Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мәдени мұра, салауатты өмір салтын насихаттау, отандық туризмді қолдау — 2020 жылы ҚР мәдениет және спорт саласы қалай дамыды

Жұма, 19 Ақпан 2021, 12:19:48

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында онлайн режимде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шарада 2020 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылып, ведомствоның 2021 жылға арналған қызметінің негізгі бағыттары айқындалды.

Алқа отырысына ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, вице-министрлер: Нұрқиса Дәуешов, Сәкен Мұсайбеков және Ғабидолла Әбдірахымов, Президент Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҰҚСК мүшелері, ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары қатысты.

Алқа барысында келесі мәселелер қаралды:

- 2020 жылы ҚР мәдениет және тіл саясатын дамыту;

- дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;

- мәдениет, спорт және туризм саласындағы кәсіподақтардың қызметі;

- 2021 жылы туристік саланы дамыту;

- 2021 жылы спорт және оны дамыту саласында ұсынылған бастамалардың ағымдағы жағдайын, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ведомство қызметінің қорытындылары мен 2021 жылға негізгі бағдарлары туралы баяндады.

Министр Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауының және Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының міндеттері тұрғысынан министрлік жұмысының негізгі басымдықтарын талқылауға ерекше назар аударды. 

 

2021 жылы жоспарланған ірі халықаралық шаралардың табысты өткізілуін қамтамасыз ету қажет

Ақтоты Райымқұлова өз сөзінде 2021 жылы ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын, Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығын, кеңес және қазақ композиторы, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Халық Қаһарманы Е. Рахмадиевтің 90 жылдығын, Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығын, ҚР Халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қаршыға Ахмедьяровтың 75 жылдығын, КСРО Халық әртісі Әлібек Дінішевтің 75 жылдық мерейтойын ұйымдастырып, атап өту жоспарланып отырғанын айтты.

Министрлік алдында идеологиялық саясатты қалыптастыру және оны сапалы іске асыру, салауатты өмір салтын насихаттау мен бұқаралық спортты дамыту, туризм инфрақұрылымын дамыту, инвестициялар тарту бойынша ауқымды міндеттер тұр. Оларға қол жеткізу мақсатында заңнамалық деңгейде кешенді ұйымдастыру шаралары қабылданады, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және өзге де кешенді жоспарлар мен жол карталары шеңберінде практикалық шаралар жүзеге асырылады.

2021 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен байланысты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жалпы республикалық іс-шаралар жоспары бекітілді.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу кезінде қарбалас пен ысырапшылдыққа жол бермеу керектігін, әрбір іс-шара елге пайда әкелетін нақты қадамдармен байланысты болуы тиіс екенін атап өтті.

«Осыған байланысты, мерекелеуге идеологиялық тұрғыдан келуіміз керек, мерейтойлық іс-шараларды мәдениет, архив, спорт және туризм инфрақұрылымын дамытуға бағыттауымыз керек. Жоспардың іс-шаралары ұлттық мәдениетті ілгерілетуге, салт-дәстүрді жандандыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты, оның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағдарлануы тиіс», — деді министр.

 

Спорттық-бұқаралық іс-шаралар жыл бойы жалғасатын болады

Бұқаралық спортты, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту стратегиялық сипаттағы басым міндет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Азаматтардың салауатты өмір салты — салауатты ұлтты қалыптастырудың негізгі шарты» деп атап өтті.

Ақпан айы спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға арналып, «Қазақстан - спорттық ұлт» атауымен өтуде. Спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған спорттық-бұқаралық іс-шаралар жыл бойы жалғасатын болады.

Наурыз айы «Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мәдениетіне» арналған. Алғыс айту күніне орай «Медицина қызметкерлеріне, Ұстаздарға алғыс» ауқымды акциясымен бастап, табиғаттың жаңаруының және өмірдің жандануының, тектілік пен ізгіліктің салтанат құруының символы болып табылатын «Наурыз мейрамымен» жалғасады. 

А. Райымқұлованың айтуынша, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «Наурыз мейрамын» мерекелеудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдерін әзірледі 

Бүкіл түркі елінің орталығына айналған Түркістан қаласының халықаралық тұсаукесерімен тұспа-тұс келген мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркітілдес елдердің Саммитін өткізілу жоспарланып отыр.

«Жыл бойы түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады және өткізіледі, олардың арасында дәстүрге айналған Ұлттық домбыра күні, Астана күні, Тұңғыш Президент Күніне, Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шаралар және т. б. бар. Жалпыреспубликалық жоспарға сәйкес өңірлік іс-шаралар жоспарлары бекітіледі», — деді ведомство басшысы.

Министрліктің жоспарында шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдардың қызметін ынталандыруға, жас таланттарды, мәдениет пен өнердің, спорттың көрнекті өкілдерін қолдау шараларына, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға, халықты дене шынықтырумен және спортпен, оның ішінде ұлттық спорт түрлерімен айналысуға тартуға бағытталған іс-шаралар көзделген. 

 

2021 жылы мерейтойлық іс-шараларды өткізу игі дәстүрі жалғасын табады

«Мерейтойлық іс-шаралардың тұжырымдамалық күн тәртібі идеологиялық және ағартушылық мазмұнға толы, сондай-ақ идеологиялық-мазмұндық және сапалы іс-шараларды қамтылу керек екенін ерекше атап өткім келеді. Халықаралық мәдени кеңістікке интеграциялану, халықаралық ұйымдармен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту министрліктің басым міндеттерінің бірі болып қала береді», — деді министр.

15 ақпанда Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметі мен білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығын құру туралы келісімді ратификациялады. Осы Келісімге сәйкес Қазақстан ЮНЕСКО-ның мәдениетаралық диалог саласындағы саясатын әзірлеуге қатысуға мүмкіндік алады.

«Біздің мақсаттарымыз бен міндеттеріміз мәдениет, білім және ғылым саласындағы халықтардың ынтымақтастығын кеңейту арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға жәрдемдесудегі ЮНЕСКО-ның негізгі миссиясымен толық үндеседі. Жалпы, мәдениет және өнер саласындағы қызмет ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Мәдени саясат тұжырымдамасының міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздің тарихи-мәдени мұрасын дамыту мен насихаттауға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда», — деді министр.

Алғаш рет «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» ҚР Заңын іске асыру шеңберінде тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі келесі күнтізбелік жылдарға арналған ғылыми-реставрациялау және археологиялық жұмыстар процесі жүйеленді.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы шеңберінде еліміздің тарихи-мәдени мұрасы объектілерінің инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүргізілуде. «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы шеңберінде қазақстандық мәдениетті ілгерілету және отандық таланттарды халықаралық аренада қолдау жөніндегі жүйелі жұмыс өз жалғасын табады.

 

2021 жылы кино өндірісі саласында жаңа бюджет саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажет

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттілік пен отанға қызмет ету идеяларын дәріптейтін тарихи, деректі және көркем туындыларды, фильмдерді түсіруге ерекше назар аударылатын болады. 

«Осы орайда, 2021 жылы кинематография саласында жыл сайынғы мемлекеттік қаржыландырудың жалпы көлемінің 70%-ын тарихи, патриоттық және имидждік картиналарға, ал қалған 30%-ы мөлшеріндегі қаражатты жеке киножобаларды және жас таланттардың дебюттік фильмдерін қаржыландыруға бағыттау арқылы киноөндіріс саласында жаңа бюджеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты жандандырылады», — деді А. Райымқұлова. 

Министрдің айтуынша, сонымен қатар, кино өндірісіне жыл сайын бөлінетін мемлекеттік қаржыландырудың 100%-ынан күрделі қойылымды тарихи фильмдер шығару үшін қаражаттың кемінде 50%-ын «Қазақфильм» киностудиясына жіберуге мүмкіндік беретін норманы заңнамалық деңгейде көздеу қажет. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жақын арада Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жаңғыртудың алғашқы кезеңін сапалы жүзеге асыру керек. 

«Инженерлік желілерді жөндеу және цифрлық кешенге арналған киноөндірістік жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ кинокартиналарды көшпелі түсіру үшін автокөлік құралдарын жаңарту сияқты бірінші кезектегі заттардан бастаған жөн», — деп атап өтті министр.

 

Оқытудың инклюзивті нысандарын енгізу мәселелерін пысықтау қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің VII шақырылымдағы бірінші отырысында инклюзивті кедергісіз қоғам құрудың, инфрақұрылымдық қолжетімділікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Бұл бірінші кезекте білім беру жүйесіне қатысты.

А. Райымқұлова атап өткендей, мәдениет, өнер және спорт саласындағы білім беру ұйымдары уәкілетті органмен бірлесіп, осы жылдың өзінде оқытудың инклюзивті нысандарын енгізу, білім беру сыныптарын ашу мәселелерін пысықтау қажет.

Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың тең қолжетімділігін арттыру және әлеуетін іске асыру мақсатында ағымдағы жылы зағип және көзі нашар көретін азаматтар үшін кітапхана қорын, оның ішінде мемлекеттік тілде жыл сайын 2%-ға ұлғайту бойынша жұмысты бастау қажет.

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында оқырмандық сауаттылық деңгейін арттыруға баса назар аударды. Сондай-ақ, «жаңғыртуды және цифрландыруды қажет ететін кітапханалар бұл істе маңызды рөл атқаруы мүмкін» деп атап өтілді. Осы орайда, 2021 жылды министрлік ресми түрде «Балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы» деп жариялады. Сонымен қатар, «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау мақсатында жалпыұлттық акцияны іске қосу қажет.

 

2021 жылы жоспарланған 55 ДШСК құрылысын қамтамасыз ету қажет

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұқаралық спортты дамыту жөніндегі кешенді жоспарды одан әрі іске асыруды жалғастыру және ағымдағы жылы спортпен айналысатын азаматтардың үлесін 33%-ға дейін арттыру жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізу қажет.

«Инфрақұрылымды дамытуға, оның ішінде спорт ғимараттары желісін кеңейтуге және халықтың барлық топтары үшін қолжетімділікті арттыруға ерекше назар аудару керек. 2021 жылы жоспарланған 55 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің (ДШСК) құрылысын қамтамасыз ету арқылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 100 ДШСК құру туралы тапсырмасын сапалы орындауымыз қажет. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы орган аталған спорт нысандарының құрылыс барысын ерекше бақылауда ұстауы тиіс», — деді А. Райымқұлова. 

Сонымен қатар, мемлекеттің допингке қарсы саясатын жетілдіру мақсатында Дүниежүзілік допингке қарсы кодексін бұзушылықтарын алдын-алу жөніндегі жұмысты әрі жалғастыру және Қазақстанның допингке қарсы зертханасының аккредитациясын қалпына келтіру қажет.

Жаһандану кезеңінде Қазақстанның әлемдік спорт аренасындағы спорттық имиджін одан әрі нығайту мен ілгерілетудің, сондай-ақ халықаралық спорт қоғамдастығына кірігудің маңызы зор. Жоғары жетістіктер спорты дамуда. 

Сонымен қатар, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды спортта қолдау маңызды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, барлық спорт кешендерінде ересектер мен ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау қажет. Мемлекет паралимпиадалық қозғалысты қолдайды, спортшылардың халықаралық аренадағы жетістіктерін жоғары бағалайды және мақтан тұтады. Осы орайда, Бразилияда өтетін жазғы Сурдлимпиадалық ойындарға қатысу үшін еліміздің құрама командаларын қатысуы үшін барлық тиісті шаралар қабылдануы қажет. 

«Біздің келесі міндетіміз – мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін министрліктің, азаматтық сектор мен жергілікті атқарушы органдардың күш-жігерін шоғырландыру. Шығармашылық одақтар мемлекеттің стратегиялық серіктестері ретінде ұлттық мәдениет пен мемлекеттік идеологияның жолсерігі ретінде әрекет етуі тиіс», — деді ведомство басшысы. 

 

2021 жылы мәдениет саласында 36, спорт саласында 53 және туризм саласында 3 жобаны іске асыру жоспарлануда

Мәдениет пен спортты дамыту — мемлекеттік әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі және олардың даму индикаторлары азаматтардың өмір сүру сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі.

Осыған байланысты, өңірлерде мәдениет, спорт және туризм саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің жол картасы», «Ауыл ел бесігі» және т.б. бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыруды жалғастыру қажет. 

«2021 жылы мәдениет саласында 36 жобаны, спорт саласында 53 және туризм саласында 3 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдар көрсетілген бағдарламаларды нақтылау, түзету шеңберінде жеке инвесторларды, меценаттарды тарта отырып, жобалар санын ұлғайтуы және бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауы қажет», — деді министр.

Бұдан басқа, туризм нысандарына инфрақұрылымдар салып, бизнес үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету қажет. Бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда.

Келесі маңызды міндеттердің бірі - туристік қызметтердің экспорты мен импорты арасындағы алшақтықты азайту. «Қазақтуризм» Ұлттық компаниясы осы турөнімдердің агрегаторына айналуға тиіс.

«Осы жүргізілген барлық жұмыстың нәтижесі туризмнің ЖІӨ үлесін 5,2%-ға дейін ұлғайту болуы тиіс. Өткен жылы «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп шағын және орта бизнесті, туроператорларды қолдау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Бұл тәжірибені биылғы жылы да жалғастыру керек», — деп түйіндеді А. Райымқұлова.

 

Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасында 60 мыңнан астам электронды әдебиет бар

Вице-министр Нұрқиса Дәуешовтің айтуынша, өткен жылы күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты мәдениет саласы үшін күрделі жыл болды. Бірақ қиындықтарға қарамастан, барлық мәдени мекемелер жұмыс форматын тез және сапалы қайта құра алды.

«Пандемия кезеңінде төтенше жағдай мен шектеу шараларына қарамастан, бірде-бір мемлекеттік ұйым өз қызметін тоқтатқан жоқ. Жыл басынан бастап мемлекеттік мәдениет ұйымдары спектакль премьералары, көрмелер, концерттік іс-шаралар, конференциялар және т.б. сияқты 500-ге жуық маңызды іс-шаралар өткізді. 16 наурыздан бастап сала толығымен онлайн жұмыс форматына көшті», — деді Н. Дәуешов.

Вице-министрдің айтуынша, 75 мыңнан астам онлайн іс-шара өткізілді. Бұл халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейдегі жобалар. 

Пандемия ұлы Абай, әл-Фараби және Алтын Орданың мерейтойларын лайықты атап өтуге кедергі болмады.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған барлық іс-шаралар іргелі сипатта және жоғары деңгейде өткізілді. 

10 тамыз заңнамалық деңгейде Абай күні болып жарияланды. 2020 жылдан бастап әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығына Абай аты берілді. Шетелде Абайдың 14 мәдени орталығы ашылды. Ойшылдың еңбектері әлемнің 10 шет тіліне аударылды, «Абайтану» 10 томдығы және басқа да басылымдар жарық көрді. 

Сонымен қатар, Семей қаласының әуежайы, 14 көше мен даңғылдар, оның ішінде Тбилиси қаласындағы 6 білім беру мекемесі Абай есімімен аталды. Нұр-Сұлтан қаласында Абай академиясы ашылды. «Абай» телеарнасы іске қосылды.
Ұлы ойшылдың есімімен байланысты барлық объектілерге ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілді. Мемлекет басшысының қатысуымен «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. 

 

2020 жылы 36,4 мың мәдениет қызметкерінің жалақысы көтерілді

Өткен жылы мәдениет қызметкерлерінің жалақысы мәселесіне көп көңіл бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет және өнер ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы республикалық деңгейде 50%-ға және 35%-ға дейін өсті. Жалпы, шамамен 36,4 мың адамның жалақысы көтерліген болатын. Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы стипендиясы 240-тан 660 айлық есептік көрсеткішке дейін өсті.

 

Қазақстандық музейлер мен театрлар ТМД бойынша ТОП-5 үздіктердің қатарына енді

ҚР Президентінің Жарлығымен 5 республикалық мәдениет ұйымына «Ұлттық» мәртебесі берілді. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры мен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры ТМД елдерінің үздік опера және балет театрлары рейтингінде үздік 5 опера және балет театрларының қатарына енді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі ТМД елдерінің үздік виртуалды музейлерінің бестігіне кірді.

Сондай-ақ, вице-министр отандық кітапхана жүйесі ел азаматтарының біліктілігін арттыруда маңызды рөл атқаратынын, оқырмандарға жедел және оңтайлы қызмет көрсету үшін цифрлық технологиялар мен инновациялық әдістер енгізіліп жатқанын атап өтті. Бүгінде Қазақстанның Ұлттық электрондық кітапханасының сегменті 60 мыңнан астам әдебиеттің электрондық көшірмелерін құрайды. Кітапханалардың интернет-ресурстарын пайдаланушылар саны 1,7%-ға ұлғайып, 1,1 млн астам адамды құраған.

Кітапханалар өз оқырмандары үшін 20 мыңнан астам іс-шара өткізді. 100-ден астам халықаралық сарапшылардың қатысуымен 30 халықаралық жоба іске асырылған.

Өткен жылы мәдениет ұйымдарын, әсіресе өңірлерде салу және жөндеу мәселелеріне көп көңіл бөлінді.

«2020 жылы мәдениет саласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде өңірлерде 23,3 млрд теңге сомасына шамамен 288 инфрақұрылымдық жоба іске асырыла бастады, оның ішінде өңірлерде күрделі, ағымдағы жөндеулер, жаңа мәдениет объектілерін салу бар», — деді Н. Дәуешов.

Вице-министрдің айтуынша, бұл көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан (76), Қарағанды (47) Ақмола (37) облыстары көш бастап тұр.

 

2021 жылы ішкі туристер саны 4,5 млн адамға дейін артады — Ғ. Әбдірахымов

ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, коронавирус инфекциясының таралуына және туризм саласының ең көп зардап шеккен деп танылуына байланысты, Қазақстанда бүкіл әлеммен бірдей туризмнің жекелеген көрсеткіштерінде төмендеу байқалады.

2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша шығу туризмінде 73%-ға (2 865 мың адам) және келу туризмінде 76%-ға (2 034 мың адам) төмендеу байқалады.

Ішкі туризмде 80%-ға төмендеудің бастапқы болжамына қарамастан, уақытылы шаралар қабылдау есебінен 40%-ға (3 058,7 мың адам) дейін төмендеуді теңестіруге қол жеткізілді. Бүгінгі таңда жыл қорытындысы бойынша толық статистика әлі қалыптаспаған, бірақ ҚР МСМ бағалауы бойынша ішкі туристердің саны 3,7 млн-нан астам адамды құрайды.

Сонымен қатар, форумдарды, саммиттерді, сондай-ақ басқа да мәдени және іскерлік іс-шараларды өткізуге қойылған шектеулер есебінен ел ішінде курорттық демалыстың жандануы байқалды.

«Курорттық аймақтарда орналастыру орындарының саны шамамен 40%-ға, нөмірлік қор 1,8 есе өсті. Курорттық аймақтарда қызмет көрсетілген келушілер саны 1 млн адамнан 1,2 млн адамға дейін, ал орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі 15-тен 23 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл ретте біздің бағалауымыз бойынша жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш тиісінше 20% және 50% өсіммен 1,5 млн адамды және 27 млрд теңгені құрайды», — деді ол.

Туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 30%-ға өсіп, 614,7 млрд теңгені құрады. Құрылған жұмыс орындарының саны — 14 мың.

Ғ. Әбдірахымовтың айтуынша, 2021 жылы сырттан келушілер мен ішкі туристер санын тиісінше 3,5 және 4,5 млн адамға дейін арттыру жоспарлануда. Курорттық аймақтар бойынша демалушылар саны 2 млн адамды құрайды.

Жеке инвестицияларды тарту және туристік дестинациялардың қолжетімділігін жақсарту мақсатында қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілді.

Өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, 61 млрд теңге сомаға 52 жобаны қаржыландыру қамтамасыз етілді.

Жалпы республика бойынша туристік дестинациядан 209 км автожол, 206 км су құбыры желілері, 90,1 км электр беру желілері мен жоғары вольтты желілер, 76,2 км кәріз және нөсер желілері салынды және жөнделді, 90 км оптикалық талшық өткізілді, 396 км жаяу жүргінші жолдары жайластырылды, сондай-ақ 17-ден астам қосалқы объектілер мен ғимараттар салынды, 198 санитарлық-гигиеналық тораптар орнатылды.

«Осы жылы бұл жұмыс жалғасатын болады. Еліміздің негізгі курорттық дестинацияларында 81 млрд теңге сомасына 79 жоба іске асырылатын болады», — деп хабарлады ҚР МСМ вице-министрі.

Ғ. Әбдірахымовтың айтуынша, инфрақұрылымның болуы сапалы туристік нысандарды салу үшін инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде, өткен жылы жеке инвестициялар есебінен 92 жоба іске қосылды. Ең ірі жобалардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы «Sheraton» қонақ үйін (191 нөмір), Ақтау қаласындағы «Rixos Water World Aktau» кешенін (500 нөмір), Түркістан қаласындағы Rixos Turkistan және Hampton by Hilton қонақ үйлерін (әрқайсысы 120 нөмірге), «Promenade Burabay» көпфункционалды туристік кешенін атап өтуге болады.

Биыл инвестициялар саланы дамытудың драйверіне айналады. Инвестицияның жалпы көлемі 1,1 трлн теңге болатын 115 жобаны іске асыру жалғасады.

Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, «Rixos Water World Aktau» Орталық Азиядағы бес жұлдызды ірі кешенге айналды, ал ол ашылған сәттен бастап қонақ үйде 70 мыңнан астам турист демалды. 2021 жылы қызмет көрсетілген келушілер саны 2 еседен астамға артып, 150 мың адамды құрайды деп күтілуде.

«Каспий теңізінің Маңғыстау жағалауы жаңа нысандардың іске қосылуымен одан әрі дамитын болады. Алдағы 2-3 жылда тақырыптық ойын-сауық саябағының және $1,2 млрд инвестиция көлемімен "Fairmont", "DoubleTree by Hilton", "Movenpick Hotels and Resorts" сияқты халықаралық деңгейдегі 4-5 қонақ үйдің құрылысы жоспарланып отыр», — деді мәдениет және спорт вице-министрі.

Түркістанның туристік әлеуетін арттыру бойынша да нысаналы жұмыстар жүргізілді.

Көпшілік жиі баратын объектіде — Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде аумақты абаттандыру жүргізілді, оның шеңберінде қолөнер шеберханасы бар «Этноауыл», Шығыс базары, дәстүрлі тағамдар аймағы, ұлттық ойындар алаңы және ат алаңы құрылды.

Сондай-ақ, жаңа «Конгресс-холл», «Түркістан Арена» стадионы, амфитеатр жұмыс істейді, тарихи-сәулет үлгілері бойынша салынған, жалпы ауданы 3 мың шаршы метр шығыс моншасы ашылды.

Биыл көпфункционалды «Керуен-Сарай» туристік кешенінің құрылысы аяқталады, оған 110 нөмірлі екі премиум-класты қонақ үй, ауданы 44,1 мың шаршы метр сауда орталығы, Шығыс базары, отбасылық ойын-сауық орталығы кіреді.

Бұл нысандардың барлығы өңірдегі туристер санының артуына септігін тигізеді.

 

Шетелдік туристерді тарту жөніндегі шаралар

Шетелдік туристердің өсуін ынталандыру үшін туристік қызметті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде визалық-көші-қон процестерін ырықтандыру және елдің көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жүргізілді:

- визасыз елдердің тізімі 74-ке дейін кеңейтілді;

- 105 мемлекеттің азаматтары үшін электрондық визалар енгізілді;

- пилоттық режимде Қытай мен Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз транзит енгізілді;

- 30 күнге дейінгі мерзімге келген кезде шетелдіктерді тіркеу тоқтатылды;

- шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту басталды;

- еліміздің ірі қалаларында «OpenSky» режимі енгізілді;

Осылайша, осы жұмыс шеңберінде 20-ға жуық елмен (Катар, БАӘ, Оман, Кувейт, Бахрейн, Иордания, Малайзия, Австрия және т. б.) келіссөздер жүргізілді, оның қорытындысы бойынша Qatar Airways, Israir, Air Asia, Salam Air, Jazeera Airways, Blue Air, Turkish Airlines және т. б. шетелдік авиакомпаниялардың жаңа халықаралық бағыттарын ашуы күтілді.

Алайда, қазіргі жағдайға байланысты бұл рейстердің ашылуы әлемдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін кейінге қалдырылды.

Анықтама: қазіргі уақытта 21 бағыт бойынша 12 елге аптасына 62 рейс орындалуда (БАӘ – аптасына 16 рейс, Түркия – 11 рейс, Ресей – 6 рейс, Өзбекстан – 6 рейс, Германия – 6 рейс, Беларусь – 4 рейс, Қырғызстан – 2 рейс, Египет – 2 чартерлік рейс, Оңтүстік Корея – 2 рейс, Украина – 1 рейс, Мальдив аралдары – 4 чартерлік рейс, Шри-Ланка – 2 чартерлік рейс).

 

Қазақстанда кемпингтер мен автотуризм индустриясы дамитын болады

Маркетинг және жылжыту аясында келесі жұмыс жасалды.

«Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп экскурсия аясында оқу бағдарламаларын визуализациялай отырып, «жанды сабақтар» пилоттық жобасы іске асырылды.

ТОП-10 бағыт бойынша туристік бағыттардың бірыңғай каталогы әзірленді.

173 санаториялық-курорттық объектілердің, оның ішінде постковид оңалту бағдарламалары бар 10 санаторийдің тізілімі жасалды.

«Ішкі туризмнің онлайн академиясы» іске қосылды (үш айда 1000-нан астам пайдаланушы 6 курс бойынша оқыды).

MIKE желісі бойынша (Іскерлік туризм индустриясы саласы) алдағы 5 жылда 3000 делегатпен 5 халықаралық іс-шара өткізу құқығы алынды.

Сондай-ақ қолөнершілікті кешенді зерттеу жүргізілді және оның неғұрлым перспективалы өңірлерде (Маңғыстау, Түркістан, ШҚО, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары) даму моделі ұсынылды.

Халықаралық тәжірибе негізінде (Қытай, Испания, Швейцария) қонақ үйлерді, соқпақтарды, мұражайларды, гид-экскурсоводтарды стандарттау тетігі әзірленді.

Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша «Керуен – қазіргі заманғы көшпенділердің туризмі» экспедициясы ұйымдастырылды, оның шеңберінде елдегі кемпингтерді, керуенді және автотуризмді дамыту үшін түгендеу жүргізілді.

 

Қазақстанды әлеуметтік желілерде маркетингтік ілгерілету

Маркетингтік жылжыту аясында YouTube платформасында «Travel Kazakhstan» арнасы құрылды.

Facebook, Instagram, Telegram, YouTube ресми аккаунттарында және өңірлік туристік ақпараттық орталықтарында орналастырылған ТОП-10 дестинация туралы 10 бейнеролик түсірілді, сондай-ақ ҚР шетелдегі елшіліктеріне және облыстық әкімдіктерге жіберілді. Сонымен қатар, бейнероликтер серіктестер, блогерлер және Ресей мен Қазақстанның атақты адамдарының әлеуметтік желілерінде орналастырылды. «Хабар 24» телеарнасының эфиріне 3,2 млн астам телекөрерменді қамти отырып, «СаяхатTime» бағдарламасының 10 шығарылымы шығарылды.

Экотуризмді ілгерілету және табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау жөніндегі «мәдени туризм» жобасы іске асырылды. Интернеттегі қамту 10 млн астам адамды құрады.

Сондай-ақ, француздық French Connection Films продакшн Қазақстанның табиғатының сұлулығы туралы деректі фильмнің түсірілімін ұйымдастырды.

Instagram Facebook WeChat, Weibo, Google, Youtube, Yandex, Facebook жарнамалық құралдарын пайдалана отырып, жалпы саны 27 млн адамды қамтитын бірқатар жарнамалық науқандар өткізілді.

Жыл бойы халықаралық онлайн алаңдар сәтті қолданылды.

«KazakhTourism» ұлттық компаниясы еліміздің туристік әлеуетін дамытуға және ілгерілетуге бағытталған көптеген виртуалды көрмелер мен конференцияларға қатысты, олардың шеңберінде туроператорлармен, бизнес өкілдерімен және MICE іс-шараларын Қазақстанға тарту бойынша халықаралық іс-шаралардың әлеуетті ұйымдастырушыларымен 100-ден астам кездесу өткізілді.

Еліміздің әлемге танылуын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесі ретінде Қазақстанның бірқатар ірі ақпараттық басылымдарға саяхат жасау үшін перспективалы бағыт ретінде танылуын атап өтуге болады.

Қазақстан «LonelyPlanet» ғаламдық баспасының нұсқасы бойынша «Үздік қонақ үйлер» номинациясын жеңіп алды (LonelyPlanet.com платформасын саяхат, кеңестер мен ойын-сауық туралы ақпарат алу үшін ай сайын 13 млн адам көреді).

Француздық «Le Figaro» басылымы Қазақстанды 2021 жылы баруға ұсынылған 21 дестинация тізіміне қосты.

Британдық бэкпекерлер қоғамы (British Backpacker Society) белсенді эко-саяхаттарды ұнататындар үшін Қазақстанды 2020 жылға арналған must visit тізімінде ТОП-5 ретінде анықтады.

«TheTelegraph» Қазақстанды «қарқынды дамып келе жатқан турдестинация» ретінде атап өтті.

«The Guardian» баруға болатын ең үздік орындардың тізіміне Қазақстанды қосты.

«Kazakhstan VeryNice!» ахуалдық PR-науқаны іске асырылды. Басқа да іс-шаралармен бірге шетелдік аудиторияны жалпы қамту 1,2 млрд астам көрерменді құрады, ал Қазақстанның туристік әлеуеті туралы ақпарат кеңінен жарияланып, Голливуд жұлдыздарының парақшаларында және «NewYorkTimes», «TheGuardian», «CNN» және т.б. әлемдік БАҚ беттерінде орналастырылды. 

 

Туристік саланы цифрландыру

Пандемия саланы цифрландыру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын көрсетті.

Осыған байланысты, «Kazakhstan.travel» ұлттық туристік порталында қосымша функционалдар мен модульдер әзірленді.

Аудиторияны қазақ халқының баға жетпес бай мұрасымен, ежелгі аңыздармен және Ұлытау тарихымен, сондай-ақ Алтын Орданың сәулет ескерткіштерімен таныстыру мақсатында «Altyn Orda» модулі әзірленді.

Көші-қон режимін одан әрі жеңілдету мақсатында келетін туристер үшін «Е-қонақ» жүйесі әзірленді, онда шетелдіктер қонақ үйлерге орналасу кезінде автоматты түрде тіркеуден өтеді. Бүгінгі таңда жүйе пилоттық режимде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының 160 қонақ үйінде (4,5 жұлдыз) орнатылды. Осы жылдың соңына дейін бүкіл Қазақстан бойынша 500 қонақ үйде жүйені енгізу жоспарланып отыр.

«ViewProject» жобаларды басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі әзірленді. Бұл жүйе жобаларды іске асыру процесін бақылауға және мониторингтеуге мүмкіндік береді.

Туризм саласындағы статистиканы жинау және өңдеу бойынша статистикалық деректерді пайдаланушыға ыңғайлы түрде: графиктер, кестелер және т. б. визуализациялау мүмкіндігімен «Tourstat.kz» ақпараттық жүйесі әзірленді. 

«Қабылданған шаралар елімізді ішкі және шетелдік нарықтарда ілгерілету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарастыруға, ситуациялық маркетингті сапалы іске асыруға және елдің туристік саласын одан әрі цифрландыру үшін негіз қалауға мүмкіндік берді», — деді Ғ. Әбдірахымов.

Қазақстанда ұлттық парктердің туристік әлеуетін дамытудың озық тәжірибесі енгізілуде

Халықтың табиғат аясында демалуға деген сұранысының артуын ескере отырып, еліміздің ұлттық парктерінің туристік әлеуетін дамытудың озық тәжірибесі енгізілуде.

Экотуризмді дамыту аясында ұлттық парктерде Алматы қаласында ведомствоаралық жобалық кеңсе құрылды.

Іле-Алатау ұлттық паркінде туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жоба іске асырылуда, оған визит-орталықтар, жаяу маршруттар, глэмпингтер, тамашалау алаңдары, қоғамдық тамақтану орындары және т.б. кіреді. Алматы-Арасан шатқалындағы визит-орталықтың құрылысы аяқталды.

Алтын Емел, Шарын және Көлсай ұлттық паркі бойынша бас жоспарларды түзету және конкурстық рәсімдерді дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ұлттық парктердің деректері бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 27 млрд теңгені құрайды

Сондай-ақ, биыл жалпы сомасы 30,6 млрд теңгеге Пармеджано Групп желісінің SNeG қонақ үйлері желісін кеңейту бойынша жобаларды іске асыру, Тұйық су шатқалында, Бутаковкада визит-орталығын салу, сондай-ақ Қазақ ауылы ұлттық мейрамханасымен Медеу-Резорт кешенін реконструкциялау жалғастырылады.

Сондай-ақ, ҚР МСМ вице-министрі Ғ. Әбдірахымов саладағы жоғары білікті кадрларды даярлау министрліктің маңызды міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Осыған байланысты 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінде 588 студентті онлайн режимде оқыту басталды.

Туристік сектор үшін кадрлар даярлау саласында практикаға, оқу бағдарламаларына және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа бағдарлану университеттің ерекшелігі болып табылады.

Бүгінгі таңда ынтымақтастық туралы 14 келісімге қол қойылды.

Биыл бұл жұмыс жалғастырылатын болады, сондай-ақ университеттің материалдық-техникалық жабдықталуын күшейту бойынша үлкен жұмыс жүргізілетін болады.

«Біздің азаматтарымыз бен туристік нарықты қолдау бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Пандемияның алғашқы сын-тегеуріндері пайда болған жағдайда, азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесі шеңберінде елге чартерлік және тұрақты рейстермен 5 913 турист қайтарылды», — деді Ғ.Әбдірахымов.

Карантиндік шектеулер кезеңінде "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп туристік саладағы кәсіпкерлер үшін дағдарысқа қарсы шаралар енгізілді:

  • бірқатар салықтардан босату;
  • банктік қарыздар бойынша мерзімін ұзарту енгізілді;
  • жеңілдетілген несиелер бойынша мөлшерлеме біріздендірілді және салалық шектеулер алынып тасталды.

Туристік қызмет туралы заң жобасы шеңберінде формадан кейінгі кезеңде ынталандырудың жаңа шаралары әзірленді. Шаралар пакеті Парламент Мәжілісіне енгізіліп, 2025 жылға дейін 163,7 млрд теңге сомасында алдын ала мақұлданды.

Шаралар шеңберінде туроператорларды әрбір шетелдік турист үшін және балаларға арналған ішкі ұшулар үшін субсидиялау, инвесторлардың тау шаңғысы базалары мен туравтобустарға арналған жабдықтарды сатып алуға, жол бойындағы сервис объектілері мен объектілерін салу кезінде шығындарын өтеу, сондай-ақ турдестинацияларда санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауды субсидиялау жоспарлануда.

Заң жобасы Мәжілісте екінші оқылымнан өтті және жақын арада Сенатқа жіберіледі.

 

Олимпиада ойындарына дайындық: еліміздің қоржынында спорттың 18 түрінен 43 лицензия бар — С. Мұсайбеков

ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту үшін жасалып жатқан жағдайлар туралы баяндады.

«Спорттың қарқынды дамуы үшін спорттық инфрақұрылымның жеткілікті болуы аса маңызды», — деді ол.

Оның айтуынша, осы мақсаттар үшін республикада 41 мыңнан астам спорттық нысан жұмыс істейді (ауылдық жерлерде 23693).

Өңірлерде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр, оның он үші 2019 жылы пайдалануға берілді.

2020 жылы 14 кешен пайдалануға берілді, оның жетеуі «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша, 10 кешен аяқталуда. 

Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында өңірлерде 259 жоба іске асырылуда, оның аясында 18 млрд теңге қаражатқа күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу, қайта құру және спорт нысандарын салу қарастырылған.

Өткен жылы жылы Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл атлетикалық спорт кешені пайдалануға берілді. 

«Жуырда жеңіл атлетикадан «Nur-Sultan Open 2021» ашық чемпионаты өткізілді. Бұл жаңа кешен қабырғасында алғашқы спорттық іс-шара болды», — деді Сәкен Мұсайбеков.

Алматы облысында Олимпиадалық даярлау базасының құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда.

Мемлекет басшысының бастамасымен аты аңызға айналған қазақстандық балуан, Олимпиада чемпионы құрметіне Нұр-Сұлтан қаласындағы Жекпе-жек сарайының атауы - Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайы деп өзгертілді.

 

Спорт қайраткерлерін мемлекеттік қолдау

Пандемия кезінде мемлекет республикалық спорт ұйымдарын әлеуметтік қолдау және қаржыландыру шараларын тоқтатпады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап спорт саласындағы мамандандырылған мектептер мен колледж қызметкерлерінің жалақысы көбейтілді, ол 2023 жылға дейін жыл сайын 25% өсетін болады. 

Сонымен қатар, Спортшылардың допингке қарсы зертханасы, Ұлттық допингке қарсы орталығының қызметкерлеріне, Республикалық дене шынықтыру және оқу-әдістемелік талдау орталығының қызметкерлеріне, Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері мен жаттықтырушыларына ресми жалақы мөлшеріне 100% жаңа қосымша төлемдер белгіленді. Осылайша олардың жалақысы 2 есеге көбейтілді.

Сонымен қоса, мемлекеттік білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне сабақтан тыс спорттық сабақтарды жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшерінде қосымша ақы белгілеу туралы мәселе шешімін тапты.

2020 жылы спорт саласының нормативтік-құқықтық базасын одан әрі жетілдіру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Осы атқарылған жұмыстар аясында 18 нормативтік құқықтық актінің қабылдануы қамтамасыз етілді.


Қазақстандықтардың 31,6%-ы 2020 жылы спортпен айналыса бастады

2020 жылы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның негізгі бағыттары БЖДДК және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлер желісін кеңейтуге, халықпен жұмыс істейтін штаттық спорт нұсқаушыларын қамтамасыз етуге, спорттық медицина мен адаптивті дене шынықтыру саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасауға, мемлекеттік спорттық тапсырыстың жан басына шаққандағы қаржыландыру және түрлері мен көріністеріне, ведомстволық бағыныстылығына, басқару меншігі формасына қарамастан жеткізушілерде оларды орналастыру болып табылады.

Сондай-ақ, Заң шеңберінде «қазақ күресі», «тоғызұмалақ», «асық ату» бойынша білім берудің барлық деңгейлерінде дене шынықтыру сабақтарына ұлттық спорт түрлерінің міндетті компонентін енгізу жоспарлануда.

2020 жылдың қорытындысы бойынша халықты дене шынықтыру және спортпен қамту 31,6% жетті. Пандемия азаматтарымыздың өмір салтына өзіндік түзетулер енгізді. Адамдар өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығына қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін түсіне бастады.


Республикада балалар мен жасөспірімдер спорты дамып келеді

2020 жылы салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде республикада 1,5 миллионнан астам адамды қамтыған 21 мыңнан астам бұқаралық спорттық шаралар өткізілді.

Мектеп оқушылары арасында 1, 938 мың мектеп жасындағы балалар дене шынықтырумен және спортпен қамтылған.

Жалпы білім беретін мектептерде спорттың әр түрінен спорт клубтарының желісі кеңейіп келеді.

Студенттік спортты дамыту мақсатында ЖОО-да 177 263 студент қамтылды. Ұлттық студенттер лигасы белсенді дамып келеді.

Сондай-ақ, жергілікті деңгейде 188,9 мың балалар мен жасөспірімдер қамтылған 602 балалар мен жасөспірімдер клубтары (БЖК), 119 балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру-сауықтыру клубтары (БЖДШСК) жұмыс істейді.

2020 жылы Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді.

Елдегі қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, карантин кезінде барлық республикалық және халықаралық жарыстар өткізілуі тоқтатылды.

Қазақстан Республикасының чемпионаттары және республикалық жарыстар көрермендердің қатысуынсыз (бос трибуна) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өткізілді.

2020 жылға арналған күнтізбелік жоспарға сәйкес спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшылары 398 спорттық жарыстарға қатысты, оның 191 халықаралық және 207 республикалық жарыстар, оның ішінде 6 халықаралық жарыстар Қазақстан Республикасының аумағында өткізілді. 

Қазақстандық спортшылардың қатысуы нәтижесінде әртүрлі дәрежедегі 217 медаль жеңіп алынды.

 

Карантиндегі онлайн спорт

«#BizBirgemiz» онлайн жаттығулары ұйымдастырылды. Танымал спортшылардың қатысуымен тікелей күнделікті онлайн жаттығулар ұйымдастырды. «Хабар 24» телеарнасының «Олимп» бағдарламасымен бірге бірқатар бағдарламалар шығарылды және «KazSport» телеарнасымен бірге белгілі спортшылардың қатысуымен «Жұлдызбен жаттығу» бағдарламалары іске қосылды.

 

Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарына белсенді дайындалуда

Олимпиада ойындарының кейінге қалдырылғанына қарамастан, ұлттық құрама командаларының спортшылары халықаралық старттарға дайындалуда.

Қазіргі уақытта еліміздің қоржынында 18 спорт түрінен 43 лицензия бар.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің аккредитациясын Алматы қаласындағы допингке қарсы зертханаға қайтару бойынша жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

2020 жылы жалпы допингке қарсы ережелерді бұзудың 21 оң жағдайы анықталды. 16 тәртіптік шешім қабылданды. Қалған істер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.


Қазақстанның ұлттық спорт түрлері ЮНЕСКО тізіміне енгізілді

Спортшылардың үздіксіз дайындығы үшін республикада 367 727 балалар мен жасөспірімдерді қамтитын 477 БЖСМ және мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептері жұмыс істейді. Және де, 5 366 спортшы контингенті болып табылатын 21 облыстық және 1 республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі жұмыс істейді. 

Қолданыстағы облыстық мектеп-интернаттарды қайта құру бойынша жұмыс жалғасуда. 13 облыстық мектеп-интернаттардың ішінде әкімдіктердің қаулысымен 11 мектеп-интернат-колледж болып қайта құрылды.

Сонымен қатар қолданыстағы спорт түрлерінен республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарын біріктіру жолымен қайта құрылды. Осылайша, РМҚК «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығы және РМҚК «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы болып қайта құрылды. Қайта құру нәтижесінде Орталықтардың спортшылары мен жаттықтырушылары зардап шеккен жоқ.

Өткен жылы ұлттық спорт түрлеріне 432,4 мың адам тартылды. Қазақ күресі, бүркітпен аң аулау, асық ату және тоғызқұмалақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енгізілді. Бүгінгі күні республикада ұлттық спорт түрлерінен 8 мамандандырылған клуб, 13 мамандандырылған спорт мектебі жұмыс жасайды.

2020 жылдың соңында елімізде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын мүмкіндігі шектеулі адамдар саны 34 114 адамды құрады.

Бүгінде республикада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 13 спорт клубы және 3 спорт мектебі бар.

Сондай-ақ, мәдениет және спорт вице-министрі С. Мұсайбеков еліміздегі спорттың дамуына теріс әсер ететін тұстарды атап өтті.

Бірінші, ең маңызды мәселе — бұл тұрғындар үшін спорттық инфрақұрылымның болмауы.

Екіншіден, аймақтарда спорт нұсқаушылары жетіспейді.

Сондай-ақ жастардың дене шынықтыру үйірмелерінің жоқтығы, әсіресе ауылдық жерлерде. Оған қоса, қосымша спорт секцияларының жоқтығы.

Сонымен қатар жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарында спорттық жабдықтардың жетіспеушілігі.

«МЖӘ тетіктері қолданылатын өңірлердің оң динамикасын ескере отырып, біз өңірлер үшін жеке серіктестерді тарту арқылы спорттық нысандардың құрылысы бөлігінде жұмысты күшейту қажет деп есептейміз. 2020 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті, оның аясында білім беру ұйымдарында тегін спорт клубтарын ашу, мектептік және студенттік спорттық лигаларын құру, мектептерді спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету көзделген. Жалпы айтқанда, 2020 жылы Министрліктің алдына қойылған міндеттер мен берілген негізгі тапсырмалар іс жүзінде толық орындалды», — деді ол.


2021 жылға арналған спорттық жоспарлар

С. Мұсайбеков 2021 жылға алға қойылған міндеттерге тоқталып өтті

- бұқаралық спортты дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру және стратегиялық мақсаттарға жету; 

- спорт нысандары желісін кеңейту және халықтың барлық топтары үшін қол жетімділікті арттыру бойынша одан әрі жұмыс жалғастыру; 

- жоспарланған ірі халықаралық іс-шараларды сәтті жүзеге асыру; 

- Токиода өтетін жазғы Олимпиада және Паралимпиадалық ойындарға ұлттық құрамаларды одан әрі дайындау.

 

Мәдениет және спорт министрлігі 2020 жылы оң нәтижелерге қол жеткізді — Е. Тоғжанов

Кеңейтілген отырысты қорытындылай келе, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов өткен жылы Мәдениет және спорт министрлігі оң нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті. Мәселен, пандемия кезінде 70 мыңнан астам онлайн-іс-шара өткізілді, қазақстандықтар онлайн-концерттерді 120 миллионнан астам рет тамашалады.

Оның айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігі дүниеге тәуелсіздік көзімен қарайтын ұлттық әдебиет пен өнерді қалыптастыруға бағытталған «Ел Рухы» Ұлттық жобасын әзірлеуді қолға алуы қажет.

Бұл жобада халықтың санасында орын алған өзгерістер ескеріліп, жаһандану дәуірінде ұлттық кодымызды сақтап қалуға ерекше мән берілуі тиіс.

Театрда, кинода, әдебиетте, ән өнерінде бүгінгі күннің қаһармандарын сомдап, тәуелсіздік құндылықтарын асқақтатын шығармаларға қолдау көрсетілуі керек. 

Бұл жұмысқа шығармашылықтың барлық салалары бойынша зиялы қауым өкілдері және талантымен танылған жас буын тартылуы керек.

«Ұлттық жобаны әзірлеудің басты мақсаты — ел рухын жаңа деңгейге көтеру. Бұл елдік сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған басты құжаты болуы тиіс. Сондықтан, жалпылама, декларивті сипаттан бас тартып, нақты әрі нәтижелі шараларды қамтуы қажет», — деді Е. Тоғжанов.

Сондай-ақ ол мәдениет саласын дамытуда заманауи трендтерді басшылыққа алу маңызды, соның ішінде, бүгін барлық салаларда цифрландыру процессі қарқынды жүріп жатқанын атап өтті. Мәселен, бүгінгі күні республика бойынша кітапханалардың интернетпен қамтылуы 48% ғана. Ең төменгі көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан (23%), Атырау (25%) және Батыс Қазақстан облыстарында (27%) тіркелген.

Мәдениет саласы әр уақытта мемлекет қолдауында болатыны белгілі. Сонымен қатар, мәдениет саласын коммерцияландыруды ойластыру қажет. Бұл халықаралық тәжірибе. Оның ішінде кино өндірісін, музейлерді, концерттік ұйымдарды кезең кезеңімен табысты сала етуді қолға алуымыз қажет.

Ералы Тоғжанов осы бағыттағы халықаралық тәжірибені зерделеп нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Министрліктің цифрландыру және коммерцияландыру бағытындағы жұмыстарына жауапты вице-министрді анықтау қажет.

 

Қазақстандық театрлар көркемдік деңгейін арттыруды қажет етеді

Әкімдіктердің ақпаратына сәйкес, бүгінде республика бойынша 46 жаңа мәдениет объектілерін салуға қажеттілік бар (18 – Түркістан облысы, 7 – Ақтөбе облысы, 5 – Қызылорда облысы, 4 – БҚО, ШҚО, Алматы облысы, 2 – СҚО, 1 – Атырау және Маңғыстау облыстары).

Бұған қоса, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында 2025 жылға дейін 259 мәдениет объектісін салу және 1200-ден аса нысанға жөндеу жүргізу жоспарланған. Бұл міндеттерді іске асыруға дайындық бүгіннен басталуы тиіс.

Ауылды елді мекендерде мәдениет саласы бойынша 3-мыңнан аса кадр қажет. 

Халықтың 42% ауылдарда тұратынын ескерсек, бұл маңызды мәселе. 

Бүгінде мәдениет саласы үшін кадрларды 4 жоғары оқу орны және 7 республикалық өнер колледжі даярлайды. Жалпы жыл сайын 2 мыңға жуық студент бітіріп шығады. 

Мәдениет саласына қажетті кадрларды мақсатты түрде дайындауды жүйелі негізде қолға алу қажет. 

Сонымен қатар оның айтуынша, ұлы өнер – театрдың жай-күйін ұдайы қадағалап отыру маңызды.

Театрлардың көркемдік деңгейін көтеріп, репертуарларын бүгінгі күннің өзекті тақырыптарымен толықтыруға бағыттарған шаралар кешені әзірлеу қажет. М. Әуезов атындағы «Қазақ ұлттық драма теарты» жанынан былтыр құрылған Республикалық гастрольдік орталықтың жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыру маңызды. 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары облыстар және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктеріне өңірлік театрлардың гастрольдік орталықпен бірлескен жұмысын жолға қоюды тапсырды. 

Министрлік өңірлік әкімдіктермен бірге еліміздегі барлық театрлардың жағдайына, оның ішінде репертуарларына, материалдық-техникалық, кадрлық қамтамасыз етілуіне қатысты жан-жақты талдау жүргізуі қажет.

Сонымен қатар театрларда еңбек етіп жүрген азаматтарды қолдауды жалғастыру маңызды. Өздеріңізге белгілі, былтыр Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасымен театр қызметкерлерінің жалақысы республикалық деңгейде 50%-ға, ал өңірлерде 35%-ға өсті.

Соған қарамастан бұл салада жалақы әлі де төмен. Республикалық театрларда орташа жалақы 125 мың теңгені ал, өңірлерде 110 мың теңгені құрап отыр.

Қазіргі таңда Үкіметте театрлардың негізгі персоналына жатпайтын – суретшілер, гримерлер, реставраторлар, техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі қаралуда.
 

Отандық анимациялық фильмдер шығаратын кез келді

2010-2020 жылдары 50 млрд теңгеге 178 фильм шығарылған. «Алмас қылыш», «Жаужүрек мың бала», «Құнанбай», «Әміре», «Томирис», «Анаға жол» сияқты оншақты туындыдан басқасы халықтың жадында қалған жоқ. «Қазақфильм» киностудиясы 2010 жылдан бері 19 млрд теңгеге сатып алынған 48 сценарийді жүзеге асырмаған. 

Толықметражды отандық анимациялық фильмдерді шығаруды қолға алатын уақыт жетті. Бұл бағыт киностудияның жаңа бизнес-моделінде ескерілуі тиіс.

Премьер-Министрдің орынбасары министрлікке халықаралық тәжірибе негізінде отандық кинокластер құру мәселесін пысықтауды тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен кітап оқу мәдениетін дамыту қолға алынуда. Бұл жұмысқа Мәдениет министрлігі белсенді ат салысу керек. Кітап оқуды дәріптеу бойынша кешенді жоспар әзірлеу кезек күттірмейтін мәселе.

Министрлік кітапханалар қызметін қайта қарап, оларды жастарға және балаларға тартымды етуі керек. 

«Кітапханалар уақытты тиімді әрі қызықты өткізетін ортаға айналуы тиіс. Мәселен, Сингапурда кітапханалар қызметі автоматтандырылған, олар заманауи хай-тек стилінде жобаланған», — деді Е. Тоғжанов.

Маңызды бағыттардың бірі балалар әдебиетін дамыту. 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары балалар оқитын қазіргі заманғы отандық әдебиетке тапшылық бар екенін айтып өтті. Министрлік бабалар әдебиеті авторлары тобын қалыптастырып, мазмұндық тұрғыдан сапалы кітаптарды дайындау қажет. Интернеттің қарқынды дамуын ескеріп электрондық кітаптарды шығаруға ерекше көңіл бөлген дұрыс.

 

2025 жылға қарай спортпен айналысатын қазақстандықтардың саны 45%-ке дейін жеткізіледі

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес биыл 1 мамырдан бастап балалар секциялары мен шығармашылық үйірмелері мемлекеттік тапсырыс арқылы қаржыландырылады. Бұл мәселе Үкіметтің қатаң бақылауында. Бірнеше жиналыс өткізіліп, нақты тапсырмалар берілді. Алайда, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру баяу жүруде», — деді ол.

Оның айтуынша, спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мен методикасын әзірлеуді жеделдету қажет. Бұл жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында осы бағытта тәжірибесі бар мамандарды тарту қажет.

Кәсіби спортты қаржыландыруға бағытталған қаражатты бұқаралық спортты дамытуға, ең алдымен балалар спортына қайта бағдарлау міндеті тұр.

2020 жылы республика бойынша жергілікті бюджеттен бұқаралық спортқа 14,7 млрд теңге бөлінді, бұл әкімдіктер жалпы спортқа жұмсаған бюджеттің небәрі 9% құрады.

 2021 жылы бұқаралық спорттқа қосымша 16 млрд теңге көлемінде қаражат бағдарлау жоспарланып отыр. Бұл жалпы бұқаралық спортқа бөлінетін қаражатты екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Енді осы қаражатты тиімді пайдаланылу маңызды.

Министрлік бұқаралық спортқа бөлінетін қаражаттың спортпен шұғылданушы азаматтар санын 2025 жылға қарай 45%-ға жеткізу мақсатына нәтижелі жұмсалуын ұйымдастыру қажет.

Елімізде оқу орындарынан тыс спортзалдар тапшы. Спорттық инфрақұрылымды қалыптастыру маңызды бағыттардың бірі. Бүгін күні республика бойынша спорт залдардың жалпы аумағы 930 мың шаршы метр. Спорт инфрақұрылымдарының нормативіне сәйкес қосымша 570 мың шаршы метр спортзалдар салу қажет.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен әкімдіктер 2021 жылдың соңына дейін елді мекендерде 100 жаңа дене шынықтыру кешенін ашуы тиіс. Қазіргі күні тек 27 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 73 нысан құрылысын аяқтау міндеті тұр. Министрлікке өңірлердегі спорт объектілері құрылысын бақылауды күшейтіп, проблемалық кешендердің құрылысын инспекциялауды тапсырамын», — деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Биылғы шілде-тамызда Токиода жазғы Олимпиада өтеді. Бүгінгі күні біз жоспарланған 104 лицензияның 43-не қол жеткіздік. Жоспарды орындауға міндеттіміз. Олимпиаданың қорытындылары бойынша Министрліктің жұмысына баға берілетін болады.

 

Түркістан – Шымкент – Ташкент жоғары жылдамдықты темір жолын салу жоспарлануда

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдаламасында туризмнің елдің Жалпы Ішкі Өніміндегі үлесін 2025 жылға дейін 8%-ға жеткізу (2019 ж. 5,2%), туристік қызмет саласында 170 мың жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған.

Бұл ауқымды міндетті іске асыру үшін:

  • туристік саланы дамыту бойынша нақты шешімдер әзірленді. Қазір заң жобасы Парламент қарауында. Заң жобасында туристік объектілер салу шығындарының 10%-ын өтеу; туристік санаттағы құралдарды сатып алу бойынша шығындардың 25%-ын өтеу; әрбір шетелдік турист үшін туроператорлар шығындарын 15 мың теңге мөлшерінде субсидиялау қарастырылған (Бұл шаралар бойынша РБК-ның қолдауы бар). Осы айтылған жаңа заңнамалық шараларды сапалы түрде іс жүзіне асыру қажет;
  • туризм саласы бойынша биылдың өзінде 1,1 трлн теңге көлеміндегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қол жеткізуге тиіспіз.

Экотуризмді, ұлттық парктерді туристік бағыттар ретінде дамыту бойынша шараларды тиянақты іске асыру қажет. Бұған толықтай мүмкіндіктер бар. Биыл, Іле-Алатау, Шарын, Көлсай, Алтын Емел ұлттық парктерінде 13 туристік визит-орталықтар салу жоспарлануда. 

Түркістан өңірін туризмнің орталығына айналдыру маңызды. Тарихи мәні терең қалаға туристер ағынын ұлғайту үшін Түркістан – Шымкент – Ташкент бағыты бойынша жоғары жылдамдықты теміржол магистралін салу жоспарлануда.

Қарқынды дамып келе жатқан туристік бағыттың бірі Ақтау курорттық аймағы. Биыл мұнда жалпы құны 93 млрд тенге болатын, 4 ірі инфестициялық жоба құрылысы жоспарланып отыр.

Ералы Тоғжанов Тәуелсіздіктің 30 жылдығына жоспарланған іс-шараларды ең жоғары деңгейде жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

«Биыл халқымыз үшін тарихи маңызды жыл. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Республика бойынша ел мерейтойына арналған 360-тан аса мәдени, 400-ге жуық спорттық шаралар жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Наурыз мейрамы мазмұндық тұрғыдан байытылған, жаңартылған концепциямен атап өтіледі», — деп түйіндеді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов. 

Мемлекеттігіміздің терең тарихын айшықтайтын «Жошыхан» тарихи-мәдени орталығын ашу, Түркі бесігінің жаңартылған орталығы – Түркістан қаласының халықаралық деңгейде презентациясы жоспарланып отыр.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұлтқа қызмет еткен біртуар тұлғалар есімін ардақталады.

Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы, Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдық мерейтойлары мемлекеттік деңгейде аталып өтеді

Отырыс соңында министрлік жұмысының негізгі бағыттары айқындалып, мәдениет, спорт және туризм саласын дамытуға қатысты тапсырмаларды сапалы және уақытылы орындауды қамтамасыз ету үшін міндеттер қойылды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Ақпан 2021, 19:09
«Бәйтерек» холдингінің өңдеу секторын қаржылай қолдау көлемі 21%-ға өсті
25 Ақпан 2021, 18:27
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
25 Ақпан 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына қатысты
25 Ақпан 2021, 16:58
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады
25 Ақпан 2021, 15:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзі
25 Ақпан 2021, 13:31
Мұрат Нұртілеу ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
25 Ақпан 2021, 10:29
Әлібек Қуантыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды  
25 Ақпан 2021, 10:02
Мейіржан Юсупов ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
24 Ақпан 2021, 18:18
Е. Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді
24 Ақпан 2021, 17:56
Ернат Мұхамадиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 17:46
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
24 Ақпан 2021, 14:32
Серік Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 10:31
Асқар Үмбетәлиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
23 Ақпан 2021, 18:58
Елбасы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады
23 Ақпан 2021, 17:15
Әлеуметтік тұрақтылық және жұмыспен қамтуды сақтау: Қазақстанның өнеркәсіп секторы 2020 жылды оң даму қарқынымен аяқтады
23 Ақпан 2021, 16:11
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізді
23 Ақпан 2021, 15:56
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.02.2021
23 Ақпан 2021, 15:42
Қазақстанда тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді — Б. Атамқұлов
23 Ақпан 2021, 15:23
Мобильді топтардың дайындығы, ауа райы жағдайының мониторингі, су деңгейін бақылау — су тасқыны кезеңіне дайындық қалай өтуде
23 Ақпан 2021, 15:08
Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды
23 Ақпан 2021, 13:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №72 Қаулысы
23 Ақпан 2021, 11:48
Қазақстан экономикасын әртараптандыру АӨК әлеуетін ашу, индустрияландыру және сапалы цифрландыруды жүргізу арқылы іске асырылады
23 Ақпан 2021, 10:30
Үкімет су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесін қарады
23 Ақпан 2021, 10:00
Қазақстанда биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған
23 Ақпан 2021, 09:30
Үкімет, Ұлттық банк және ҚНРДА Макроэкономикалық саясатты үйлестіру туралы келісімге қол қойды
22 Ақпан 2021, 10:56
23 ақпан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Ақпан 2021, 10:47
Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау — 2020 жылдың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы
21 Ақпан 2021, 10:02
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №100
20 Ақпан 2021, 10:59
«Fitch Ratings» рейтинг агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «тұрақты»
19 Ақпан 2021, 19:32
Бахтияр Қожахметов ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды
19 Ақпан 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады
19 Ақпан 2021, 12:19
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын насихаттау, отандық туризмді қолдау — 2020 жылы ҚР мәдениет және спорт саласы қалай дамыды
19 Ақпан 2021, 11:08
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб өз жұмысын бастады
19 Ақпан 2021, 10:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №35 Қаулысы
19 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №42 Қаулысы
18 Ақпан 2021, 16:12
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның cыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловті қабылдады
18 Ақпан 2021, 10:22
Экологиялық бастамалар, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның геология және табиғи ресурстар саласының дамуы
17 Ақпан 2021, 16:55
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шымкент пен Түркістанды дамыту жобаларын тексерді
17 Ақпан 2021, 15:57
Мемлекет басшысы Total концернінің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің президенті Арно Брейякты қабылдады
17 Ақпан 2021, 10:38
Moody’s кредиттік агенттігі Қазақстан экономикасы бойынша кредиттік пікір жариялады 
16 Ақпан 2021, 19:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
16 Ақпан 2021, 17:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №47 Қаулысы
16 Ақпан 2021, 14:30
Қазақстанда жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қорын құру көзделуде – Н. Ноғаев
16 Ақпан 2021, 13:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.02.2021
16 Ақпан 2021, 13:02
Қазақстанда 2021 жылдың бірінші айында 801 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
16 Ақпан 2021, 12:33
Биылғы қаңтарда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 75,2%-ға ұлғайды
16 Ақпан 2021, 12:24
ҚР Қаржы министрлігі: жергілікті бюджетке түсетін кірістер бойынша жоспарлар республиканың барлық өңірінде асыра орындалды
16 Ақпан 2021, 12:01
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»: Үкімет Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасын бекітті
16 Ақпан 2021, 11:45
Шағын және орта бизнес ‒ жұмыс орындарын құрудың және халықтың табысын арттырудың негізгі көзі — Ә. Ерғалиев
16 Ақпан 2021, 11:23
Азаматтар алынған жинақтардың 87%-ын баспана мәселелерін шешуге бағыттауға ниетті — ҚР Ұлттық банкі 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.