Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Шағын және орта бизнес ‒ жұмыс орындарын құрудың және халықтың табысын арттырудың негізгі көзі — Ә. Ерғалиев

Сейсенбі, 16 Ақпан 2021, 11:45:30

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2021 жылғы қаңтардағы республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындысы қаралды. Ел экономикасының жағдайы туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев баяндады.

Министрдің айтуынша, 2021 жылы әлемдік экономиканың даму перспективалары айқын емес. Бірқатар перспективалы вакцинаның әзірленуіне қарамастан, пандемияға байланысты тәуекел сақталып отыр.

«Жеке сектордың 2020 жылы капиталды жоғалтуы биылғы әлемдік сауданың қалпына келу перспективаларын шектейді. Өткен жылғы инвестициялық ағындардың рекордтық төмендеуі әлемдік экономиканың потенциалды өсуінің орта мерзімді тежеуші факторы болады. Ірі әлемдік экономикалар арасындағы қарама-қайшылықтың созылуы әлемдік өндіріс құрылымын одан әрі қайта бөлуге әкеледі», — деді Ә. Ерғалиев. 

Жаһандық экономиканың аталған даму перспективаларын негізге ала отырып, ауқымды вакцинациялаудың тиімділігіне байланысты Дүниежүзілік Банктің қаңтардағы болжамында 2021 жылы әлемдік экономиканың 1,6%-дан 5%-ға дейінгі даму сценарийлері айқындалды.

2021 жылғы бірінші айдың қорытындысы бойынша, кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, нақты сектор 3,6% деңгейінде өсім көрсетті.

Негізгі капиталға инвестициялар, кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, 25,5%-ға өсті. Бұл алдағы уақытта экономиканың тұрақты өсіміне негіз болады.

Жылдық инфляция 7,4%-ға дейін баяулады.

Ведомство басшысының мәліметінше, кен өндіру өнеркәсібінен басқа нақты сектордың барлық саласы өсім көрсетті. Олар: құрылыс, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы салалары. Көрсетілетін қызметтер саласының тұрақтануы байқалады.

ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты мұнай өндірудің 12,3%-ға қысқаруы кен өндіру өнеркәсібінің төмендеуіне әкелді.

«Өңдеу өнеркәсібі салаларында өсім жалғасуда. Машина жасау 16,2%, оның ішінде автомобиль жасау – 21,2%, химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру – 12,8%, құрылыс материалдары өндірісі 11,8% деңгейінде жоғары өсім қарқынын сақтап қалды. Сондай-ақ киім өндірісі 9,2%-ға және фармацевтика өндірісі 4%-ға өсті. Жалпы алғанда өңдеу өнеркәсібінің өсімі 3%-ды құрады. 11 өңір өсім көрсетті. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласында өңдеу өнеркәсібі бойынша жоғары өсім байқалады», — деді ұлттық экономика министрі.

Сонымен бірге экономика салаларының көбінде негізгі капиталға инвестициялар серпінді қарқынмен өсуде. Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, инвестициялардың орташа өсуі 25,5%-ды құрады.

«Инвестиция құрылыс саласында 2,3 есеге айтарлықтай өсті. Өңдеу өнеркәсібі – 2,2 есе, ауыл шаруашылығы – 1,7 есе, көлік – 34%, ақпарат және байланыс – 25%, жылжымайтын мүлікпен операциялар 18% деңгейінде өсім көрсетті. Инвестициялар бойынша 13 өңірде өсім байқалады. Ең жоғары көрсеткіштер Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тіркелді», — деді ұлттық экономика министрі.

Барлық өңірде құрылыс жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарының қарқынды жүруі Түркістан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалады.

Жалпы алғанда, атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 7%-ға өсті.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру өсімі жалғасуда. Биыл қаңтарда 801 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 9,4%-ға жоғары.

«Маңғыстау облысынан басқа барлық өңірлде өсім тіркелді. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру Шымкент қаласында 2,8 есеге, Атырау облысында 2,3 есеге артты», — деді Ә. Ерғалиев.

Ауыл шаруашылығында өсім 2,5%-ды құрады.

11 өңірде оң серпін байқалды. Ауыл шаруашылығында жоғары өсімді Ақмола облысы және Шымкент қаласы көрсетті.

7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлік бөліністегі жалпы жағдай мынадай.

5 көрсеткіш бойынша 6 өңір өсім көрсетті. Олар: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы.

7 өңірде 4 көрсеткіш бойынша өсім тіркелді. Бұл – орташа деңгей. 4 өңірде 2-3 көрсеткіш бойынша өсім байқалды.

Министр Мемлекет басшысы қойған мақсаттарды және Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын ескере отырып, 2021 жылы қол жеткізу қажет нысаналы индикаторлар айқындалғанын атап өтті.

«Ең алдымен, биыл экономиканың өсімін 3%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Осы мақсатта әрбір сала мен өңір үшін нысаналы параметрлер айқындалды. Сондай-ақ басты міндеттердің бірі 2021 жылы 15,4 трлн теңге сомаға инвестициялар тарту болып табылады. Бұл инвестицияларды жалпы ішкі өнімнің 20% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған республика бойынша көрсеткіштер егей-тегжейлі пысықталып, экономика салаларының бөлінісінде және әрбір өңір бойынша бекітілді», — деп мәлімдеді ұлттық экономика министрі.

Мысалы, биыл Қарағанды облысының жалпы өңірлік өнімнің өсуін 3,6% деңгейінде қамтамасыз ету көзделіп отыр. 725 млрд теңге сомаға инвестиция тарту жоспарланған. Биыл 662 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беріледі. Бұл өтке жылмен салыстырғанда 25%-ға жоғары. Нәтижесінде 34 мыңға жуық жұмыс орны құрылады.

«2021 жылы Қарағанды облысында 17 білім беру нысанының құрылысы жоспарлануда. 11 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталады. Сапалы автомобиль жолдарының үлесін 85%-ке дейін жеткізу жоспарланып отыр. Қала халқының 100%-ы және ауыл халқының 90%-ы сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізе алады», — деп хабарлады Ә. Ерғалиев.

Ақтөбе облысында 190 ауылдың даму әлеуеті бар. Биыл әлеуметтік және инжинерлік инфрақұрылымды жақсарту үшін 35 ауылда 75 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл 70 мыңға жуық ауыл тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартуға және 1 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Қойылған міндеттерді іске асыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2021 жылы экономиканы дамытудың мынадай факторларына назар аударуы ұсынылады:

  1. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шеңберінде мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру және салықтық-кедендік әкімшілендіруді жақсарту бойынша шаралар қабылдау қажет;
  2. Жаңа инвестициялық циклді қалыптастыру экономиканың қалпына келуі мен одан әрі сапалы дамуының базалық шарты болып табылады.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ ұлттық компаниялар сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту бойынша үйлестірілген жұмыс жүргізуі қажет.

  1. Шағын және орта бизнес – жұмыс орындарын құру және халықтың табысын арттырудың негізгі көз. Осыған байланысты қолжетімді кредитпен қамтамасыз ету жалғасады. Жүйелік мәселелерді шешу шеңберінде қайта реттеу, жекешелендіру және бәсекелестікті дамыту бойынша шаралар қабылданады.
  2. Кейінгі үрдістер экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін базалық импортқа тәуелділікті төмендету және ішкі сұраныстың әлеуетін пайдалану қажеттілігін көрсетті.
  3. Жүргізіліп жатқан контрциклді макроэкономикалық саясат шеңберінде сапалы инфрақұрылымды белсенді дамыту қажет. Бұл қосымша жұмыс орындарын құруға және іскерлік белсенділікті ынталандыруға, сондай-ақ экономикалық өсу потециалының ұлғаюына мүмкіндік береді.

«Жалпы алғанда, іскерлік белсенділікті қолдау бойынша шұғыл шараларды уақытылы іске асыру, сондай-ақ құрылымдық және институционалдық реформаларды жүргізу экономиканың болашақтағы тұрақты және сапалы дамуына қажетті негіз болады», — деп түйіндеді Ә. Ерғалиев.

Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді инвесторлармен нақты жұмыс істеу үшін 2012 жылы инвестицияларға жауапты облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің арнайы орынбасарлары лауазымы енгізілгенін атап өтті.

Аталған шара өзінің тиімділігін көрсетті, алайда жылдар өте келе әкімдердің арнайы орынбасарларының функционалы оларға бейінді емес міндеттердің жүктелуімен тасада қалып қойды.

Мәселен, бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында ғана әкімдердің арнайы орынбасарлары тек қана инвестициялар мәселелерімен айналысады. Қалған облыстарда оларға инвестиция мәселелерімен айналысуға мүмкіндік бермейтін басқа да міндеттер жүктелген.

«Сондықтан өңірлер әкімдері орынбасарларының функционалдық міндеттерін қайта қарап, инвестициялар тартуға бастапқы бағдарға оралу қажет деп санаймын. Салалық министрліктер мен квазимемлекеттік ұйымдарда да инвесторлармен жұмыс істеу мәселелерінде шашыраңқылық бар. Осыған байланысты бірінші басшылар нақты жоспарлары мен көрсеткіштері бар инвесторлармен жұмыс істеу үшін жауапты орынбасарларын айқындаулары қажет», — деді М. Тілеуберді.

Сонымен қатар жыл қорытындысы бойынша Инвестициялық штабта қаралатын өңірлердің инвестициялық рейтингі әзірленеді.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов жыл басы экономикалық белсенділіктің баяулауымен байланысты екенін атап өтті. Дегенмен биылғы қаңтар айында экономиканың бірқатар өндірісі мен саласы өсімін ұлғайтқан.

Көптеген елде, соның ішінде Қазақстанда, халықты жаппай вакциналаудың басталуы, қабылданған ынталандыру шараларының арқасында әлемдік экономикалық белсенділіктің жандану перспективалары, коронавирус инфекциясының таралуының бәсеңдеуі әлемдік экономика өсу жолына түседі деп болжауға мүмкіндік береді.

«Елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін ескере отырып, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестицияларды тартуға, сыртқы сауданы ынталандыруға, бәсекелестікті дамытуға және жұмыспен қамтуға бағытталған іс-шараларды ерекше бақылауға алуы керек», — деп қорытындылады Ә. Смайылов.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
02 Наурыз 2021, 10:37
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
02 Наурыз 2021, 10:22
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
02 Наурыз 2021, 09:38
А. Мамин: 2025 жылға дейін ҚР АӨК-не 4 трлн теңгеден астам инвестиция тарту көзделген
01 Наурыз 2021, 19:29
Коронавирус инфекцияcымен күрес, медициналық ұйымдарды жабдықтау, медицина саласындағы жалақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің дамуы
01 Наурыз 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен кездесу өткізді
01 Наурыз 2021, 15:13
2 наурыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
01 Наурыз 2021, 10:07
Ержан Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
01 Наурыз 2021, 08:26
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
28 Ақпан 2021, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №101
27 Ақпан 2021, 15:24
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне шолу: 2020 жылдың қорытындысы және 2021 жылға арналған жоспар
26 Ақпан 2021, 19:55
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
26 Ақпан 2021, 18:31
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
26 Ақпан 2021, 16:20
Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау, қызметтерді цифрландыру, зейнетақы реформасы — 2020 жылдың қорытындысы бойынша маңызды әлеуметтік жобалардың іске асырылуы
26 Ақпан 2021, 11:02
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
26 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №75 Қаулысы
25 Ақпан 2021, 19:09
«Бәйтерек» холдингінің өңдеу секторын қаржылай қолдау көлемі 21%-ға өсті
25 Ақпан 2021, 18:27
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
25 Ақпан 2021, 18:07
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына қатысты
25 Ақпан 2021, 16:58
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады
25 Ақпан 2021, 15:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзі
25 Ақпан 2021, 13:31
Мұрат Нұртілеу ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
25 Ақпан 2021, 10:29
Әлібек Қуантыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды  
25 Ақпан 2021, 10:02
Мейіржан Юсупов ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
24 Ақпан 2021, 18:18
Е. Тоғжанов COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді
24 Ақпан 2021, 17:56
Ернат Мұхамадиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 17:46
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
24 Ақпан 2021, 14:32
Серік Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды
24 Ақпан 2021, 10:31
Асқар Үмбетәлиев ҚР Әділет министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
23 Ақпан 2021, 18:58
Елбасы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады
23 Ақпан 2021, 17:15
Әлеуметтік тұрақтылық және жұмыспен қамтуды сақтау: Қазақстанның өнеркәсіп секторы 2020 жылды оң даму қарқынымен аяқтады
23 Ақпан 2021, 16:11
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесу өткізді
23 Ақпан 2021, 15:56
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.02.2021
23 Ақпан 2021, 15:42
Қазақстанда тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді — Б. Атамқұлов
23 Ақпан 2021, 15:23
Мобильді топтардың дайындығы, ауа райы жағдайының мониторингі, су деңгейін бақылау — су тасқыны кезеңіне дайындық қалай өтуде
23 Ақпан 2021, 15:08
Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды
23 Ақпан 2021, 13:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №72 Қаулысы
23 Ақпан 2021, 11:48
Қазақстан экономикасын әртараптандыру АӨК әлеуетін ашу, индустрияландыру және сапалы цифрландыруды жүргізу арқылы іске асырылады
23 Ақпан 2021, 10:30
Үкімет су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесін қарады
23 Ақпан 2021, 10:00
Қазақстанда биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған
23 Ақпан 2021, 09:30
Үкімет, Ұлттық банк және ҚНРДА Макроэкономикалық саясатты үйлестіру туралы келісімге қол қойды
22 Ақпан 2021, 10:56
23 ақпан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Ақпан 2021, 10:47
Денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау — 2020 жылдың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы
21 Ақпан 2021, 10:02
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №100
20 Ақпан 2021, 10:59
«Fitch Ratings» рейтинг агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «тұрақты»
19 Ақпан 2021, 19:32
Бахтияр Қожахметов ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды
19 Ақпан 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады
19 Ақпан 2021, 12:19
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын насихаттау, отандық туризмді қолдау — 2020 жылы ҚР мәдениет және спорт саласы қалай дамыды
19 Ақпан 2021, 11:08
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб өз жұмысын бастады
19 Ақпан 2021, 10:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №35 Қаулысы
19 Ақпан 2021, 10:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №42 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.