Үкіметте «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына кешенді тексеру жүргізу мәселелері талқыланды

Бейсенбі, 12 қаңтарда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен және оның кеңесшісі Биджу Наирмен кездесті.

Әлихан Смайылов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен АМТ арасында қол қойылған меморандум аясында қазақстандық тарап кәсіпорынға қаржылық, техникалық және экологиялық аудит жүргізу үшін тәуелсіз халықаралық консультанттарды шақырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Премьер-Министр «АрселорМиттал Теміртауға» кешенді аудит жүргізу кестесі жіберілгенін айтты.

Өз кезегінде Виджай Гоял барлық тексеру шараларына толық жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу