Үкімет заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарын қарастырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2022 жылға арналған жоспар жобасы қаралды.

Әділет министрі Марат Бекетаев баяндама жасады, ол 2021 жылы Үкімет 25 заң жобасын әзірлегенін, оның 5-уіне Мемлекет басшысы қол қойғанын, 1-уін Парламент қабылдағанын, 18-і Парламент қарауында жатқанын, 1-уі осы жылдың соңына дейін Парламентке енгізілетінін хабарлады.

2022 жылға арналған жоспар жобасында 26 заң жобасын әзірлеу көзделген, оның 16-сы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға қатысты.  Бірінші жартыжылдықта 7 заң жобасын, екінші жартыжылдықта 19 заң жобасын әзірлеу жоспарлануда.   

Келесі жылы «ҚР Әлеуметтік кодексі» жобасы, жергілікті өзін-өзі басқару, кәсіптік біліктіліктер, агломерацияларды дамыту, жылу энергетикасы туралы заң жобалары және т.б. әзірленеді.

Премьер-Министр мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобаларының сапалы әзірленіп, Үкімет пен Парламентке уақтылы енгізілуін қатаң бақылауды тапсырды.   

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу