Серік Жұманғарин 2022 жылғы Стратегиялық бастамалар форумына қатысты

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 16 қарашада Стратегиялық бастамалар форумында сөз сөйледі.

Аталған алаңда сауда және интеграция министрі ауыл шаруашылығы, сауда, логистиканы дамыту перспективаларын ұсынды.

«Біздің реформаларымызды белгілейтін трендтер – деглобализациялау. Сонымен қатар энергетикалық және азық-түлік дағдарысы орын алып жатыр. Біз, ең алдымен, ауыл шаруашылығында мәжбүрлі түрде реформалар жүргізіп жатырмыз. Сүт өнімдерінің мысалында статистиканы ретке келтіру, субсидия алуға кепілдік беріп, мінез-құлық шарттарын әзірлеу қажет екенін атап өтемін. Сүт шаруашылығы, мал шаруашылығын дамыту үшін жемшөп қоры бар және “арзан” ақша беруге болатын шаруашылықтарды анықтауымыз керек. Сонымен қатар қызыл ет, құс және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында жұмыс істейтін боламыз. Бұл мәжбүрлі реформа нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік қаражаттың қатаң бағытталуын мақсат етеді. Өйткені бәрі азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер ететін инфляцияны импорттай бастағанда, нарықтарға сырттан түсетін қысым салдарынан болып отыр», — деді Серік Жұманғарин. 

Сондай-ақ вице-премьер мемлекеттік қолдау алу үшін сөзсіз мінез-құлық шарты ретінде барлық шаруашылықтардың агрономиялық көрсеткіштерді сақтау қажеттігін мәлімдеді.

Сонымен қатар Серік Жұманғарин тауарларды жеткізудің экспорттық логистикасының өзгеруіне тоқталды, осы орайда жақын болашақта ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта бөлу шегін қайта қарау қажет болады. Мысалы Шығыс Африка нарықтарына астық жеткізу қиын, алайда одан жасалатын ұн мен кеспе оңай жеткізіледі. 

Вице-премьер зерттеулер деректерін келтірді, соған сәйкес қазіргі уақытта Қазақстанның ЖІӨ құрылымында сауда 18,3%-ды құрайды. Жер шары халқының 63%-ы – 40 жасқа толмаған адамдар, олар сатып алулардың 85%-ын онлайн жасап, 40%-ын ұялы телефон арқылы рәсімдеуді жөн көреді.

«Бұл сауданың біртіндеп цифрлық форматқа ауысып, дәстүрлі дүкендердің кетуіне әкелуі мүмкін. Алдымен бұл дүкен, содан кейін дүкен-қойма, содан кейін бонд қоймасы немесе жалпы fulfilment-орталық болады. Мемлекеттік саясат сауданың заманауи форматын, “А” санатындағы сауда орталықтарын дамытуды қолдауға бағытталатын болады», — деді сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу