Сауда және интеграция бірінші вице-министрі өңір тұрғындарымен кездесті

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев тұрғындармен кездесті. 

Сонымен қатар 2018 жылы мемлекеттік қолдаумен салынған «Радуга» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Заманауи көкөніс қоймасы жеміс-көкөніс өнімдерін сапалы және жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді. Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтаудың максималды көлемі – 2120 тонна.

Сондай-ақ бірінші вице-министр «МАСЛО-ДЕЛ», «Солтүстік фанер комбинаты» ЖШС, «Рим-Қазагро» ЖШС, «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

Арман Шакқалиев атап өткендей, тұтастай алғанда мемлекет негізгі азық-түлік тапшылығын болдырмау үшін және отандық бизнес пен халықтың мүдделерін ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруды біртіндеп «жұмсақ» реттеуге көшуде. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді өз өнімдерінің бағасын өз бетінше тұрақтандыруға ынталандыруға мүмкіндік береді.

«Радуга» ЖШС-нің көкөніс қоймасы арнайы жабдықталған, онда жыл бойы 2 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін сақтауға болады. Бұл маусымаралық кезеңде көкөніс дақылдарының бағасының өсуіне жол бермейді. Сонымен қатар ол ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етеді. Айта кету керек, бұл климаттық бақылауы бар және жеміс-көкөніс өнімдерін бөлек сақтау мүмкіндігі бар аймақтағы алғашқы көкөніс қоймасы», — деді Арман Шаққалиев.

«Атамекен» ҰКП-да жеке қабылдау барысында Қазақстан халық партиясы филиалының төрағасы Сергей Мартемьянов тұтыну нарығын қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғауға қатысты мәселені көтерді. Бұл сұраққа бірінші вице-министр жауап беріп, қауіпті өнімнің отандық нарықтағы айналымның Кәсіпкерлік кодекске сәйкес заңмен дереу жолын кесу үшін жедел ден қоюдың екі шарасы көзделгенін атап өтті: бұл расталған сынақтардың нәтижелері бойынша қауіпті өнімді алып қою және сертификаттаудан өтпеген немесе сертификаты жоқ айналымға өнімді шығаруға тыйым салу. 

Сонымен қатар сауда және интеграция бірінші вице-министр Арман Шаққалиев ауыл шаруашылығы саласындағы ең ірі өңірлердің бірі ақмола облысына барды. Көкшетау қаласында өңір тұрғындарымен кездесу барысында ол атқарушы қызметтің азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету және негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша атқарып жатқан шаралары туралы баяндады. 

Сауда және интеграция бірінші вице-министр Арман Шаққалиев биыл бірінші жартыжылдықта елімізде қант тапшылығы мәселесіне туындағанын еске салды. Қант – импортқа тәуелділігі жоғары әлеуметтік өнімдердің бірі. Осы жылы кейбір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (пияз, жұмыртқа) бағасының күрт өсуі байқалды. Оның айтуынша, алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін үкімет жедел әрі жүйелі шаралар қабылдауды жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, мынадай жедел шаралар қабылданады:

  • мемлекеттік қолдау тікелей өндірушілерге, яғни қант зауыттарына бөлінетін айналым схемалары бойынша қаржыландырудың өзгеруі. Жақында екі министрлік – Сауда және интеграция және Ауыл шаруашылығы, «Көкше» ӘКК және қант зауыттары қант бағасын тұрақтандыру жөніндегі меморандумға қол қойды. Енді Ақмола облысына шикізатты қант зауыттарының сатып алуға айналым қаражатын толықтыру үшін 957 млн теңге бөлу қажет (қанттың тіркелген бағасы 460 теңге/кг).

Анықтама: өңірлер бөлінісінде қантқа қажеттілік және қаржыландыру бойынша мүмкіндіктер есептелген. Қаржыландыру көздері – әкімдіктер (25 млрд теңге), ірі жеткізушілер (12 млрд теңге), сауда желілері (1,5 млрд теңге). 13 өңірде қарыз шарттары қол қою сатысында. 

  • жалпы республика бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында қазіргі кезде ірі сауда объектілерімен сауда үстемесін 10%-ға дейін төмендету туралы 130-дан астам меморандумға қол қойылды.

Бұл бағыттағы жұмыс сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің ерекше бақылауында тұр.

Арман Шаққалиевтің айтуынша, қант бағасын тұрақтандыру бойынша жүйелі шаралар 2026 жылға дейін есептелген қант өнеркәсібін дамытудың кешенді жоспарына енгізілген. Бұл шаралардың қатарында қант қызылшасын өсіру алаңдарын ұлғайту және тұрғындарды қантпен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету үшін отандық зауыттарды жаңғырту көзделген.

Тұтастай алғанда, мемлекет негізгі азық-түлік тапшылығын болдырмау үшін және отандық бизнес пен халықтың мүдделерін ескере отырып, бағаны тұрақтандырудың «қатаң» құралдарын пайдаланудан біртіндеп алыстайтын болады.

«Бүгін біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің ең шеткі және рұқсат етілген бөлшек сауда бағасының мөлшерін белгілеу Ережелерін қайта өңдеп жатырмыз, олар тәжірибе жылдарында тиімділігін дәлелдей алмаған және бизнес тарапынан көптеген шағымдар тудырған. Ереженің жаңа жобасы  ӘМАТ (Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары) бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінің мөлшерін белгілеу үшін әкімдіктердің есеп айырысу түрлерін айқындайды», — деді сауда және интеграция бірінші вице-министрі.

Есептеулер барысында мыналар ескеріледі:

– әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілердің өзіндік құны және сату бағасы;

– өндірушіден сату орнына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының логистикасына шығындар;

– ішкі сауданың көтерме және бөлшек сауда субъектілерінің 15%-дан аспайтын мөлшердегі сауда үстемелері;

– өндірушілер мен ішкі сауда субъектілерінің залалды қызметіне жол бермеу;

– сақтау шығындары.

Жалпы, мемлекет біртіндеп «жұмсақ» реттеуге көшуге ниетті. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді өз өнімдерінің бағасын өз бетінше тұрақтандыруға ынталандыруға мүмкіндік береді. «Жұмсақ» реттеу әдістері – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді «айналым схемалары» бойынша тікелей  қаржыландыру тәсілдерін өзгерту, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу, қызмет тізбегін талдау және азық-түлік бағасына тікелей әсер ететін өңірлік комиссиялардың жұмысы шеңберінде өнімсіз делдалдарды анықтау. Сонымен қатар бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігі бағаны тұрақтандыру тетігі ретінде «форвард»  ұғымын енгізуді көздейтін ӘМАТ (Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары) бағасын тұрақтандыру тетіктерінің үлгілік қағидаларына түзетулер әзірледі. Бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндіруге, оларды кейіннен белгіленген бағамен жеткізуге алдын ала қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бірінші вице-министр ұн тарту саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер тарапынан өнеркәсіптік қызмет субъектілеріне шығындарды өтеу ережелерінің жаңа редакциясын қабылдау, ұн және басқа да тауарлар шығарылған сыртқы нарықтарға отандық тауарларды жылжыту бойынша шағымдар болғанын атап өтті. 

Оның айтынша, Сауда және интеграция министрлігі агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің шығарылған түрлерін Өңделген тауарлар тізбесіне қайта енгізу бөлігінде жоғарыда аталған бұйрыққа толықтырулар енгізді. Айта кету керек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, оның ішінде ұн тартатын кәсіпорындардың 2022 жылы берген барлық өтінімдері міндетті түрде және кезек тәртібімен қаралатын болады.

Бұдан бөлек, Арман Шаққалиев «Әлеуметтік әмиян» жобасын іске асыруға тоқталды.

Аталған жобаның көмегімен азаматтар мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы ала алады. «Әлеуметтік әмиян» азаматтың ЖСН негізінде автоматты түрде жасалады, оған мемлекет бөлетін қаражат түседі. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін «Әлеуметтік әмиян» модулі eGov mobile қосымшасында іске асырылатын болады. Бұл үшін - «әлеуметтік әмиян»  қосымшасын жүктеу, авторизация мен сәйкестендіруден өту керек. 

Оның сөзінше, қосымшаның көмегімен азамат қаржыны басқара алады – тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін ақы төлей алады, шоттарға екінші деңгейдегі банктерге, басқа төлем жүйелеріне аудара алады. Бірінші кезеңде «Әлеуметтік әмиянға» баланың тууы бойынша және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақыларды, атаулы әлеуметтік көмекті аудару көзделеді. Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің барлық түрлерін «Әлеуметтік әмиянға» аудару мәселесі пысықталып жатыр.

«2022 жылдың соңына дейін пилоттық жобалар шеңберінде «Әлеуметтік әмиянда» мемлекеттік қызметтің үш түрі сынақтан өткізілетін болады. Оң нәтижелер болған жағдайда келесі жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың монетарлық және монетарлық емес түрлерін өнеркәсіптік пайдалануға беру жоспарлануда», — деді сауда және интеграция бірінші вице-министрі . 

Сонымен қатар бүгінгі таңда ішкі нарықты және отандық өндірушілерді қорғау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі жанынан Ахуалдық штаб құру мәселесі пысықталып жатыр.

Ахуалдық штабтың қызметі шеңберінде экспорт елдеріндегі техникалық кедергілерді анықтау, жою және біздің елімізде осы тақылеттес межелерді жасау жөніндегі осындай арнайы функцияларды шоғырландыру жоспарланып отыр. Жұмыс салалық мемлекеттік органдармен (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және т.б.) бірлесіп жүргізілетін болады.

Айта кету керек, мемлекет отандық тауар өндірушілерді қолдауға барлық күш-жігерін жұмсауда, кәсіпкерлерге несие беру тәсілдері қайта форматталуда.

Қазіргі уақытта негізгі әлеуметтік тауар өндірушілерімен белгіленген бағаны қамтамасыз ету үшін қажетті көмекті талдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өндірушілерімен тиісті меморандумдарға отыру бойынша жұмыстар пысықталуда.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу