Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Павлодар облысының 2020 жылғы даму қорытындылары: экономиканың базалық салалары бойынша оң динамика қамтамасыз етілді

Дүйсенбі, 15 Ақпан 2021, 12:09:29

Коронавирус пандемиясымен байланысты орын алған жағдайға қарамастан, 2020 жылы Павлодар облысында экономика дамуының көптеген көрсеткіштерінің оң серпіні сақталды. Мысалы, өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы және тұрғын үй құрылысындағы индикаторлар оң болды. Машина жасау өнімдері өндірісінің 29,2%-ға, құрылыс индустриясының 32,7%-ға, металл құрылымдарының 11,6%-ға, жеңіл өнеркәсіптің 9,5%-ға өсуі байқалады. Жалпы алғанда, өңір жылды орташа республикалық мәндер деңгейіндегі нәтижемен аяқтады. Павлодар облысының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы толығырақ шолу материалынан оқыңыздар.

COVID-19 жағдайы мен шектеу шаралары аймақтың экономикалық өсім қарқынының баяулауына әсер етті. І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ЖӨӨ 1,2 трлн теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіндегі көрсеткіштің 98,3% құрады. Бұған сауда және көлік қызметтері салаларындағы көлемдердің төмендеуі себеп болды.

Сонымен қатар жыл қорытындысы бойынша экономиканың негізгі салаларында оң динамика қамтамасыз етілді.

Өнеркәсіпте көлем 1,1%-ға, оның ішінде тау-кен өндіру секторында 6%-ға өсті.

Өсу серпіні ауыл шаруашылығы саласында 107,5% және құрылыс саласында 104,9% байқалады.

Өткен жылға қарағанда 12,1% өсіммен бір жыл ішінде 372,5 мың м2 астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыста барлығы 1894 пәтерге арналған 30 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, оның 11-і «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша, 19-ы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша.

Өңір экономикасына 486 млрд теңге инвестиция тартылды.

Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша инвестициялар көлемі 7,8 млрд теңге және 200-ге жуық жаңа жұмыс орнын құрумен 8 жаңа өндіріс іске қосылды.

Инфляция жыл қорытындысы бойынша белгіленген дәлізден аспады (108-108,5%) және 107,9%-ды құрады (ҚР – 107,5%).

 

Павлодар облысы 2020 жыл бойы тұрақты дамып келеді 

Сауда және көлік қызметтері салаларына әсер еткен эпидемиологиялық ахуал мен карантиндік шараларға қарамастан, өңір экономикасы тұрақты дамып келеді. Бұл негізінен базалық салалардың тұрақты жұмыс істеуі есебінен қамтамасыз етіледі.

Аймақ экономикасының негізін құрайтын өнеркәсіп секторы айтарлықтай шығынға ұшыраған жоқ. 12 айдың қорытындысы бойынша саладағы көлем 1,1%-ға өсті.

Оң серпін құрылыс индустриясы (32,7%-ға), машина жасау (29,2%-ға), металл конструкциялары өндірісі (11,6%-ға), жеңіл өнеркәсіп (9,5%-ға), металл кендерін өндіру (9,5%-ға) және электр энергиясын өндіру (2,2%-ға) көлемінің ұлғаюымен қамтамасыз етілді.

Пандемия кезінде кәсіпорындарды қолдау мақсатында жергілікті орта деңгейдегі өндірушілердің ішкі резервтері іске қосылды. Бұл құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп, металл бұйымдарын, ағаш бұйымдарын, азық-түлік өнімдерін өндіру секілді салаларда қуаттылықты 63-тен 75%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Осылайша, өндіріс көлемі 8 млрд теңгеге ұлғайды.

Коронавирус дағдарысы агроөнеркәсіп кешеніне әсер еткен жоқ. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, құрғақ жазға қарамастан, аграршылар жақсы өнім алды. Жалпы өнім көлемі 7,5%-ға өсті, соңғы 5 жылда мұндай нәтиже болған жоқ.

Құрылыс секторы да тұрақты жұмыс істеді. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың арқасында осы саладағы көлемдер шамамен 5%-ға өсті. Мыңнан астам ғимараттар мен құрылыстар аяқталып, пайдалануға берілді, олардың 84%-ы — тұрғын үй нысандары. Өткен жылы Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асырудың арқасында 192 әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысан жөнделіп, 200 орындық модульді госпиталь салынды.

 

Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға шамамен 90 млрд теңге бағытталды 

Пандемия жағдайында аймақ экономикасындағы тұрақты жағдайды сақтау үшін Дағдарысқа қарсы штаб құрылды. Апта сайын барлық салалар мен кәсіпорындардағы жағдай қадағаланып отырды.

Мемлекет басшысы айтқан дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру аясында облыста Экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар іске асырылуда, онда экономика салаларын қолдау бойынша нақты шаралар айқындалған.

Жалпы, облыста дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға шамамен 90 млрд теңге бағытталды.

Шағын және орта бизнес айтарлықтай қолдау тапты. Мемлекеттік бағдарламалар (БЖК және Еңбек) құралдары арқылы 51 млрд теңгеден астам қаражат игерілді. Бұл шамамен 3 366 субъектінің қызметін қолдауға мүмкіндік берді (өндіріс үшін шикізат сатып алу, қысқа мерзімді берешекті өтеу және т. б.).

Өңірдің 7 мыңнан астам кәсіпкері мемлекеттік қолдауға ие болды, оның ішінде 900 субъект жеңілдетілген несие алды. Салық жеңілдіктерімен 13,8 мың кәсіпкер қамтылып, 674 субъектіге несие төлеу тоқтатылды.

2020 жылғы 12 қазаннан бастап облыста жас кәсіпкерлерге (21-30 жас аралығындағы) кепілсіз кредит берудің жаңа «ZHAS-HALYK.ERTIS» бағдарламасы іске қосылды. Кепілсіз берілуінен басқа, бағдарлама 5% сыйақы мөлшерлемесімен де тартымды (басқа бағдарламалар бойынша 6%). Бұл мақсатқа Халық банк өз қаражатынан 400 млн жуық теңге бағыттады.

Құрылыс секторында облигацияларды шығару есебінен шамамен 11 млрд теңге қарастырылған, олардың есебінен қазір 1682 пәтерге арналған 17 көппәтерлі үй салынуда.

Агроөнеркәсіптік кешенде импортты алмастыруды субсидиялау және ынталандыру тетіктері іске асырылды. 2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (25 млрд теңге сомасына) қолдау шараларына ие болды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында жергілікті бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді, тұрақтандыру қорына 1,41 млрд теңгеге 8,6 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сатып алынды. 31.12.2020 ж. жағдай бойынша тұрақтандыру қорында 5,4 мың тонна өнім жинақталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 25 млрд теңгеден астам сомаға басым емес бюджет шығыстары оңтайландырылды, оның 6,2 млрд теңгесі коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күреске бағытталды.

Дағдарысқа қарсы шаралар экономика салаларын қолдау тетіктерін ғана емес, халықты әлеуметтік қолдау шараларын да іске қосты. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында әлеуметтік көмекпен 295 мың адам қамтылды. 33 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, оның үштен бірі (11,8 мың адам) Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде жұмысқа орналастырылды. 10,4 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылды.

 

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған барлық отбасылар қаржылай көмекпен қамтылды

Облыс бойынша статистика деректеріне сәйкес орташа айлық жалақы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға (2020 жылдың III тоқсаны) өсіп, 183 677 теңгені құрады.

Еуразиялық топтың (ERG) кәсіпорындарындағы өнеркәсіп саласында жұмыскерлердің жалақысы орта есеппен 12-15%-ға өсті. Бұл бастаманы ERG кәсіпорындары 2021 жылы да жалғастыратын болады (өсім – 10,4%).

Сондай-ақ, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өңір әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша пилотқа енді, ол бойынша қызметкерлердің орташа жалақысы 2 есе өсті.

Қосымша қаржыландыру есебінен көзі көрмейтін (нашар көретін) мүгедектерді оңалту құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілді, бұл 304 бағдарламалық қамтамасыз етілген ноутбук (217,4 млн теңге).

20 АЕК көлемінде біржолғы төлем түрінде мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған барлық отбасыларға тең қаржылай көмек көрсетілді, бұл мақсатқа 116,7 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар 2604 мүгедек балаға 144,7 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Аналардың өтініші бойынша мүмкіндігі шектеулі 26 баланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қосымша 6,4 млн теңге бөлінді.

Облыс орталығында Б. Өтемұратов қорының қолдауымен аутизмі бар балаларға арналған «Асыл Мирас» түзету кабинеті ашылды.

АИТВ-инфекциясы бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қолдау көрсету мәселесі шешілді, аталған төлем 65 336 теңге мөлшерінде ай сайынғы негізде 15 балаға көрсетіледі.

 

Машина жасау өнімдері өндірісінің өсімі 29,2% құрады 

2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2 073,1 млрд теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 101,1%-ды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 100%-ды, тау-кен өндіру өнеркәсібінде 106%-ды, электрмен жабдықтауда 102,2%-ды құрады.

Ең үлкен өсім – 106% — Бозшакөл КБК мен «Fonet ER-TAI AK MINING» ЖШС-де мыс концентратын өндіруді арттыру есебінен тау-кен өндірісі өнеркәсібінде қамтамасыз етілді .

Өңдеу секторының кәсіпорындары республикалық өңдеу көлемінің 10%-ын қамтамасыз етеді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі бойынша облыс еліміз бойынша көшбасшылар үштігіне кіреді. Пандемияға қарамастан, өндіріс көлемін өткен жылғы деңгейде сақтауға мүмкіндік туды.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемінің ұлғаюы мынадай салаларда байқалады: өзге металл емес минералды өнімдер өндірісі (НКИ – 132,7%), жеңіл өнеркәсіп (НКИ – 109,5%), жиһаз өндірісі (НКИ – 103,2%), азық-түлік өнімдері өндірісі (НКИ – 101,5%), өзге де дайын бұйымдар өндірісі (НКИ – 161,2%), жиһаздан басқа ағаш және тығын бұйымдары өндірісі (НКИ – 150,2%), негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі (101,5%).

Машина жасау саласында «Проммашкомплект» ЖШС-де теміржол дөңгелектерін шығаруды ұлғайту есебінен 29,2%-ға өсті. 

Дайын металл бұйымдарын өндіру саласында көлемдер 11,6%-ға өсті, оның ішінде ERG Service компаниясының жаңа өнімі — конус үгіткіштерге арналған бронь шығару есебінен. Сонымен қатар алғаш рет құю шөміштерін өндіру жолға қойылды.

 

Ауыл шаруашылығы саласында көлем 7,5%-ға өсті

2020 жылдың басында суармалы жер учаскелерінің ауданы 102,2 мың га құрады, ауыстыру есебінен суармалы жерлердің ауданы 24,6 мың га ұлғайды. Бүгінгі таңда аудан 126,8 мың га дейін ұлғайтылды.

Биыл 52 мың га суармалы жерден 830 мың тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімі жиналды.

Облыстың машина-трактор паркі 17,1 млрд теңге сомасына 1 060 бірлік жаңа техникаға толықты, оның 49%-ы өз қаражаты есебінен сатып алынды. 

Мал шаруашылығында ауыл шаруашылығы малдарының өнімі мен мал басының өсуінің оң серпіні байқалады.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тірі салмақта ет өндіру 2,8%-ға, сүт 3,3%-ға, жұмыртқа 2,3%-ға ұлғайды.

Ет, сүт өнімдері және жұмыртқа өндірісінің негізгі өсімі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында байқалады, онда өндіріс тиісінше 4,9%, 12% және 1,4% артты.

2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 446,9 мың ірі қара мал (104,8%, 2020 жылдың сәйкес кезеңіне), қой – 501,5 мың бас (102,4%), ешкі – 64 мың бас (103,2%), шошқа – 78,4 мың бас (106,3%), жылқы – 197,6 мың бас (107%) және құс – 1 795 мың бас (105,8%) құрады.

Жыл басынан бері барлығы 3 787 бас асыл тұқымды аналық ірі қара әкелінді, оның ішінде 1 894 бас ет бағытындағы және 1 893 бас сүт бағытындағы.

3,8 мың басқа арналған 7 сүт-тауар фермасын іске қосу жобасы іске асырылды. («Үштерек және К» ЖШС, «Жаңа қала» ЖШС, «Кирова» ЖШС, «Крон Агро» ЖШС, «Луганск» ӨК, «Галицкое» ЖШС, «Агро Даму» ЖШС).

Күркетауық етін өндіру бойынша «Turkey PVL» ЖШС инвестициялық жобасының бірінші кезеңі жүзеге асырылды. 1 мың тоннадан астам күркетауық еті алынды.

Осы жобаны іске асыру және толық қуатқа шығуы халықты құс етімен 110%-ға дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Облыста қайта өңдеу кәсіпорындары сапалы өнім өндіру көлемін қарқынды өсіруде. Мәселен, 12 айда 99,9 млрд теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,5% азық-түлік өндірілді.

Жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеге 19 қайта өңдеу нысаны іске қосылды және жаңғыртылды.

Жыл басынан бері жалпы сомасы $18,4 млн-ға 40,9 мың тонна көлемінде қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды (2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 126,3%).

 

2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 93 жоба мақұлданды

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында облыста «Қарапайым заттар экономикасының» басым салаларына жеңілдікпен кредит беру тетігі іске асырылуда. Бағдарлама өңдеу өнеркәсібі мен АӨК қайта өңдеу, сондай-ақ қызмет көрсету салаларындағы жобаларға бағытталған.

Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері (2019 жылдан бастап) өңірде 22 294,5 млн теңге сомаға 156 жоба қолдау тапты, оның ішінде:

  • 2019 жылы 12 154 млн теңгеге 63 жоба жүзеге асырылды;
  • 2020 жылы 10 140,5 млн теңгеге 93 жоба жүзеге асырылды.

Осылайша, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша жалпы сомасы 2 057 млн теңгеге 121 жоба мақұлданды және екінші деңгейдегі банктер арқылы жалпы сомасы 20 237,5 млн теңгеге 35 жоба мақұлданды.

«ЭПВ» аясындағы ірі жобалардың мысалдары:

  • «Рубиком» ЖШС (мал шаруашылығы саласында) «Нұр Банк» АҚ арқылы несие қоржынының жалпы сомасы 4 млрд теңгені құрады;
  • «Ақтоғай Агро» ЖШС (АӨК саласында) «Альфа Банк» АҚ арқылы несие қоржынының жалпы сомасы 1,8 млрд теңгені құрады.

 

Өңір экономикасына 486 млрд теңге инвестиция тартылды

2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындылары бойынша инвестициялар көлемі 485,9 млрд теңгені құрады, оның ішінде бюджеттік инвестициялар — 92 млрд теңге, жеке инвестициялар — 393,9 млрд теңге.

Төтенше жағдай режимі және жалғасып жатқан коронавирустық пандемия кезеңінде инвестициялар тарту бойынша жұмысты күшейту мақсатында Zoom платформасы белсенді қолданылады (50-ден астам кеңес өткізілді).

«Павлодар» АЭА БК АҚ, «Павлодар» ӘКК АҚ және «Қазақинвест» ҰК АҚ өңірлік өкілдігімен бірлесіп, қант және крахмал зауыттарын салу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ алюминий кластері жобаларын іске асыру бойынша бірлескен жұмыс жалғасуда.

Қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен әлеуетті тауашалық жобаларды айқындау және өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Коронавирустық пандемия сонымен қатар жобаларды іске асыру кестесіне түзетулер енгізді. Жоба бастамашыларына іске қосу-реттеу жұмыстарын, шеф-монтажды және т. б. жүргізу үшін шетелдік мамандарды тартуға жәрдем көрсетіледі.

Өңірдің кәсіпкерлікті қолдау картасына жаңа жобаларды енгізу мәселесі белсенді пысықталуда.

Бұл жобалар негізінен химия, мұнай химиясы, машина жасау, металлургия, құрылыс материалдарын өндіру секілді салаларда іске асырылады.

Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жалпы сомасы 7,8 млрд теңгеге 8 жоспарланған жоба техникалық іске қосылды, 201 жұмыс орны құрылды.

 

БЖК-2025 аясында 872 жобаға қолдау көрсетілді

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Павлодар облысында 45 809 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 327 бірлікті немесе 0,7%-ды құрады (2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша — 45 482 бірлік.)

Статистика органдарының деректері бойынша ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 2020 жылдың III тоқсанында 131 820 адамды құрады, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеу 4 543 адамды немесе 3,3% (136 363 адам) құрады.

ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 2020 жылдың 9 айында 601,4 млрд теңгені немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 99,1% құрады. ШОБ өнімдерін шығарудың НКИ 92,8%-ды құрады. Ең көп төмендеу қызмет көрсету (29,6%-ға төмендеу), сауда (28,6%) және көлік (13%) салаларында байқалады.

2020 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 3 516,5 млн теңге бөлінді, 872 жобаға қолдау көрсетілді.

Кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 383 жоба, кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру бойынша 435 жоба, мемлекеттік гранттар беру бойынша 24 жоба, жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу бойынша 30 жоба (оның ішінде 7 жоба іске асырылу сатысында және 23 жоба комиссиямен мақұлданған) мақұлданды.

«БЖК-2025» аясындағы ірі жобалардың мысалдары:

«Business Chаllenge LTD» ЖШС пайыздық мөлшерлемені субсидиялау құралы бойынша несие қоржынының жалпы сомасы 1 455 млн теңге.

«СтеклоМир» ЖШС пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және несиелерді кепілдендіру құралдары бойынша несие қоржынының жалпы сомасы 599,8 млн теңге.

 

Өңірдегі құрылыс секторында 2019 жылмен салыстырғанда 4,9%-ға артық жұмыстар орындалды

2020 жылы Павлодар облысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға берудің жоспарлы көлемі 346 мың м2 құрады. Жыл қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 372,5 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2019 жылғы деңгейге 112,1% (332,5 мың м2).

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2020 жылы Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында жалпы ауданы 194,7 мың м2 (2 401 пәтер) болатын 25 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы мен қайта жаңғыртылуы көзделді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ауданы 70,1 мың м2 (890 пәтер) 11 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде:

  • Жалпы ауданы 31,2 мың м2 (395 пәтер) 6 кредиттік тұрғын үй;
  • Сатып алу құқығынсыз 5 жалға берілетін тұрғын үй, жалпы ауданы 38,9 мың м2 (495 пәтер).

Қалған 19 тұрғын үй 2021 жылға өтпелі (жалпы ауданы 124,6 мың м2, 1 511 пәтер).

«7-20-25» бағдарламасы бойынша қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктер 769 өтінімді қабылдады, оның ішінде 3,1 млрд теңге сомасына 420 өтінім мақұлданды. Сонымен қатар берілген тұрғын үй сертификаттары бойынша 101 адам тұрғын үй сатып алды.

Сондай-ақ, биыл Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде жалпы ауданы 78 мың м2 (1 100 пәтер) 21 тұрғын үй салу және реконструкциялау көзделген, оның ішінде 2021 жылға өтпелі 2 тұрғын үй (жалпы ауданы 6,8 мың м2, 96 пәтер). Қазіргі уақытта 19 тұрғын үй пайдалануға берілді (жалпы ауданы 71,2 мың м2, 1 004 пәтер).

Сонымен қатар жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша жобаларды іске асыруға қатысты 2020 жылы қаражат қарастырылмаған.

Облыс бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны 2021 жылғы 1 қаңтарға — 26 096 адам. 2020 жылы облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан 1 096 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

 

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 86% құрады

2020 жылы Павлодар облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жергілікті маңызы бар «автомобиль жолдарын дамыту» бағыты бойынша жалпы ұзындығы 332,5 км 24 жоба іске асырылды, оның ішінде:

  • Ұзындығы 7,636 км «Чернорецк – Ольгино – Успенка – Шарбақты» автожолын қайта жаңарту;
  • Жалпы ұзындығы 83,68 км облыстық маңызы бар автожолдарды орташа жөндеу;
  • Жалпы ұзындығы 241,3 км аудандық маңызы бар автожолдарды орташа жөндеу.

2020 жылы орындалған жол-жөндеу жұмыстарының қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 86% құрады.

2021 жылы 2 140 032 мың теңге сомасына жалпы ұзындығы 75,9 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша 7 жобаны іске асыру жоспарлануда. 2021 жылы Павлодар облысының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдары үлесінің 87% көрсеткішіне қол жеткізу жоспарлануда.

Қалалар мен аудандардың әкімдіктері 618,1 км аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеуге 55 жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуде. 2025 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың үлесін 95%-ға дейін жеткізу көзделген.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту

2020 жылы Павлодар облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту мақсатында жылумен, сумен жабдықтау және су бұру саласында жалпы сомасы 10 808,5 млн теңгеге 28 жоба іске асырылды.

Оның ішінде салалар бойынша:

  • жылумен жабдықтау 3 221,4 млн теңге сомасына 11 жоба. 37 км желі құрылысы, реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізілді;
  • сумен жабдықтау 2 733,4 млн теңге сомасына 5 жоба. 34,1 км желі қайта жаңартылды;
  • су бұру 4 853,7 млн теңге сомасына 8 жоба. 31,4 км желі құрылысы және реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.

Осы жобаларды іске асыру есебінен халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуі 94%-ға дейін, су бұруға қол жеткізуі 87,8%-ға дейін ұлғайды, сондай-ақ жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 1,5%-ға және сумен жабдықтау, су бұру желілерінің тозуы 2%-ға төмендеді.

 

Көп пәтерлі тұрғын үйлерді (КПТҮ) жаңғырту

2020 жылы жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету мақсатында 37 көп пәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу және 2 лифтіні ауыстыру бойынша іс-шаралар аяқталды, оның ішінде:

  • 10 КПТҮ-ге, оның ішінде қайтарымды қаражат есебінен – 2 КПТҮ және республикалық бюджет қаражаты есебінен – 8 КПТҮ;
  • 27 КПТҮ мүлік иелерінің мақсатты алымдары есебінен.

Аталған іс-шаралар кондоминиум объектілерінің жөндеуді талап ететін үлесін 23%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

 

Жұмыспен қамтудың Жол картасын іске асыру жұмыссыздықты 4,9% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік берді

Облыста халықты жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен қамтамасыз етіледі, олар өңір басшылығының ерекше бақылауында.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 2020 жылы жұмыспен 33,7 мың адам қамтылды, оның 6,4 мыңы жұмыспен қамтудың жол картасы аясында. 22,7 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 10,4 мыңы — тұрақты.

Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру жұмыссыздықты 4,9% деңгейінде ұстап тұруға және оның 6%-ға дейін өсуіне жол бермеуге мүмкіндік берді.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 26,7 мыңнан астам адам қатысты. 25 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 16,9 мың адам бос жұмыс орындарына орналастырылды.

ТжКБ бар кадрларды оқытуға 600 адам жіберілді.

Қысқа мерзімді кәсіптік курстарға 496 адам жіберілді, оның ішінде 447 адам оқуды аяқтады, білім алғандардың 93% жұмысқа орналастырылды.

«Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 1,7 мыңнан астам адам қамтылды. 2,4 млрд теңгеге 514 шағын несие берілді, оның 302-сі Start-up жобаларын қолдауға бөлінді.

1971 адам бизнес-идеяларды дамытуға гранттар алды. Микрокредиттер мен грант алушылар 2,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 8,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 1,3 мың адам, жастар практикасына 0,9 мың адам, қоғамдық жұмыстарға — 5,9 мың адам.

Республикалық бюджеттен 1,8 млрд теңге сомасында қосымша бөлінген қаражат есебінен жастар практикасына және қоғамдық жұмыстарға 3,2 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, 489 азамат өз ісін ашты.

Жалпы, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы өңірдің еңбек нарығына оң серпін берді.

2020 жылға арналған Жұмыспен қамту жол картасы аясында облыста 43,4 млрд теңге сомасына 227 инфрақұрылымдық жоба бекітілді. 221 жоба аяқталды, қалған 6 жоба — 2021 жылға өтпелі.

Бағдарламада облыстың 138 елді мекені қамтылды, 148 әлеуметтік-мәдени нысан жөнделіп, салынды, оның ішінде 113 мектеп, 19 денсаулық сақтау нысаны, 185 аула аумағы абаттандырылды.

2 ауысымды мектептің проблемасы шешілді, 56,3 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, келешекте 20 мың га суармалы жерді айналымға тарту жоспарлануда, 7,6 мыңнан астам адам ауыз суға қол жеткізе алады. 200 орындық тез салынатын жұқпалы аурулар ауруханасы салынды.

Жоспар бойынша 12,6 мың жұмыс орны орнына 11,8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның ішінде Жұмыспен қамту орталықтары арқылы — 6324 адам немесе 53,6%.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау қорытындысы бойынша тұрақты жұмыс орындарына 237 адам жұмысқа орналастырылды.

ЖҚЖК жобаларына жұмысқа орналастыру есебінен жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде сақталды.

 

Автобустардағы GPS-датчиктер және мектептердегі жинақты бухгалтерия: аймақта қандай АT енгізілуде

Облыста «ақылды қалаларды» дамытудың 11 саласының (денсаулық сақтау, білім беру, көлік, ТКШ, қауіпсіздік, инклюзивті қоғам, бизнес және туризм, құрылыс, қаланы ақылды басқару, ауыл шаруашылығы, таза қала) жобаларын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде, тағы біреуі — ақпараттық-коммуникациялық технологиялар — өтпелі сала.

Білім беруді цифрландыру

2020 жылы 19 634 бірлік компьютерлік техника сатып алуға қаражат бөлінді.

Балабақшаға кезекке қою және 1-сыныпқа қабылдау бойынша қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылды.

Облыстың барлық 356 (100%) мектебі кең жолақты интернет желісіне қосылған.

Балаларға арналған 48 тегін АT-сыныптар ашылды, оның 22-сі ауылдық мектептерде.

Мектептер мен балабақшаларда «жинақты бухгалтерияны» енгізу бойынша жұмыс жалғасуда (210 нысан).

9 STEM зертхана ашылды.

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру

Облыста 5 569 орта медицина қызметкері ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуге оқытылып, компьютерлік техникамен жабдықталған.

Облыстың барлық медициналық ұйымы (37) аудандық деңгейге дейін Интернет желісіне қол жеткізе алады.

Денсаулықтың электрондық цифрлық паспорттарына 98% көшу қамтамасыз етілді. Қызметтердің 85,6% электронды форматта көрсетіледі.

198 мыңнан астам адам DamuMed мобильді қосымшасын пайдаланады, бұл белсенді халықтың 50,7%-ын құрайды.

PACS енгізу жалғасуда. Бұл жүйе диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін цифрландыруға және ЭДП-да сақтауға мүмкіндік береді.

16 медициналық ұйымда ауруларды қашықтан мониторингтеудің пилоттық жобасы іске қосылды.

Әлеуметтік саланы цифрландыру

ҚР ЕХӘҚМ «мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» порталын енгізді (inva.gov.kz), онда әлеуметтік инфрақұрылым объектілері көрсетіледі. Бүгінгі күні паспортталған объектілердің 99,6%-ы цифрландырылған (1 729-дан 1 721-і).

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде 92 381 еңбек шарты тіркелді, жоспарда 76 780 (120%) болған.

Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында электрондық еңбек биржасын 17 236 адам пайдаланды, жоспар бойынша 15 625 (110%).

Әлеуметтік қызметтер порталында жоспар бойынша 4 876 көмектің 3 551 түрі жіберілді, оның ішінде 2 431-і орындалды.

Әлеуметтік карта пилоттық режимде Павлодар қаласында енгізілуде. Операторы «Қазпошта» АҚ болды. Бүгінгі таңда 4772 әлеуметтік осал санаттағылардан 3425-іне карта берілді.

Қаланы басқарудағы цифрландыру

Павлодар облысының әкімдігі және ведомстволық бағынысты ұйымдар тұрақты негізде бюджеттерді publicbudget.kz сайтында жариялайды.

Павлодар облысының барлық әкімдіктерінде фронт-офистер жұмыс істейді (Openakimat).

109 (ББО-109) бірыңғай байланыс орталығы 2020 жылғы 12 наурыздан бастап жұмыс істейді. 15 маусымда қызмет облыс бойынша болып кеңейтілді.

Халықпен тиімді кері байланыс орнату үшін 109 қызметімен кіріктірілген «aitu» мобильді қосымшасы іске қосылды.

Тізілімге сәйкес жергілікті атқарушы органдар көрсететін 173 (87,3%) мемлекеттік қызметтің 151-і электрондық үкімет порталында электрондық түрде қолжетімді.

Павлодар облысының геопорталы іске қосылды. Қазіргі уақытта сайтта 500-ден астам өтінім іске асырылды (geopavlodar.kz).

Бүгінгі таңда Павлодар қаласының инженерлік желілері 51,5%-ға цифрландырылған.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі цифрландыру

Павлодар облысының әкімдігі «Көркемтелеком» ЖШС және «Қазақтелеком» АҚ компанияларымен фотобейнетіркеу және бейнеталдау жүйесін енгізу және пайдалану бойынша келіссөз жүргізуде.

103 қызметінің базасында БКДҚ-112 іске қосылды, ол тиісті НҚА қабылданғаннан кейін енгізілетін болады.

Көлікті цифрландыру

Павлодар қаласының қоғамдық көлігі ақпаратты мобильді қосымшаға шығаратын GPS-датчиктермен 100% жабдықталған.

2019 жылдың 25 желтоқсанынан бастап «№1 автобус паркі» мен трамвайлардың барлық маршруттарында қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі енгізілді.

2021 жылдың I тоқсанына қарай үш қалада қоғамдық көлікте қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін енгізу жұмыстарын 100% аяқтау жоспарланған.

Интернет

355 елді мекеннен 342 елді мекен Интернет желісіне қосылған, CDMA/EVDO технологиясының қамту аймағынан тыс жерде болуына байланысты, 13 елді мекен Интернет желісіне қосылмаған.

 

Мұқтаж балалардың 100%-ы қашықтан оқу үшін компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген

Білім беру жүйесін қаржыландыру

Жыл сайын облыстың білім беруді қаржыландыру көлемі ұлғаюда. 2020 жылы облыс бюджетінде білім беруге арналған шығыстар 109,6 млрд теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда бюджет орта есеппен 45%-ға немесе 33,9 млрд теңгеге ұлғайды.

Білім беру ұйымдарының оқу және материалдық-техникалық базасы нығайып, дамып келеді, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесі артып келеді, бұл оқушылардың оқу сапасы мен оқу жетістіктеріне оң әсерін тигізеді, халықтың сапалы білім алуға қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

Жалпы, 2020 жылға арналған жергілікті және республикалық бюджет есебінен білім беру нысандарын жөндеуге, салуға, қайта жөндеуге және материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға 13,6 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда көп қаржының бөлінгенін көрсетеді.

2020 жылы жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеге 91 білім беру нысаны жөнделді, оның ішінде Жұмыспен қамту жол картасы аясында сомасы 2645,9 млн теңгеге 65 нысан, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында сомасы 519,5 млн теңгеге 13 нысан және жергілікті бюджет есебінен сомасы 245 млн теңгеге 13 нысан жөнделді.

Облыста «Заманауи мектеп» жобасы іске қосылды, оның шеңберінде 2020-2025 жылдары кезең-кезеңімен 85 қала мектебі «толық аяқталған» қағидаты бойынша жөнделіп, жарақтандырылады. Бұл жобаны іске асыру 5 жыл ішінде барлық қала мектептерінің материалдық-техникалық базасын жөндеуге және жаңартуға мүмкіндік береді.

Әзірленген тұжырымдамаға сәйкес ағымдағы жылы жоба 6 мектепте іске асырылды.

2020 жылы 9 білім беру нысаны: 2 мектеп, 4 мектепке жапсарлас құрылыс, 2 балабақша, «Асыл Мирас» түзету кабинеті пайдалануға берілді.

2 орта білім беру нысанының құрылысы басталды, оның аяқтау 2021 жылға жоспарланған:

● Жетекші ауылында 100 орындық шағын орталығы бар 300 орындық мектеп салу;

● Павлодар қаласының «Сарыарқа» шағын ауданында 650 орындық мектеп құрылысы.

Сондай-ақ, 308 мектеп жиһазының жиынтығы, физика, химия және биология пәндері бойынша жаңа модификациялы 48 кабинет, оқушыларды мектепке тасымалдау үшін 30 автобус сатып алынды.

Барлық ауылдық мектептерде жылы дәретханалар бар. 2020 жылы 103 ауыл мектебі үшін жалпы сомасы 146,5 млн теңгеге жылы дәретханаларға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бірде-бір ауыл мектебінде ауладағы дәретханалар пайдаланылмайды.

Барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтамасыз етілген, 143 білім беру ұйымы облыстың орталық жедел басқаруына қосылған. Бұл жұмыс жалғасуда.

Оқу процесін ұйымдастыру

Бас санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес мектептердегі оқу процесі аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, түрлі форматта ұйымдастырылған.

Жалпы білім беретін 356 мектептің контингенті 300-ге дейінгі оқушыларды құрайтын 230-ы (65%) қалалық және ауылдық мектептер дәстүрлі форматта жұмыс істейді. 18 мыңнан астам бала (18233 адам) сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін болатын штаттық режимде оқитын болады. 126 (35%) мектепте 59 мыңнан астам оқушы (59 515 адам) қашықтан оқуды жалғастырады.

Ата-аналардың өтініштері бойынша 15 адамнан аспайтын сыныптардың жинақталуын сақтаған жағдайда 117 мектепте 1-4 сыныптардың 30 492 оқушысы үшін 2357 «кезекші» сынып өз жұмысын жалғастырады. «Кезекші» сыныптарда жұмыс істеу үшін 2281 бастауыш сынып мұғалімі мен пән мұғалімдері тартылды.

11 сынып түлектері үшін аралас оқыту қарастырылған: пәндердің 70%-ы дәстүрлі форматта оқытылатын болады — бұл қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға шығарылатын негізгі пәндер, 30%-ы қашықтан оқыту форматында. Оқыту «1 сынып–1 кабинет» қағидаты бойынша ұйымдастырылады, сыныптардың толықтырылуы 15 адамнан аспайды. 3209 оқушы үшін 277 топ ашылды, бұл 11 сыныптардың жалпы контингентінің 73%-ын құрайды (4414 адам).

13516 оқушы үшін сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке оқыту ұйымдастырылады.

Арнайы білім беру ұйымдарында ата-аналарының келісімімен 543 оқушы тамақтандыруды және тұруды ұйымдастырумен штаттық режимде оқитын болады, созылмалы аурулармен ауыратын 135 оқушы қашықтан оқуды жалғастырады.

Сондай-ақ, дарынды балаларға арналған 7 мектеп-интернатта 425 бала контингенті бар 1-4, 11 сыныптар үшін кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады, оның ішінде 248 бала интернаттарда тұратын болады.

2020 жылы облыс мектептері үшін 19 634 бірлік компьютерлік техника сатып алынды. Бұл барлық мұқтаж балаларды қашықтан оқыту үшін компьютерлік техникамен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бүгінгі күні компьютерлердің жалпы санынан (39 995 бірлік) оқушыларға қашықтықтан оқыту үшін 23 144 бірлік, оның ішінде ауыларда — 13 353 бірлік компьютер берілді.

Облыстың барлық 356 мектебі үшін жылдамдығы 4 Мбит/с және одан жоғары кең жолақты Интернет желісіне қолжетімді. Облыс мектептерінің 97%-ында Интернет жылдамдығы 8 Мбит/сек және одан жоғары.

Қашықтан оқыту үшін 2020 жылы жергілікті бюджеттен білім беретін интернет платформаларын сатып алуға 54 млн теңге бөлінді.

Барлық мектептер ақпараттық білім беру платформаларын пайдалану бойынша қызметтерді сатып алды. Әрбір мектеп білім беру процесіне қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін ескере отырып, онлайн режимде жұмыс істеу үшін ыңғайлы білім беру платформасын дербес таңдады.

Іске асырылған жобалар

Білім беру сапасын арттыру, қала мен ауыл білімінің арасындағы алшақтықты азайту үшін келесі жобалар жүзеге асырылып жатыр:

● дарынды балаларға арналған облыстық мектептер жанынан құрылған 13 ғылыми-әдістемелік орталық арқылы жекелеген пәндерді оқытудың үздік тәжірибесін тарату;

● облыстық мектептердің көрсеткіштері төмен мектептерге жетекшілік ету жобасы. Мамандандырылған мектептердің педагогтері оқушылардың функционалдық және оқу сауаттылығын дамыту мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, оқушыларды PISA, TIMSS халықаралық зерттеулеріне дайындау бойынша тәжірибелерімен бөліседі;

● Б. Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледж және Ж. Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі базасында мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ісі педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін мектепке дейінгі білім беру педагогтері үшін ресурстық орталықтар құрылды;

● Б. Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледж базасында «Bilim Lab» ресурстық орталығы ашылды - бұл педагогтерге тәжірибе алмасуға, Bilim Media Group инновациялық компаниясының электронды білім беру ресурстарын пайдалану тетіктерін үйренуге мүмкіндік беретін ультра заманауи және ашық алаң.

Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету

Бұл міндетті іске асыру үшін РБ-дан педагогтердің еңбекақысын 25%-ға арттыруға қаражат бөлінді, орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне педагогикалық шеберлігі, тәлімгерлігі, магистр дәрежесі үшін қосымша төлемдер белгіленді.

2020 жылы облыс әкімі «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» - «За вклад в систему образования Павлодарской области» төсбелгісін тағайындады. Бірінші кезекте бұл марапат педагог кәсібінің беделін арттыру үшін жасалған. Жыл сайын маңызды оқиғаларды мерекелеуге орай облыстың 50 үздік педагогы осы төсбелгімен марапатталады және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы сыйақы алады. Ағымдағы жылы Мұғалімдер күні мен Тәуелсіздік күні ұлттық мерекесіне орай 50 педагог марапатталды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 138,9 млн теңге бөлінді.

Сонымен қатар, облыстық «Үздік педагог» байқауының он жеңімпазы 300 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы алды.

Облыстық пән мұғалімдерінің қауымдастығы құрылды.

Балалардың құқығын қорғау

Облыста жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының желісі мен контингентін қысқарту бойынша тұрақты үрдіс байқалады. 2020 жылы интернат түріндегі соңғы балалар үйі жабылды.

2020 жылғы 1 шілдеден бастап жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының жанынан 8 ата-аналар мектебі жұмыс істейді. Бүгінгі таңда асырап алушы ата-ана ретінде үміткер 164 адам асырап алушы ата-ана мектебінде оқуға өтінім берді.

Балалар мен ата-аналарға заңгерлік, психологиялық және консультативтік көмек көрсету үшін облыс мектептерінде 341 сенім кабинеті ашылды.

Аутистік сипаттағы аурулармен ауыратын балаларға көмек көрсетудің прогрессивті жүйесін құру және енгізу мақсатында Павлодар қаласында жылына 150 баланы түзету жәрдемімен қамтитын «Асыл Мирас» психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды.

Бүгінгі таңда инклюзивті білім берумен 3294 бала немесе ерекше білім берілуі қажеттілігі бар балалардың жалпы санының 48%-ы қамтылған.

317 мемлекеттік мектепте немесе 89,2%-ында, 139 балабақшаның 137-сінде немесе 98,6%-ында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған.

Қосымша білім беру

Облыста 35 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді, қосымша білім беру мекемелері мен мектеп үйірмелерінде қамту 98% құрайды.

«Ел Үміті» жол картасы аясында «Елбасы медалі» жобасының ең белсенді 10 қатысушысы Елбасының қола медаліне ие болды.

7 сынып оқушыларын кәсіби бағдарлауға бағытталған «Edu Navigator» жобасы енгізілді. Жоба жалпы 10 мыңнан астам оқушыны қамтиды.

2020 жылы қосымша білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 52 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

Техникалық және кәсіптік білім беру

Төрт жыл ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттердің үлесі 20%-ға артты.

Облыстың 45 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 43-і қашықтан білім беру технологияларына қосылған.

Колледждерде қашықтықтан білім беру технологиясы 10 ақпараттық платформаларда жүзеге асырылады: «Platonus» АЖЖ, Moodle, Paragraph Bilim, Dot.psu.kz, EduPage, E-Study, «Sova» ААЖ, Tamos, GoogleClassroom, OES.kz. Платформаларды сүйемелдеу үшін колледждердің өз қаражатынан 29 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Академиялық дербестікті енгізу

45 колледждің 42-сі, оның ішінде 28-і мемлекеттік меншік формасымен, академиялық дербестікке дайын екендігін білдірді. Сонымен қатар, 8 колледжде индустриялық кеңес жұмыс істейді. Бұл бағыттағы жұмыс «Talap» КЕАҚ-пен бірлесіп жалғасуда. Жұмыс берушілердің (кәсіптік стандарттар), WorldSkills талаптарын және цифрлық, кәсіпкерлік құзыреттерді ескере отырып, колледждердің білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша дербестікті енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Демоемтихандар енгізу

Қорытынды аттестаттауды өткізу нысанын өзгерту бойынша жұмыс жүргізілуде. Стандартты қорытынды аттестаттау демонстрациялық емтиханға өзгертілді. 2020 жылы демоемтихандар облыстың үш колледжінде өтті: Ж. Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде, Павлодар технологиялық колледжінде және Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде.

AgroSkills және WorldSkills қозғалыстарын дамыту

Облыста жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және танымал ету мақсатында жыл сайын «WorldSkills» аймақтық чемпионаты өткізіледі. 2020 жылы аймақтық кезең Abilympics, AgroSkills және WorldSkills бағыттары бойынша өткізілді.

2019 жылы аймақтық команда WorldSkills қозғалысында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Команда WorldSkills Kazakhstan-2019 V республикалық кәсіби шеберлік конкурсында сәтті өнер көрсетті. Екі жыл ішінде облыс командасы 13 орыннан 8 орынға көтерілді. Веб-дизайн құзыреттілігі бойынша іріктеу турының жеңімпазы Афанасьева Дина 2021 жылдың қаңтарында Австриядағы EuroSkills-ке қатысты.

2022 жылы Павлодар облысы жалпы командалық есепте Қазақстан өңірлері арасында үздік бестікке енуі тиіс.

Салалық құзыреттер орталықтарын құру

2020-2021 жылдарға арналған «Жас маман» жобасын іске асыру мақсатында облыста 10 колледж анықталды, олардың базасында жалпы сомасы 3 млрд теңгеге WorldSkills талаптарын ескере отырып, заманауи жабдықтармен жарақтандырылған құзыреттілік орталықтарын құру жоспарлануда.

2020 жылы республикалық бюджеттен облыстың 5 колледжін заманауи жабдықтармен жарақтандыруға 1303,7 млн теңге сомасында қаражат бөлінді. Бүгінгі күні жабдықтарды жеткізу аяқталды.

Оқу-өндірістік кабинеттер

Ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында әрбір аудан орталығында және үш қалада 7-11 сынып оқушылары үшін оқу-өндірістік кабинеттер құрылды. ОӨК-тердің негізгі міндеті оқушыларды базалық білім мен жұмыс кәсіптерінің дағдыларына үйрету, әрі қарай В санатындағы жүргізуші, компьютерлік графика дизайнері, тігінші, шаштараз және т. б. біліктілік беру болып табылады.

3 ауысымдық оқыту мәселесін шешу

Оқушылар санының өсуіне байланысты соңғы жылдары Павлодар қаласында оқушы орындарының тапшылығы өсуде. Қалада 42 мектеп жұмыс істейді, оның 7-і ауылдық аймақта және Ленин кентінде. 1974 жылға дейін 22 мектеп, 2000 жылға дейін 14 мектеп, 2000 жылдан кейін 6 мектеп салынды.

Павлодар қаласы мектептерінің жобалық қуаты үлгілік жобаларға сәйкес 38,9 мың орынды құрайды, ал жаңа талаптар мен екі ауысымдық жұмысты ескере отырып, нақты сыйымдылығы — 37,8 мың орын, мектеп оқушыларының саны — 46,5 мың бала, тапшылық 8690 орынды құрайды. 11 мектепте екі ауысымды оқыту нормативінен асатын орын тапшылығы бар (26%).

Павлодар қаласында оқушылар санының жыл сайынғы 1,5-2 мың балаға өсуін ескере отырып, 2025 жылға қарай оқушылар орындарының тапшылығы 17,9 мың орынға дейін ұлғаяды деп болжануда. Павлодар қаласының мектептерінде 2021-2025 жылдарға орын тапшылығын жою мақсатында 8 мектеп және 11 930 орындық мектептерге 8 қосымша құрылыс салу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың соңына дейін 7 білім беру нысаны пайдалануға беріледі. 2 балабақша пайдалануға берілді.

2 орта білім беру нысанының құрылысы басталды, оны аяқтау 2021 жылға жоспарланып отыр.

 

Медициналық ұйымдар барлық қажетті ресурстармен жабдықталған

Павлодар облысында денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының көрсеткіштеріне сәйкес ана өлімі бойынша бір нысаналы индикаторға 25,7 (3 сл.) – (жоспар – 18,6) және неонаталдық өлім-жітім коэффициенті бойынша екі көрсеткішке – 3,9 (жоспар – 3,41), 10 жастан 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 0,07 (жоспар – 0,015) қол жеткізілмеді.

Көрсеткіштердің төмендегені байқалады:

  • тірі туған 1000 балаға шаққанда нәрестелердің өлім-жітімі 10,3%;
  • 1000 тірі туғандарға шаққандағы балалар өлім-жітімінің коэффициенті 16,6%;
  • 100 мың тұрғынға шаққанда онкологиялық аурулармен сырқаттанушылық 16,8%;
  • 100 мың адамға шаққанда туберкулезбен сырқаттанушылық 14%;

ЖҚЖК-2020 бағдарламасы аясында облыста 19 денсаулық сақтау нысанында ғимараттарға күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді. Барлық жобалар бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды. Денсаулық сақтау объектілерінде құрылған уақытша жұмыс орындарының жалпы саны 285 адамды құрады.

Ауылдық жерлер үшін 5 жаңа жылжымалы медициналық кешен алынды.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде онкологиялық науқастарға арналған онкодиспансер базасында 64 кесінді компьютерлік томограф іске қосылды.

Жедел медициналық жәрдем автопаркі ҚДБ лизингі арқылы жаңа 109 реанимобильмен жаңартылды.

Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы 2020 жылдың қыркүйегінен бастап «Көмек 103» бірегей ақпараттық бағдарламасын пайдаланады, онда қоңырау түскен алғашқы секундтан бастап деректерді берудің барлық жүйесі автоматтандырылған. Жүйе санитарлық автокөліктің қозғалысына секундтың дәлдігімен мониторинг жүргізеді, шақыруды қабылдауды, оны борт навигаторына беруді бірыңғай қызметке біріктіреді, бұл ретте қаланың барлық стационарлары мен емханаларының өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Ақпараттық-жедел диспетчерлік бөлімде дербес компьютерлер және бағдарламалық қамтамасыз етуі бар модемдік байланыс негізінде телекоммуникациялық желі құрылды.

Пандемия кезінде жедел медициналық көмекті Telegram-бот арқылы шақыру мүмкіндігі пайда болды.

Облыстың медициналық ұйымдарына PACS-жүйелерін енгізу белсенді жүргізілуде. 2020 жылдың басында облыстың 4 ұйымында PACS жүйесі енгізілді. Бүгінгі таңда 31 медициналық ұйымның ішінде PACS бұлтты жүйесі облыстың 16 медициналық ұйымына енгізілді, бұл 51,6% құрайды.

«№1 Павлодар қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас корпусының қабылдау бөліміне бас корпустың қабылдау бөлімін қайта құру және қайта жоспарлаумен қосымша құрылыс салу жалғасуда (1, 2 қабаттар).

«Павлодар облыстық кардиологиялық диспансері» ШЖҚ КМК базасында инсульт орталығын ашу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

№1 қалалық аурухана базасында гибридті операциялық залдарды енгізу жоспарлануда.

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 коронавирус инфекциясымен күресуде:

  1. денсаулық сақтау объектілерінің 2020-2021 жылғы күзгі-қысқы кезеңде вирустық инфекциялармен жұмыс істеуге арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі және бекітті;
  2. онкодиспансердің ескі ғимаратын 300 төсек-орындық жұқпалы аурулар госпиталі етіп қайта жаңарту аяқталды, ол «триаж орталығы» қызметін атқарады, онда науқастарды жағдайының ауырлық дәрежесіне қарай медициналық сұрыптау жүргізіледі;
  3. 200 төсек-орынға арналған модульдік инфекциялық стационар іске қосылды;
  4. 60 төсек-орынға арналған Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухана базасында жұқпалы аурулар бөліміне жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оны 2021 жылы аяқтау жоспарлануда;
  5. 2021 жылы Екібастұз қаласының жаңа жұқпалы аурулар бөліміне жөндеу жұмыстары басталады;
  6. ПТР диагностикасын жүргізетін вирусологиялық зертханалардың саны 1-ден 6-ға дейін ұлғайтылды. Жалпы қуаты тәулігіне 3350 зерттеуді құрайды, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 445 көрсеткіш. Барлық зертханалар Республикалық Ұлттық сараптама орталығының зертханалық ақпараттық жүйесімен (ЗАЖ) біріктірілген.
  7. медициналық ұйымдар барлық қажетті ресурстармен жабдықталған:
  • ӨЖЖ аппараттарының саны 3 есеге артты – 352;
  • оттегімен жабдықталған төсек-орын саны 6 есе артты;
  • 9 оттегі станциясы бар, 7 жаңа станция орнатылды;
  • денсаулық сақтау саласы қарамағында 11 КТ және 82 рентген-аппараты бар;
  1. алғашқы байланыс күшейтілді, мобильді бригадалар саны 3 есеге артты (55-тен 169-ға дейін), олар барлық қажеттіліктермен жабдықталған (көлік, ЖҚҚ, ДЗ, пульсоксиметрлер);
  2. халықты ерте вакцинациялау жүргізілді: қауіп тобындағы 72 944 адам вакцинацияланды. Сатып алынған 80 050 дозадан 72 944 доза (91,1%) түсті;
  3. өңірге 157 жас дәрігер, 129 орта медициналық қызметкер келді. COVID-19 жұқтырудың жаңа толқыны туындаған жағдайда тартылатын саны 580 адамнан тұратын (дәрігерлер – 157, орта медицина қызметкерлері – 238 және кіші медицина персоналы – 185) облыстың медицина қызметкерлерінің резерві қалыптастырылды.

Коронавирус инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Павлодар облысының медициналық ұйымдарының жұмысы барлық эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жүріп жатыр. «Лас» және «таза» аймақтарға бөлу қамтамасыз етілген.

Медициналық қызметкерлерге COVID-19-бен күресу бойынша оқыту семинарлары мен нұсқаулықтар өткізіледі.

Қабылдау санитарлық-дезинфекциялық режимді және ара қашықтықты сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі.

Стационарлық деңгейде КВИ белгілері бар жоспарлы, шұғыл және инфекциялық науқастардың ағымы бөлінген. КВИ-мен ауырған жүкті әйелдер үшін акушерлік-хирургиялық стационар жұмыс істейді.

Әр емханада құрамында бейінді мамандар мен учаскелік дәрігерлерден құралған консультативтік топтар құрылды.

Алғашқы буында COVID-19 ауруының симптомсыз, жеңіл, орташа формасымен ауырған пациенттерді медициналық бақылау бойынша 169 мобильді бригада (5 000 тұрғынға 1 мобильді бригада есебінен) құрылды. Күніне орташа есеппен 39-дан 87-ге дейін мобильді бригада іске қосылды, бұл үйге шақырған күнделікті қоңыраулардың санына байланысты. Күн сайын МСАК ұйымдарының мобильді бригадаларының шығу жұмыстарына мониторинг жүргізіледі.

БМСК ұйымдарында:

  • 50 дезинфекциялық туннель, 180 пирометр сатып алынды;
  • дене қызуы жоғары, ЖРВИ, тұмау, пневмония және COVID-19 белгілері бар пациенттерді қабылдау үшін 48 фильтр құрылды.
  • келушілердің әлеуметтік ара қашықтық пен қозғалыс бағытын қамтамасыз ету үшін еден белгілері, қоршаулар мен тосқауыл таспалары орнатылды.

Сонымен қатар, пациенттердің сатурациясы мен тамыр соғысын өлшеу үшін 3162 пульсоксиметр сатып алынды.

65 жастан асқан адамдарға үйде қызмет көрсетіледі, 3 айлық қорымен дәрілік препараттар үйлерге жеткізіледі.

Дәрілік заттар мен жеке қорғаныш құралдарының жеткілікті қоры бар.

Тұрақты негізде ЖРВИ, тұмау, пневмония және COVID-19 алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары (БАҚ-та, радиода, әлеуметтік желілерде, «Дамумед» мобильді қосымшасында сөз сөйлеу, буклеттер, брошюралар тарату және т.б.), облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшысының қатысуымен брифингтер жүргізіледі.

COVID-19 алғашқы белгілері және олар пайда болған кездегі іс-қимыл алгоритмі бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысы үшін Call орталық құрылды, 24/7 режимінде 109 қызметінде жедел желі ұйымдастырылды.

Облыстың МСАК жанындағы нөмірлерді көрсетілген Call орталықтарының жұмысы туралы ақпарат сайттарда, әлеуметтік желілерде, БАҚ-та және медициналық ақпараттық жүйелер, сондай-ақ мобильді СМС тарату арқылы Push-хабарламалар жіберу арқылы орналастырылған.

Онлайн-консультациялар көрсету мақсатында дәрігерлік персоналды және орта медициналық персоналды тарта отырып, МСАК жанындағы Call орталықтардың тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылды.

Халықпен жұмысты жақсарту үшін басқарма басшысының WhatsApp желісі, сондай-ақ жедел әрекет ету үшін медициналық ұйымдардың бірінші басшыларының WhatsApp желісі жұмыс істейді.

Облыста стационарлық және амбулаториялық деңгейде халықты қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

2020 жылы стационарлық көмек шеңберінде қосымша өтінімдерді ескере отырып (100%) жалпы сомасы 5,9 млрд теңгеге ДЗ және МБ жеткізілімдері жүзеге асырылды. Медициналық ұйымдардағы ДЗ қоры айлық қажеттілік көлемінде және одан да көп. Медициналық ұйымдарға стационарлық деңгейде жеткізу белгіленген кестеге сәйкес 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында басталды.

2020 жылы амбулаториялық көмек шеңберінде 6,27 млрд теңге сомасына ДЗ мен МБ жеткізілді. Бекітілген халықты қамтамасыз ету фактісі 99,1% құрайды. Медициналық ұйымдардағы дәрі-дәрмектің қалдығы 54 млн теңге сомасында. Қосымша, 2020 жылы COVID-19 нозологиясы енгізілді, оған 5 ДЗ атауы енгізілді: (дене қызуын түсіретін дәрілер мен антикоагулянттар: Парацетамол, Ибупрофен, Ривароксабан, Апиксабан және Дабигатран).

Тұрақтандыру қорын дәрілік препараттармен толықтыру мақсатында «Павлодар» ӘКК» АҚ «Іңкәр» ЖШС-мен 500 млн теңге сомасына қысқа мерзімді қарыз беруге шарт жасасты. Дәрі-дәрмектердің 14 партиясын жеткізу ұйымдастырылды. Облысқа барлығы 3 010 508 қаптама дәрі (аналогтарды қоса алғанда 36 позиция) әкелінді. Облыстың 212 дәріханасына тапсырыстарға сәйкес тұрақтандыру қорынан дәрілік препараттар жеткізілуде.

Барлық дәрілік заттар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 және ЖРВИ емдеу хаттамасына сәйкес келеді.

Бірыңғай дистрибьютор Нұр-Сұлтан қ. хабында 44 атау бойынша COVID-19 бойынша екі айлық дәрі-дәрмек қорын (төмендетілмейтін қор) қалыптастырды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
02 Наурыз 2021, 10:37
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
02 Наурыз 2021, 10:22
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
02 Наурыз 2021, 09:38
А. Мамин: 2025 жылға дейін ҚР АӨК-не 4 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделген
01 Наурыз 2021, 19:29
Коронавирус инфекцияcымен күрес, медициналық ұйымдарды жабдықтау, медицина саласындағы жалақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің дамуы
01 Наурыз 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен кездесу өткізді
01 Наурыз 2021, 15:13
2 наурыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
01 Наурыз 2021, 10:07
Ержан Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
01 Наурыз 2021, 08:26
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
28 Ақпан 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №101
27 Ақпан 2021, 15:24
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне шолу: 2020 жылдың қорытындысы және 2021 жылға арналған жоспар
26 Ақпан 2021, 19:55
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
26 Ақпан 2021, 18:31
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
26 Ақпан 2021, 16:20
Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау, қызметтерді цифрландыру, зейнетақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша маңызды әлеуметтік жобалардың іске асырылуы
26 Ақпан 2021, 11:02
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
26 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №75 Қаулысы
25 Ақпан 2021, 19:09
«Бәйтерек» холдингінің өңдеу секторын қаржылай қолдау көлемі 21%-ға өсті
25 Ақпан 2021, 18:27
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
25 Ақпан 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына қатысты
25 Ақпан 2021, 16:58
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады
25 Ақпан 2021, 15:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзі
25 Ақпан 2021, 13:31
Мұрат Нұртілеу ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
25 Ақпан 2021, 10:29
Әлібек Қуантыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды  
25 Ақпан 2021, 10:02
Мейіржан Юсупов ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
24 Ақпан 2021, 18:18
Е. Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді
24 Ақпан 2021, 17:56
Ернат Мұхамадиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 17:46
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
24 Ақпан 2021, 14:32
Серік Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 10:31
Асқар Үмбетәлиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
23 Ақпан 2021, 18:58
Елбасы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады
23 Ақпан 2021, 17:15
Әлеуметтік тұрақтылық және жұмыспен қамтуды сақтау: Қазақстанның өнеркәсіп секторы 2020 жылды оң даму қарқынымен аяқтады
23 Ақпан 2021, 16:11
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізді
23 Ақпан 2021, 15:56
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.02.2021
23 Ақпан 2021, 15:42
Қазақстанда тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді — Б. Атамқұлов
23 Ақпан 2021, 15:23
Мобильді топтардың дайындығы, ауа райы жағдайының мониторингі, су деңгейін бақылау — су тасқыны кезеңіне дайындық қалай өтуде
23 Ақпан 2021, 15:08
Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды
23 Ақпан 2021, 13:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №72 Қаулысы
23 Ақпан 2021, 11:48
Қазақстан экономикасын әртараптандыру АӨК әлеуетін ашу, индустрияландыру және сапалы цифрландыруды жүргізу арқылы іске асырылады
23 Ақпан 2021, 10:30
Үкімет су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесін қарады
23 Ақпан 2021, 10:00
Қазақстанда биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған
23 Ақпан 2021, 09:30
Үкімет, Ұлттық банк және ҚНРДА Макроэкономикалық саясатты үйлестіру туралы келісімге қол қойды
22 Ақпан 2021, 10:56
23 ақпан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Ақпан 2021, 10:47
Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау — 2020 жылдың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы
21 Ақпан 2021, 10:02
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №100
20 Ақпан 2021, 10:59
«Fitch Ratings» рейтинг агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «тұрақты»
19 Ақпан 2021, 19:32
Бахтияр Қожахметов ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды
19 Ақпан 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады
19 Ақпан 2021, 12:19
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын насихаттау, отандық туризмді қолдау — 2020 жылы ҚР мәдениет және спорт саласы қалай дамыды
19 Ақпан 2021, 11:08
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб өз жұмысын бастады
19 Ақпан 2021, 10:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №35 Қаулысы
19 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №42 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.