Роман Скляр Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында өңдеу өнеркәсібі жобаларының мониторинг жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

Ведомствоаралық комиссия мүшелері Индустрияландырудың бірыңғай картасы мәселелерін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алған өңдеуші өнеркәсіп жобаларын бағалау құралы ретінде, сондай-ақ кейбір заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер енгізуді қарастырды.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары өңірлер мен ел экономикасы үшін қажет өнімді болжау мақсатында ақпарат жүйелерін қолдану арқылы инвестициялық жобалардың бірыңғай мониторинг жүйесін енгізудің маңызын атап өтті.

Сонымен қатар отырыста өңдеу өнеркәсібі саласындағы бірқатар өзекті мәселе қаралды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу