфекциясына тестілеу көлемін ұлғайту және оның деңгейін өңірлер бөлінісінде теңестіру бойынша шаралар қабылданды. Бүгінгі күні облыс бойынша қуаттылығы тәулігіне 5 210 зерттеуге дейін құрайтын 12 зертхана жұмыс істейді.

Облыс емханаларында сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін емхананың жұмысы және коронавирус инфекциясына қатысты мәселелер жөнінде ахуал орталықтары жұмыс істейді. Ахуал орталықтарының жұмыс істеуі мобильді бригадалардың уақытылы шығуын, сондай-ақ жедел жәрдем шақыруларын азайтуды, пациенттердің «осында және қазір» қағидаты бойынша мәселелерін шешуді, консультациялық көмек көрсетуді, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етті.

Облыстың медициналық ұйымдарында коронавирус инфекциясымен күресу үшін дәрілік заттардың екі айлық азаймайтын қоры бар. Облыстың көтерме сауда қоймаларында коронавирус инфекциясынан емдеуге арналған қажетті дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры бар.

Дәріханалардың көтерме қоймалары мен бөлшек сауда желілері бойынша күн сайын облыс дәріханаларында дәрілік заттардың болуы туралы онлайн режимде мониторинг жүргізіледі, онда күн сайын фармацевттер мобильді қосымша арқылы дәрілік заттардың қалдықтары мен бағаларын толтырады, олар кейіннен www.stopcovid.kz сайтына орналастырылады. 

2020 жылы денсаулық сақтау саласының бюджеті 63 536 341 мың теңгені құрады.

Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту шеңберінде 830 бірлік медициналық жабдық, лизинг шеңберінде 37 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынды. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында 1,1 млрд теңге сомасына 14 денсаулық сақтау жобасына күрделі жөндеу жүргізілді. Ауыл халқына медициналық көмек көрсету үшін республикалық бюджет қаражатынан 9 жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) сатып алынды.

Денсаулық сақтау саласында 15 мыңнан астам адамның жалақысы көтерілді, оның ішінде сұранысқа аса ие дәрігер мамандықтары бойынша 134 745 теңгеден 175 169 теңгеге дейін, жалақысы төмен қызметкерлерге – 108 580 теңгеден 141 154 теңгеге дейін, кіші қызметкерлерге – 48 861 теңгеден 63 520 теңгеге дейін.

МЖӘ аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің 4 жобасы іске асырылуда.

Барлық МСАК ұйымдарында 4 нозология бойынша ауруларды басқару бағдарламасы (АББ) енгізілді. АББ тіркелімінде 34 805 пациент немесе барлық диспансерлік науқастардың 42% тіркелген.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілерінің «қадамдық қолжетімділік» жобасы шеңберінде облыста жалпы практика дәрігерлерінің 393 учаскесі жұмыс істейді. 1 жалпы практика дәрігеріне халық саны 1681 адамды құрады.

Облыс бойынша халықты тегін дәрілік (амбулаториялық) қамтамасыз ету алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының жанындағы 31 дәріхана пункті арқылы, оның ішінде 18 ауылда жүзеге асырылады. 150 649 адам қамтамасыз етілді.

Облыстың денсаулық сақтау жүйесінде 1768 дәрігер және 6505 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. 2020 жылы облысқа 119 жас маман келді, оның 54-і ауылдық жерлерге жіберілді. 

Кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында келесі іс-шаралар қолға алынған: Enbek.kz порталында облыстың барлық медициналық ұйымдары жергілікті атқарушы органдар ұсынатын әлеуметтік қолдау шараларын көрсете отырып, өзекті бос жұмыс орындар туралы ақпаратты орналастырды, облыстың ауылдық аудандарына жұмысқа орналасқан жас мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.

Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерлеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау ережесі негізінде бюджет қаражаты есебінен ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқан әрбір маманға 1 млн теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеу көзделген.

Қазіргі уақытта жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада 9 маман оқыды, 19 резидент маман 2021 жылы облыстың медициналық ұйымдарына келеді.

Облыстың медициналық ұйымдарында 4 ақпараттық жүйе (МАЖ) енгізілді: «KazMed» медициналық ақпараттық жүйесі, «АДИС» жедел медициналық көмекті басқарудың автоматтандырылған жүйесі, «ДамуМед» КМАЖ, «Авиценна» МАЖ. 

Бүгінгі күні 350 (91%) медициналық мекеме (386-дан) интернет желісіне қосылған. Бұл ретте шалғай шекаралас аудандардың 36 денсаулық сақтау объектісінің (барлық объектілердің 9%) (медициналық пункттер) интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мақсатында 280 түсіндіру кездесулері, бұқаралық іс-шаралар – 17, телебағдарламалар – 140, радиохабарлар – 95 өткізілді. МӘМС бойынша ақпарат денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында және медициналық ұйымдардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылған.

 

2020 жылы аймақта экономикалық белсенділікті қалпына келтіру үшін қандай шаралар қолданылды?

Жалпы, дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға 52,8 млрд теңге бюджет қаражаты бағытталды: ЖҚЖК іске асыруға – 33,3 млрд теңге, БЖК – 0,8 млрд теңге, «Ауыл – Ел бесігі» – 3,1 млрд теңге, АӨК субсидиялауға – 3,9 млрд теңге, «Еңбек» өнімді жұмыспен қамту бағдарламасының іс-шараларына және мемлекеттік әлеуметтік пакетті төлеуге – 3 млрд теңге, салық жүктемесінің төмендеуіне байланысты шығындарды өтеуге – 7,1 млрд теңге, коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеуге – 1 млрд теңге, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйақы беруге – 0,1 млрд тг, басқаларына – 0,5 млрд тг бағытталды.

Дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде Жұмыспен қамту жол картасы бойынша 172 инфрақұрылымдық жобаның 152-сі аяқталды, 7954 жұмыс орны құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 3321 адам жұмысқа орналастырылды. Жобалар аяқталғаннан кейін 255 тұрақты жұмыс орны құрылды.

2020 жылы кәсіпкерлікті қолдауға 8,5 млрд теңге бағытталды. Бизнестің жол картасы бойынша 14,1 млрд теңге несие сомасына 212 субсидиялау шартына қол қойылды.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша 4,4 млрд теңгеге 1113 шағын несие берілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 24,9 млрд теңге жалпы кредит сомасына (өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларының субъектілері) 240 жоба мақұлданды.

Мемлекеттік бағдарламалар құралдарынан басқа, пандемияның теріс салдарын азайту мақсатында бизнесті қолдау үшін бірқатар кешенді шаралар қабылданды: 12 мыңнан астам кәсіпкер салық жеңілдіктерін алды, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кредиттер бойынша 200-ге жуық кәсіпорынның төлемі уақытша тоқтатылды, кредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий енгізілді, кредиттер бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру енгізілді. 

Дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде салықтар бойынша кейінге қалдыруға рұқсат берілді, кредиттер бойынша төлемдерді 3 айдан 6 айға дейін кейінге қалдыру ұсынылды.

Салықтық ынталандыруға қатысты БҚО бойынша 12 мыңнан астам компания қамтылды, бұл кәсіпкерлерге жалпы 6 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер үшін айналым қаражатын толықтыруға жалпы сомасы 600 млрд теңгеге жеңілдетілген кредит берудің жаңа бағдарламасы іске асырыла бастады.

ҚР Үкіметі жарияланған төтенше жағдайға байланысты облыс үшін «БЖК» іске асыруға қосымша 1 132,6 млн теңге бөлді, оның ішінде субсидиялауға 487,8 млн теңге, кепілдендіруге 329,3 млн теңге бағытталды. 

«БЖК» бағдарламасына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда: қарыз алушы үшін БЖК 2025 мөлшерлемесін 6%-ға дейін төмендету, БЖК-2025 салалық шектеулерін алып тастау, қалаларда кредит сомасын 2,5 млрд теңгеден 7 млрд теңгеге дейін ұлғайту, кепілдік беру сомасын ұлғайту.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында «қарапайым заттар экономикасы» жобасын жариялау және ілгерілету бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр.

Жобалық кеңсе құрылды, ол бизнес жобаларды бизнес-жоспарды әзірлеу сатысынан қаржыландыруға дейін сүйемелдеуді қарастырады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша «қарапайым заттар экономикасы» жобасы шеңберінде 24,9 млрд теңге сомасына 240 жоба мақұлданды. Сонымен қатар пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бөлігінде жалпы несие сомасы 6,7 млрд тг болатын 13 жаңа жобаға қол қойылды.

Облыс бойынша осы тетіктің негізгі әлеуетті қатысушылары — өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету саласының кәсіпорындары.

 

2020 жылы халықты әлеуметтік қолдау бойынша қандай жұмыстар жүргізілді? 

Биыл елімізде енгізілген жалпы ТЖ-ға байланысты, Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы уақытша табыссыз қалған Батыс Қазақстан облысының 397 мыңнан астам азаматы 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек алды, оның ішінде 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында 160 786 адам 6,8 млрд теңге, 16 сәуір мен 10 мамыр аралығында 90 331 адам 3,8 млрд теңге көлемінде, 5 шілде мен 16 тамыз аралығында 77 771 адам 3,3 млрд теңге көлемінде, сондай-ақ, шектеу шараларына байланысты тамыз айының соңына дейін 68 658 адам 1,5 млрд теңге сомасына әлеуметтік көмек алды.

Сонымен қатар халыққа әлеуметтік қолдау көрсету бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша:

  • атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 5 167 отбасыға, оның ішінде 24 735 адамға, оның ішінде көп балалы отбасыларға (1260), оның ішінде 5 658 балаға берілді. АӘК 1 809 млн теңге көлемінде төленді;

Еңбекке қабілетті АӘК алушылар қатарынан 7 103 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды: тұрақты жұмыс орындарына – 657 адам, қоғамдық жұмыстарға – 930, әлеуметтік жұмыс орындарына – 20, жастар практикасына – 34 адам жұмысқа орналастырылды, 18 адам қайта даярлаудан өтті, 3 кредит, 390 грант берілді.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер — АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға, 5 068 балаға 355,1 млн теңге сомасында ұсынылды.

  • 2 044 отбасыға 49,1 млн теңгеге тұрғын үй көмегі көрсетілді;
  • үйде оқитын мүгедек балаларға, 452 отбасыға 36 млн теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді;
  • азаматтардың жекелеген санаттарына, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша 27 048 отбасыға 1 099,7 млн теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға өмірлік қиын жағдайдан шығу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ олардың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында «Отбасы» орталығы ашылды.

Орталық құқықтық, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық мәселелер бойынша, сондай-ақ білім беру, бизнес жүргізу саласында ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау көрсетеді.

Ашылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін орталыққа 658 адам жүгінген. 107 адамға психологтың көмегі көрсетілді, әлеуметтік мәселелер бойынша 416 адам жүгінді, 135 адам заңгерлік кеңес алды. Қызмет көрсету кезінде 238 бала орталықтың тәрбиешілерімен қамтылды.

Орталық тұрақты негізде түрлі іс-шаралар өткізеді, олардың ішінде дөңгелек үстелдер, мастер-кластар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, тікелей эфирлер, психологиялық тренингтер бар.

«Отбасы» орталығында өткізілген дөңгелек үстелдер мен іс-шаралардың жалпы саны 31 құрады, оған 263 адам қатысты.

Барлығы 14 мастер-класс ұйымдастырылды. Оған 70 адам қатысты, оның ішінде 3 адам өз ісін бастады.

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы Орал қаласының түрлі ұйымдарымен 5 меморандумға қол қойылды.

321 келушіге e-Gov порталы арқылы түрлі анықтамалар мен ЭЦҚ алуға көмек көрсетілді.

Карантиндік және шектеу іс-шаралары кезеңінде (наурыз-мамыр, шілде-тамыз айлары) халықтың кейбір санаттары (АӘК алушылар қатарынан алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, барлық жастағы бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздар) азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз етілді. Көмек алушылардың саны 41 982 адамды құрады, 945,9 млн теңге төленді.

Биыл облыста енгізілген карантиндік және шектеу іс-шараларын ескере отырып, әлеуметтік осал санаттағы 37 168 отбасыға 231,4 млн теңге сомасына қайырымдылық көмек көрсетілді.

Әлеуметтік бағдарламалар және аудандық, қалалық жұмыспен қамту бөлімдерінің мәліметтері бойынша 2 029 отбасыға 53 млн теңге сомасына қаржылық көмек, 9 175 отбасыға 78,7 млн теңге сомасына азық-түлік жиынтығымен қамту, 16 901 отбасыға 7,1 млн теңге сомасына гигиеналық құралдармен (маскалар, дәрі-дәрмектер, тұрмыстық химия), 9 063 отбасыға 92,6 млн теңге сомасына басқа да көмек түрлері (балаларды қашықтан оқыту үшін «Отау ТВ» приставкалары мен смартфондар сатып алу және т. б.) ұсынылды.

Сонымен қатар «Біз біргеміз!» акциясы аясында 29 198 отбасыға Birgemiz қоғамдық қорының қаражатынан 1,5 млрд теңгеге 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

 

Өңір басшылығы халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту бойынша қандай шаралар қабылдады? 

«Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамту шараларымен 30032 адам қамтылып, 24549 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа 13422 адам орналасты.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық, кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» 1-бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді оқытумен 1117 адам қамтылды.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2-бағыты бойынша 4380 млн теңге көлемінде 1113 кредит берілді. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 2034 мемлекеттік грант берілді, олар мынадай мақсаттарға берілді: 57% – ұсақ мал мен ІҚМ дамытуға, 18,9% – құс шаруашылығын дамытуға, 24,1% – кәсіпкерліктің басқа түрлеріне берілді. Сонымен қатар «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 1219 адам оқытылды.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» 3-бағыты аясында уақытша жұмыспен қамту шараларымен 11127 адам қамтылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 836 адам, жастар практикасына 1870 адам, қоғамдық жұмыстарға 8418 адам, алғашқы жұмыс орындарына 2 адам жіберілді.

2020 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 5%-ды, 15-28 жас аралығындағы жастар жұмыссыздығының деңгейі 4%-ды, әйелдер жұмыссыздығының деңгейі 5,2%-ды құрады.

2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында облыс бойынша 172 жоба іске асырылды, оның ішінде 67 – әлеуметтік-мәдени объектілер, 17 – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобалар, 55 – инженерлік-көліктік инфрақұрылым саласындағы жобалар, 33 – елді мекендерді абаттандыру саласындағы жобалар.

Бұл жобаларды іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен жұмыссыз жастарға басымдық бере отырып, халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыскерлерді жалдаудың кемінде 50%-ын қамтамасыз ете отырып, 9 мыңға жуық жұмыс орнын құра отырып, 33,3 млрд теңге бөлінді.

Жыл қорытындысы бойынша нысандарда 8 мыңға жуық жұмыс орны құрылды, оның ішінде 1,1 мыңын жастар құрайды.

 

2020 жылы өңірдің шағын және орта бизнесі қалай дамыды? 

Шағын және орта бизнесті дамыту облыс экономикасының драйвері болып табылады, облыстың жалпы өңірлік өнімінде (ЖӨӨ) ШОБ үлесі 32,4% құрайды.

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны 43 мың бірлікті құрайды, бұл 2019 жылғы тиісті кезеңнен 0,6%-ға артық.

2020 жылдың 3 тоқсанында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 108,3 мың адамды құрады, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға төмен. Тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) 882,8 млрд теңгеге немесе 2019 жылдың тиісті кезеңінен 30,1%-ға кем өндірілді.

2020 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен қосымша 817 млн теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша Бағдарлама шеңберінде 700-ден астам кәсіпкерге жалпы сомасы 2,9 млрд теңгеге қолдау көрсетілді. 477 жұмыс орны құрылды.

Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетігі бойынша 14,1 млрд теңге несие сомасына 212 жоба мақұлданды. Кредиттерді ішінара кепілдендіру бөлігінде жалпы сомасы 12,3 млрд теңге болатын 396 шартқа қол қойылды. Сондай-ақ жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін жалпы сомасы 336 млн теңгеге 80 гранттық жоба қолдау тапты, оның ішінде жас кәсіпкерлерге арналған сомасы 89 млн теңгеге 22 гранттық жоба.

Салалық құрылымда негізгі үлес өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде және сауда, көлік, медициналық қызметтер саласында іске асырылатын жобаларға тиесілі.

 

2020 жылы облыс өнеркәсібін дамытудың қорытындысы қандай?

2020 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өнім 1 822,6 млрд теңгеге, оның ішінде тау-кен өндірісі және өңдеу салаларында — тиісінше 1 552 және 205,8 млрд теңгеге өндірілді. 

Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 103,7%-ды құрады. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі КСШ өндіру көлемінің, атап айтқанда табиғи газды 6,8%-ға, газ конденсатын 6,9%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. 

Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету мақсатында облыста бірқатар ірі жобалар іске асырылуда, оның ішінде көмірсутекті шикізатты (КСШ) өндіру көлемін арттыруға бағытталған, олар мұнай өндірудің тиімділігін оңтайландыруға және арттыруға мүмкіндік береді, бұл ретте өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштерді сақтап, жақсартады және қоршаған ортаға әсерді барынша төмендетеді.

Газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау жобасы бойынша ҚӨК-да құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру 2021 жылдың сәуір айына жоспарланған. 

Аталған жоба шикі газдың қосымша көлемін жылына 4 млрд текше метрге дейін өңдеуге мүмкіндік береді. Газдың бұл көлемдері сұйық көмірсутектерді өндіру деңгейін барынша арттыру үшін қабатқа кері айдау үшін пайдаланылатын болады, өндірудің қосымша өсімі шамамен 10 млн тоннаны құрайды.

Газды кері айдаудың 4-ші компрессорының құрылысын Қазақстан-Италия консорциумы жүргізуде. Осы жоба шеңберінде негізгі жабдықты (компрессорды) орнату жұмыстары аяқталды. Қосымша жабдықтар мен қосалқы нысандардың құрылыс-монтаж жұмыстары (ҚМЖ) жүргізілуде. Қазіргі уақытта ҚМЖ 77% орындалды. Нысанды осы жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарланған.

Осы жобаны іске асыру қабатқа айдалатын газ көлемін ұлғайтуға, сол арқылы көмірсутек шикізатын өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 

Қарашығанақты кеңейту жобасы бойынша 1-кезең базалық жобалау жұмыстары аяқталды. Құрылыс жұмыстарын биыл бастау жоспарланып отыр. Жоба Қарашығанақ кен орнындағы өндіру сөресін қол жеткізілген деңгейде сақтауға мүмкіндік беретін шикі газды дайындау және кері айдау қуаттарын ұлғайтуды көздейді. 

Аталған жобаларды іске асыру машина жасау, құрылыс индустриясы, дайын металл бұйымдарын өндіру саласы сияқты өнеркәсіптің басқа да ілеспе салаларының, сондай-ақ инвестициялар көлемін ұлғайтуға ықпал ететін болады.

Өңдеу өнеркәсібі саласында 2020 жылдың қорытындысы бойынша 205,8 млрд теңгеге немесе 95,5% өнім өндірілді, бұл санитариялық жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шараларға орай карантинге байланысты РФ-тегі тапсырыс берушілерден сұраныстың төмендеуіне байланысты. 

Есепті кезеңде өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібі саласының үлесі 11,2%-ды құрады.

Өңдеуші өнеркәсіп құрылымындағы неғұрлым көп үлесті тамақ өнімдерін өндіру (38,2%) және машина жасау (21,1%) алады.

Сонымен қатар соңғы 5 жылда өңдеу өнеркәсібі саласында өндіріс көлемінің 1,9 есе өсуі қамтамасыз етілгенін атап өту қажет.

Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында 2020 жылы Көлік құралдарын ұлттық деңгейде өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың жаңа ережелері әзірленіп, бекітілді, осыған байланысты облыс әкімдігінің қолдауымен 2020 жылғы 25 желтоқсанда «Уральскагрореммаш» АҚ-мен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау мақсатында 2020 жылы олардың жүктемесін ұлғайту есебінен ОПК кәсіпорындарының базасында тапсырыстарды орналастыру бойынша мәселелер шешілді. Атап айтқанда, жалпы сомасы 9,7 млрд теңгеге катерлерді, корабльдерді салуға және оларға техникалық қызмет көрсетуге және оқ-дәрілерді жеткізуге 14 шарт жасалды.

 

2020 жылы облыстың ауыл шаруашылығын дамытудың қорытындысы қандай?

2020 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға бюджеттен 20,4 млрд теңге бөлінді, бұл 2019 жылдан 29,1%-ға артық.

Сондай-ақ «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаржы ұйымдары 21,3 млрд теңге кредиттік ресурстар берді.

2020 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 1 845,5 мың теңгені құрады, өнімділік индексі 125,3%-ды құрады.

2020 жылы ауыл шаруашылығына 24 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2019 жылғы деңгейден 1,5 есеге артық.

Бұдан басқа, тамақ өнімдері өндірісіне 1,3 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2019 жылдан 4,4%-ға артық.

2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 96,8%-ды құрады.

2020 жылы өсімдік шаруашылығында егіс алқабы 547,6 мың га құрады, бұл 2019 жылғы деңгейден 25 мың га артық.

Дәнді дақылдардың жалпы түсімі 292,3 мың тонна астықты құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 20,7%-ға артық, майлы дақылдардың жалпы түсімі 63,1 мың тоннаны құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 23,8%-ға аз, картоптың жалпы түсімі 64,3 мың тоннаны немесе 2019 жылғы деңгейден 0,3%-ға аз, көкөніс-бақша дақылдарының жалпы түсімі 76,8 мың тоннаны құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 9,2%-ға аз.

Мал шаруашылығында ІҚМ басының 10%-ға, қойдың 4,9%-ға, ешкінің 6,2%-ға, жылқының 15,7%-ға және түйенің 6,5%-ға өсуі байқалады.

Сонымен қатар шошқа басының 18,8%-ға, құстың 3,8%-ға төмендеуі байқалады.

2020 жылы тірі салмақта ет өндіру өсімі 2,7%-ды, сүт өндіру 0,2%-ды, жұмыртқа 4,1%-ды құрады.

2020 жылы 2 000 тоннадан астам ет экспортталды.

2020 жылы жалпы сомасы 6,9 млрд теңгеге 2 ірі инвестициялық жоба іске асырылды:

біріншісі — жылына 3 000 тонна көкөніс өндіретін жылыжай кешені;

екіншісі — Орал қаласындағы тері өңдеу цехы.

 

Инвестиция тарту бойынша қандай жұмыстар атқарылды?

2020 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 21,6%-ға төмендеп, 467,5 млрд теңгені құрады. Негізінен төмендеу тау-кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда секілді салаларда байқалады. Өсім ауыл шаруашылығында 2 ірі жылыжай мен сүт-тауар фермасын іске асыру салдарынан байқалады.

2020 жылы инвесторлар кеңесінің 5 отырысы өткізілді, онда 920-дан астам тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, жалпы сомасы 45,6 млрд теңгеге 18 жоба қолдау тапты.

Сондай-ақ 2020 жылдың маусым айында «Бизнеске арналған үкімет» жобасы іске қосылды. Жоба аясында бизнесті ашу және қолдау үшін мемлекеттік қызметтердің 50-ден астам түрі көрсетіледі. Бүгінгі таңда 400-ге жуық кәсіпкерлік субъектілеріне 70-тен астам кеңес және 500-ден астам қызмет көрсетілді.

Инвестицияларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту үшін инвестициялық портал жұмыс істейді, ол invest07.gov.kz базасындағы үш тілді онлайн-платформа, онда өңір, іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар, өңірдің отандық тауар өндірушілері, инвестор үшін тауашалы жобалар, инвестициялық преференциялар, 100 ШОБ жобасы, инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары, бизнес жүргізу, инвестицияларды талап ететін жобалар, бос жер учаскелері, бос үй-жайлар туралы толық, анық және өзекті ақпарат қамтылады, олар бойынша егжей-тегжейлі мәліметтер аудандар мен Орал қаласы бөлінісінде облыстың көп қабатты инвестициялық интерактивті картасында көрсетіледі. 

Ресурс бизнесті орналастыру мүмкіндіктерін талдаудан, мемлекеттік қолдау шараларын алудан бастап, «идеядан іске асыруға дейін» қағидатын қолдана отырып, жобалардың пайдалану сатысында жедел мәселелерді шешуге дейінгі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті сервистердің толық жиынтығын ұсынады.

Бұл — қолдау құралдарының тиімділігін арттыру және инвестор үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін алаң.

Жалпы құны 2,2 трлн теңге болатын, 6500-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орындарын құратын 60 ірі және орта инвестициялық жобалардан тұратын пул құрылды.

2020 жылы АӨК, машина жасау, ақпарат және байланыс салаларында жалпы сомасы 18,7 млрд теңгеге 273 тұрақты жұмыс орнын құрумен 7 инвестициялық жоба іске қосылды.

 

Өңірде халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бағдарламалар қалай жүзеге асырылуда?

Облыста тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтар есебінде 27 855 азамат тұр, оның ішінде 10 173 отбасы халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша және 2 158 отбасы көп балалы отбасы санаты бойынша. 

2020 жылы 2 462 пәтер берілді:

1) 2020 жылы ЖАО-да кезекте тұрғандарға 130 пәтер берілді;

2) «7-20-25» желісі бойынша – 990 пәтер («7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бойынша екінші деңгейдегі банктердің филиалдары 14 550 млн теңгеге 1603 өтінім қабылдады, оның ішінде 8970 млн теңгеге 990 өтінім мақұлданды);

3) Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша – 1342 пәтер, оның ішінде «Бақытты отбасы» бағыты бойынша 293 пәтер.

2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында АЕМ-де 17 КПТҮ (2503 пәтер) және 139 тұрғын үй (474 пәтер) және 20 ИКИ нысанының құрылысы жүргізілді.

2020 жылға арналған барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 522,9 мың шаршы метрді құрады, оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен 120,1 мың шаршы метр (жалға беру – 39,1 мың шаршы метр, несиелік – 81,05 мың шаршы метр). Жыл қорытындысы бойынша 529,050 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 8 КПТҮ (1377 пәтер) және АЕМ-де 73 тұрғын үй (113 пәтер), барлығы 1490 пәтер пайдалануға берілді.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 1988 көп пәтерлі тұрғын үй (КПТҮ) бар, оның ішінде күрделі жөндеу жүргізуді талап ететіндер – 1384 үй (70%), 297 КПТҮ жөнделді.

2020 жылы республикалық бюджеттен 35 жобаны іске асыруға 458 283 мың теңге бөлінді.

Бұдан басқа, 2020 жылы ЖБ есебінен 6 КПТҮ жөндеу және 75 747 мың теңгеге қайтарымды қаражат жүргізілді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ұзындығы 436 км жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде облыстық және аудандық маңызы бар 192 км жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауылдарды сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. 23 сумен жабдықтау нысаны пайдалануға берілді, 25 мың адам ауыз сумен қамтамасыз етілді. Ауыз сумен қамтамасыз ету 2019 жылғы 86,5%-дан 2020 жылы 88%-ға дейін ұлғайды. 

Бүгінгі күні облыс халқының газбен қамтамасыз етілуі 97,2%-ды құрайды. 2020 жылы 21 АЕМ (6,2 мың адам) қамтумен 4 газбен жабдықтау жобасы іске асырылды.

3 мектептің, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды, 4 мектептің және 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.

 

«Нұрлы жол» бағдарламасының автожол жобалары қалай дамуда? 

2020 жылы Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында «Казталовка – Жәнібек – РФ шекарасы» және «Өнеге – Бисен – Сайхин» республикалық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеу жұмысы жалғасуда. 

Бөлінген 10,3 млрд теңгеге «Казталовка – Жәнібек – РФ шекарасы» және «Өнеге – Бисен – Сайхин» автожолдарындағы жұмыстар жалғастырылды. Чапаево – Жалпақтал – Казталовка – РФ шекарасы 157-192 км, ұзындығы 35 км автожол учаскесін күрделі жөндеу бойынша жұмыстар толығымен аяқталды және пайдалануға берілді. 

Бөлінген 1,8 млрд теңгеге жалпы ұзындығы 76 км «Самара – Шымкент» және «Чапаево – Жалпақтал – Казталовка – РФ шекарасы» жол учаскелеріне орташа жөндеу жүргізілді.

Аудандық маңызы бар жолдарда 112,9 км жөнделді:

  • Жайық, Алғабас, Лбищенск кенттерінің кіреберіс жолдарын күрделі жөндеу және Ақжайық ауданындағы Жаңабұлақ кентінің жолын орташа жөндеу;
  • Переметное – Цыганово, Переметное – Вечный автомобиль жолдарын, Бәйтерек ауданындағы Фурманов және Белес кенттеріне кіреберіс жолдарды, Жәнібек – Таловка – Кіші Өзен (2-27 км учаске) және Жәнібек ауданындағы Ұзынкөл ауылына кіреберіс жолды, сондай-ақ Сырым ауданындағы Тоғанас, Тасқала ауданындағы Мерей, Теректі ауданындағы Новопавловка кенттеріне кіреберіс жолдарды орташа жөндеу;

Оның ішінде 67,1 км пайдалануға берілді:

  • Ақжайық ауданының Жайық, Лбищенск кенттеріне кіреберіс жолдарын күрделі жөндеу;
  • Переметное – Цыганово автомобиль жолдарын, Бәйтерек ауданындағы Достық және Белес кенттеріне кіреберіс жолдарды, Жәнібек ауданындағы Ұзынкөл ауылына кіреберіс жолды, сондай-ақ Тасқала ауданындағы Мерей, Теректі ауданындағы Новопавловка кенттеріне кіреберіс жолдарды орташа жөндеу.

2020 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдар үлесінің көрсеткішіне қол жеткізілді – 34%.

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының қорытындысы бойынша 2020 жылы Батыс Қазақстан облысының республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 289 км жолы жөнделді.

Көше-жол желісі бойынша 147,3 км жол жөнделді, оның ішінде:

  • Орал қаласында – 46,2 км (5,6 млрд теңге);
  • елді мекендер көшелерінің жолдары – 101,1 км (9,5 млрд теңге).

Орал қаласында КПО компаниясының қаражаты есебінен Мұнай базасы ауданында жол құбырын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Жобаның жалпы құны 5,2 млрд теңгені құрады. Нысан 2020 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында кентішілік жолдарды күрделі жөндеу бойынша 7 жоба іске асырылды.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 48 жоба жүзеге асырылды: Орал қаласында 30 жоба және облыстың 8 ауданында (Бәйтерек, Қаратөбе, Казталов, Жәнібек, Шыңғырлау, Теректі, Бөрілі, Сырым). Көше-жол желісінің 86,6 км жолы жөнделді. 2754 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 1389.

Өз кезегінде, Батыс Қазақстан облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Бауыржан Айтмағамбетов 2020 жылы облыстағы автожол саласында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы айтып берді.

 

Өңірде цифрландыруды дамыту және инновацияларды енгізу

2019 жылғы наурызда ТКШ саласындағы тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында iKomek109 Uralsk бірыңғай call-орталығы іске қосылды. Бүгінгі күні Call-орталық тәулік бойы толық режимде жұмыс істейді. Осы жобаны іске асырудың негізгі әсері – коммуналдық кәсіпорындардан ақпарат/қызметтер алу кезінде халық үшін қолайлы жағдайлар жасау, ТКШ мәселелері бойынша халықтың өтініштерін өңдеу уақытын қысқарту, халықтың көрсетілетін қызметтерге қанағаттануын арттыру. 

2020 жылдың наурызынан бастап ел бойынша ТЖ жарияланғаннан кейін Call-орталыққа қосымша функционалдар қосылды, жұмыс кеңейтілді. Қосымша операторлар қосылды, олар тұрғындарды қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес берді (әлеуметтік төлемдерді тағайындау, коммуналдық төлемдерді өтеу, тұрғындарға волонтерлік көмек көрсету, денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңес беру және т. б.), бұл өз кезегінде коронавирус инфекциясының таралу санын азайтуға, шұғыл қызметтердің жұмысын жеңілдетуге, қалыптасқан жағдай бойынша халықтың хабардарлығын арттыруға, сол арқылы облыс бойынша жағдайды реттеуге мүмкіндік берді.

Қауіпсіздік саласын цифрландыру шеңберінде 2019 жылғы 27 желтоқсанда пилоттық режимде «Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет 112» жобасы іске қосылды, оның аясында 101, 102, 103 және 112 қызметтері бірыңғай 112 нөміріне біріктірілді. 

Бұл жоба шұғыл ведомстволық қызметтерді жалған шақырулардан және консультациялық сипаттағы өтініштерден босатуға мүмкіндік береді. Осылайша, шұғыл қызметтердің тиімділігін арттыру және бюджет қаражатын үнемдеу қамтамасыз етіледі. 

2020 жылдың қорытындысы бойынша БКДҚ-112-ге барлығы 211 460 қоңырау түсті. Оның ішінде консультациялық сипаттағы қоңыраулар (және «жалған» шақырулар) 90%-дан астамын құрайды. Консультациялық сипаттағы бұл қоңырауларды БКДҚ-112 операторлары жабады, осылайша шұғыл қызметтердің жұмысын жеңілдетеді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландыру үшін Орал қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыстардың орындалуын нақты бақылау жүйесі енгізілді. Бұл жүйеге геопортал, мобильді қосымша және бірыңғай диспетчерлік қызмет кіреді. Жобаны іске асырудың негізгі әсерлері: жұмыстардың орындалуына мониторингтің ашықтығы, есептіліктің ашықтығы, қысқа мерзімді міндеттер мен жұмыстардың орындалуына бақылау. 

Әлеуметтік сала аясында да бірқатар жұмыстар атқарылды. 2020 жылдың ақпан айында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға арналған Enbek-Qoldau порталы іске қосылды. Бұл жобаның негізгі мақсаты — мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жұмысқа орналасу процесін қолдау және жеңілдету,  қолайлы жағдай жасау. Облыс бойынша базада еңбекке қабілетті 9097 мүмкіндігі шектеулі тұлға тіркелген.

2021 жылғы 8 қаңтардағы жағдай бойынша ENBEK-QOLDAU базасында 439 жұмыс беруші тіркелді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі 143 азамат жоғарыда көрсетілген база арқылы жұмысқа орналастырылды.

2020 жылдың 1 мамырынан бастап облыста халықтың әлеуметтік осал топтарымен тиімді кері байланыс орнату үшін komek07.kz мұқтаж адамдарға көмек көрсету порталы әзірленді, қайырымдылық көмек көрсетуді жүйелендіруге және автоматтандыруға мүмкіндік берген ол азаматтарға қиын өмірлік жағдайларды шешудің қарапайым құралын ұсынды, яғни бұл көмекке мұқтаж және көмек бергісі келетін азаматтардың өзара іс-қимыл алаңы.

Бүгінгі таңда порталға мұқтаж азаматтардан 1196 өтінім келіп түсті, 816 өтінім модерациядан өтті. Көмек көрсетуге ниет білдірген 146 адам тіркелді. Өтініштер бойынша барлығы 76 пікір келіп түсті. 54 өтініш бойынша 3 687 520 теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілді, 14 өтініш бойынша тамақ өнімдерімен (азық-түлік жиынтықтары) көмек көрсетілді, 8 өтініш бойынша өзге де көмек көрсетілді. 

2020 жылы коронавирус инфекциясының таралуына және облыс аумағында төтенше жағдай режимінің жариялануына байланысты жергілікті АТ компания барынша қысқа мерзімде stopcovid.kz интернет-порталын әзірледі. Осы интернет-ресурста коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары, негізгі белгілері және т. б. бойынша барлық өзекті ақпарат орналастырылған. Облыстың дәріханаларында қажетті дәрі-дәрмектерді немесе жеке қорғаныс құралдарын іздеу функциясы бар.

Сондай-ақ осы порталда Орал қаласы бойынша және блок бекеттер арқылы орын ауыстыруға рұқсат беруге өтінімді онлайн беру функциясы іске асырылды. Жаңа жүйенің негізгі артықшылықтары – өтінімдерді өңдеу процесі автоматтандырылған және рұқсат беру жылдамдығы арттырылған. Осылайша, облыс бойынша азаматтардың қозғалысын реттеу үшін бірыңғай база құрылды. 

Бұл халықты өзекті ақпаратпен қамтамасыз етуге, сол арқылы тұрғындар арасындағы шиеленісті азайтуға, қала мен облыс бойынша қозғалыс кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын арттыруға, сондай-ақ коронавирус инфекциясының таралу санын азайтуға ықпал етті.

 

Өңірде білім беру жүйесін дамытудың қорытындысы қандай? 

2020 жылдың басындағы жағдай бойынша облыста 7 үш ауысымды мектеп болды, бүгінгі таңда осындай 3 мектеп бар. Үш ауысымды мектептер саны Орал қаласындағы 450 орындық мектепті және Зачаганск кентіндегі 900 орындық мектепті пайдалануға беру есебінен төмендеді. Апатты мектептер саны 7 болды, жыл соңында 6 құрады.

2020 жылы Абай атындағы мектеп-гимназия Ақжайық ауданында пайдалануға берілді, ол 100 орындық мектеп жанындағы интернатымен 300 орындық мектеп. 

Апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешу үшін 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. 2021 жылы Казталов ауданы Жұлдыз кентінде 108 орынға арналған А. Хусайнов атындағы мектеп құрылысын бастау жоспарланған.

Апатты және үш ауысымды мектептерді жою мақсатында мектептер салу үшін жеке инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда 2 мектептің құрылысына жер телімдері алынды — құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

Қашықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында 2020 жылы 19 419 бірлік компьютерлік техника сатып алынды. Компьютерлер қашықтан оқыту кезеңінде мектептердің мұқтаж оқушыларына қайтарымды негізде берілді. Компьютерлік паркті жаңарту бір компьютерге оқушылар санын қысқартуға мүмкіндік берді, егер жыл басында 1 компьютерге 7 оқушыдан келсе, қазір 1 компьютерге 4 баладан келеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу