ҚР энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Қызылорда облысының халқымен есепті кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Қызылорда облысы халқымен кездесіп, аймақтағы отын-энергетикалық кешеннің қазіргі жағдайы туралы мәлімдеме жасады.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, Министрліктің қазіргі қызметі мұнай-газ және энергетика салалары сияқты стратегиялық бағыттарда шоғырланған. Атап айтқанда, газ инфрақұрылымын іске асыру, электрмен, жылумен жабдықтау және халықты мұнай өнімдерімен және сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету бойынша халық өмірінің негізгі салаларында мемлекеттік саясатты жүргізеді.

Қызылорда облысы мұнай өндіру көлемі бойынша 5-ші мұнай өндіруші өңір, оның үлесіне еліміздегі жалпы мұнай өндіру көлемінің шамамен 4,8%-ы тиесілі, яғни 2022 жылы мұнай өндіру 4 млн тоннаны құрады. Өңірде кен орындарының басым бөлігі игерудің соңғы кезеңінде тұр, бұл кен орындарында мұнай өндірудің жыл сайынғы табиғи төмендеуі байқалады.

«Жер қойнауын пайдаланушыларды қолдау және кен орындарының өмірлік циклін ұзарту мақсатында Энергетика министрлігі Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, өндірудің жаңа технологияларын дамытуға және енгізуге міндетті түрде қайта инвестициялау шартымен жетілген кен орындарын, оның ішінде салықтық сипаттағы қолдау шараларының топтамасын ұсыну мәселесін пысықтауда», — деді А. Хасенов.

Вице-министрдің айтуынша, Оңтүстік Торғай шөгінді бассейнінің бұрғылау жұмыстарымен зерттелуі шамамен 2,5-3 мың метрді құрайды. Алайда анағұрлым терең горизонттарда көмірсутек кен орындарын ашу мүмкіндігі бар.

«Бүгінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Торғай Палеозой учаскесінде тереңдігі 5 500 метр болатын кен іздеу ұңғымасын бұрғылауды бастауды жоспарлап отыр, аяқтау мерзімі – 2024 жылдың соңы. Тауарлық газ өндірісі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 175 млн. текше метрді құрады», — деді вице-министр.

Энергетика вице-министрінің баяндауынша, тауарлық газ өндіру көлемін ұлғайту мақсатында қазіргі уақытта Оңтүстік Ақсай газ конденсатты кен орнын өнеркәсіптік пайдалануға беру күтілуде, оның шикі газды өндірудің жоспарланған көлемі жылына 100 млн текше метрді құрайды. Газдың бұл көлемі Ақшабұлақ кен орнындағы газ дайындау қондырғысында өңделеді.

Бұдан басқа, жергілікті жер қойнауын пайдаланушылармен Қызылорда облысының газ ресурстық базасын пайдалану бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша қосымша 300 млн текше метр газ анықталды, алдағы уақытта олар да Ақшабұлақтағы газ дайындау қондырғысында қайта өңдеуге жіберіледі.

«Жалпы, бүгінгі таңда алынатын мұнай қоры шамамен 97 млн тоннаны құрайтынын ақпарат үшін атап өткім келеді. Мемлекеттік теңгерімдегі газдың алынатын қорлары шамамен 39 млрд текше метрді құрайды, оның 80%-ы бос газ, оны бүгінгі күнге дейін өндіру экономикалық тұрғыдан тиімсіз болды. Осыған байланысты, жер қойнауын пайдаланушыларды газ өндіру мен қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға ынталандыруға, сондай-ақ газ кен орындарын игеруге инвестициялауға мүмкіндік беретін газ сатып алудың жаңа формуласы әзірленді», — деп атап өтті А. Хасенов.

2022 жылдың қорытындысына сәйкес Қызылорда облысында аукцион арқылы жер қойнауының 2 учаскесі: Шығыс Караванчи және Орталық Караванчи учаскесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Осы учаскелер бойынша геологиялық барлауға инвестициялар – 1,8 млрд теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық базасын ұлғайту мақсатында әзірленген Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына сәйкес бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша Шығыс Ащысай, Оңтүстік Арал және Солтүстік Арал сияқты 3 перспективалы жер қойнауы учаскесі бар.

«Халықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері Министрліктің негізгі міндеттерінің бірі. Министрлік стационарлық автожанармай құю бекеттерінде АИ-80, 92-93 бензиндерін, жазғы және маусымаралық дизель отынын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын реттеуді белгіледі. Қазақстан Республикасында дизель отыны, АИ-92, АИ-95 литрінің бөлшек сауда бағасы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда едәуір төмен екенін атап өткім келеді. Алайда бұл фактор отандық мұнай өнімдерінің сыртқа әкетілуіне әсер етуде, бұл ішкі нарықта тапшылық тудырады», — деді өз сөзінде вице-министр.

Асхат Хасенов Министрлік отандық мұнай өнімдерін әкетуді болдырмау мақсатында арнайы шаралар қабылдағанынан хабардар етті. Олар:

- дизель отынының бағасы бірнеше есе жоғары шекара маңындағы елдерге бақылаусыз әкету тәуекелдерін төмендету мақсатында дизель отынының бағасын саралау белгіленді;

- мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салу ұзартылды.

Бұдан басқа, мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жүйесінде өнімсіз делдалдарды болдырмау мақсатында заңнамалық нормалар қабылданғанын жеткізді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда өңірді газдандыруға қатысты Қызылорда облысының газдандыру деңгейі 70%-ды құрайды немесе шамамен 584 мың адам табиғи газбен қамтамыз етілген. Газбен жабдықтау жөніндегі жобаларды іске асыру әртүрлі қаржыландыру бағдарламалары арқылы жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ «Қазақгаз» ҰК» АҚ компаниясының қаражаты есебінен жүргізіледі.

2023 жылы Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 13 жобаны іске асыруға 7,2 млрд теңге көлемінде қаражат көзделген. Қызылорда облысы қаржыландыру көлемі бойынша Қазақстан бойынша 3-ші орында. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Төретам, Ақай, Бірлік, Қыраш, Жайылма, Еңбекші, Абай, Досан, Шалхия, Құттықожа, Кейден және Жиделіарық сияқты 12 елді мекен газбен қамтамасыз етілетін болады. Жалпы шамамен 33 мың адам газға қол жеткізеді.

Ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету де Министрліктің басым міндеті болып табылады. Бұл жайлы вице-министр өз баяндамасында:

«Сұйытылған мұнай газын ішкі тұтыну көлемі 2022 жылы еліміз бойынша 1,8 млн. тоннаны құрады. 2021 жылмен салыстырғанда тұтыну 400 мың тоннаға өсті. Бұл ретте сұйытылған мұнай газын өндіру теріс динамиканы көрсетеді. Осылайша, өндірушілер үшін инвестициялық тартымдылықтың төмендігіне байланысты өндіру 2022 жылы шамамен 400 мың тоннаға қысқарды. Бұл ретте Қазақстанда сұйытылған мұнай газы бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты 1 литр үшін 50-ден 70 теңгеге дейінгі деңгейде. Көрші елдермен салыстырғанда елімізде сұйытылған мұнай газының бағасы 3-4 есе төмен. Қызылорда облысы үшін бағасы 1 литр үшін 60-65 теңгені құрайды», — деді ол.

Вице-министрдің хабарлауынша, өңірде 6 газ толтыру станциясы (көтерме) және 178 автомобильге газ құю станциясы бар. Облыста сұйытылған мұнай газын тұтыну 2022 жылы 90 мың тоннаны, өндіру деңгейі 75,2 мың тоннаны құрады. 2023 жылы «Сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша» Заң қабылданады деп күтілуде. Сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеуді 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделген.

Сонымен қатар жиында электр энергетикасы блогы жайлы егжей-тегжейлі ақпарат берілді. Бұл тұрғыда вице-министр:

«2022 жылы өңірде электр энергиясын өндіру көлемі 0,6 млрд кВтсағ құрады. Бұл ретте өңірдегі тұтыну 1,9 млрд. кВтсағ құрайды. Облыстың электр және жылу энергиясына деген қажеттілігін Қызылорда жылу электр орталығы қамтамасыз етеді, оның белгіленген электр қуаты 113 МВт, жылу қуаты сағатына 578 Гкал-ды құрайды», — деп атап өтті.

Оның айтуынша, жергілікті жылу электр орталығы 1964 жылы пайдалануға берілгенін назарға ала отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыстың қарқынды дамуы аясында кәсіпорын аумағында қуаты 240 МВт және 283 Гкал қазіргі заманғы бу-газ қондырғысы салынады. Болашақ энергия көзін пайдалануға беру мерзімі – 2025 жыл.

Облыстағы өңірлік электржелілік компания – «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы», оның активтерінде 10 мың км кабельдік және әуе электр беру желілері бар. Сонымен қатар кәсіпорынның теңгерімінде 1,8 мың кіші станса бар. Электр желісінің физикалық тозуы 69%-ды құрайды.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысында жалпы қуаты 89 МВт болатын 6 жаңартылатын энергия көздері объектісі жұмыс істейді. 2022 жылғы 10 қарашадағы аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша Арал ауданында қуаты 20 МВт болатын күн электр стансасын салу жобасы бойынша «Тесис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз атанды. Жобаны 2027 жылға дейін іске асыру жоспарланған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу