Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Үкіметте «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті

Жұма, 05 Наурыз 2021, 18:13:53

Үкіметте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуы, жаңа мектептер салу және бизнесті қолдау мәселелері қаралды.  

2025 жылға қарай елімізде 800 жаңа мектеп салынады, шағын қалалардағы, облыс орталықтары мен ауылдардағы тағы 5000 мектеп жаңартылады. Барлық ауыл мектептері жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә. Смайылов апатты және үш ауысымды мектептер проблемаларын жою үшін барлық механизмдерді қолдану қажет екендігіне назар аударды. Атап айтқанда, МЖӘ тетігі, жекеменшік мектептер ашу, мемлекеттік бюджет және Жұмыспен қамтудың жол картасы есебінен нысаналы құрылыс салу ұсынылады. Осы тармақтар бойынша Білім және ғылым министрлігіне нұсқау берілді.

Жұмыс тәжірибесі жоқ университет түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері де штабтың басты назарында. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Алғашқы жұмыс орны» жобасын іске қосады, жылына орта есеппен 5000 адам қамтылмақ.

Ә. Смайылов бұл тармақтардың маңыздылығын атап өтіп, қазіргі кезде жас мамандардың университетті немесе колледжді бітіргеннен кейін бірден жұмыс таба алмайтынын, жұмыс берушілердің жұмыс тәжірибесі бар кадрларға басымдық беретінін баса айтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі NEET санатындағы жастар мен жұмыссыз жастардың статистикасын ұсынды.

Вице-премьер жергілікті атқарушы органдарға жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мәселесін одан әрі шешу үшін олардың санына талдау ұсынуды, сондай-ақ осы тармақты іске асыру үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, штабта жас кәсіпкерлер үшін жаңа бизнес-идеяларды ынталандыру мәселесі қаралды. Атап айтқанда, штаб бұл бизнесті қолдаудың тиімді құралдарының бірі екеніне сенімді. Тек 2020 жылдың өзінде 45 мың грант бөлінді, оның ішінде 11 мың грантты жас кәсіпкерлер алды. 2025 жылға дейін жыл сайын 10 мың грант бөлінеді деп шамалануда.

Ә. Смайылов сапалы білім беру инфрақұрылымын дамыту халықты жұмыспен қамтылуын қолдау сияқты маңызды мәселе екенін атап айтты.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің бірінші орынбасары партияның сайлауалды бағдарламасының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық деңгейдегі атқарушы органдардың үйлесімді өзара әрекеттестігі қажет екенін атап өтті. Осындай өзара әрекеттестікті ұйымдастырудың ең тиімді әдісі - жобаны басқару. Осыған байланысты ҚР Үкіметі ұлттық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін арнайы кеңсе құрды.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
10 Сәуір 2021, 13:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов «Орталық Азия» ХСЭЫО жобасын іске қосты
09 Сәуір 2021, 18:29
А. Мамин Байқоңыр қ. барды және «Роскосмос» басшысы Д. Рогозинмен келіссөз өткізді
09 Сәуір 2021, 15:49
Мемлекет басшысының өкімімен Қ. Жайсаңбаев ҚР ПӘ Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
09 Сәуір 2021, 15:43
12 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Сәуір 2021, 10:04
Қ. Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавровты қабылдады
09 Сәуір 2021, 08:43
А. Мамин «One Web» басшылығымен ҚР-да спутниктік интернетті дамытуды талқылады
08 Сәуір 2021, 19:11
Мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту, ҰБТ тапсырудың жаңа форматы, ЖОО-ларды лицензиялау - А. Аймағамбетов ҚР БҒМ қазіргі жұмысы туралы
08 Сәуір 2021, 15:47
Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады
08 Сәуір 2021, 15:27
Президент өкімімен Н. Сауранбаев ҚР ПӘ мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
08 Сәуір 2021, 14:08
ЕЭК Кеңесінің отырысына қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады
07 Сәуір 2021, 21:27
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:15
Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрі қабылдады
07 Сәуір 2021, 21:05
Қ. Тоқаев Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілді қабылдады
07 Сәуір 2021, 18:00
Өнеркәсіп, құрылыс, жұмыспен қамту: Жамбыл облысының 2020 жылғы даму қорытындысы
07 Сәуір 2021, 16:38
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
07 Сәуір 2021, 16:19
Мемлекеттік комиссия ШОБ қолдаудың қосымша шараларын қарастырды
07 Сәуір 2021, 08:46
«Wizz Air» лоукостері Түркістан мен Алматыға әуе рейстерін ашуға ниетті
06 Сәуір 2021, 19:45
Қ. Тоқаев Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі қабылдады
06 Сәуір 2021, 12:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.04.2021
06 Сәуір 2021, 12:21
2025 жылға дейін еліміздегі барлық жолдар жол бойы сервисімен қамтамасыз етіледі — ҚР ИИДМ
06 Сәуір 2021, 11:20
600-ден аса вакцинация кабинеті, 800 мұздатқыш жабдық және 3 мың термоконтейнер дайындалды — ҚР ДСМ
06 Сәуір 2021, 10:08
Биыл ҚР-да 6 мың шақырым автомобиль жолын реконструкциялау және салу бойынша ірі жобалар іске асырылады
06 Сәуір 2021, 09:53
2021 ж. қыркүйекте Қазақстанда вакцинациялауға жататын 10 млн адамға вакцина салу аяқталады
05 Сәуір 2021, 19:53
Вакцинациялаудың электрондық паспорты, жеке деректерді қорғау және байланыс сапасын жақсарту — Қазақстанда цифрландырудың дамуы
05 Сәуір 2021, 17:27
Қ. Тоқаев ҚР Ұлттық Банкі басшылығының құрылымында кадрлық өзгерістер жасады
05 Сәуір 2021, 14:59
6 сәуір күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
05 Сәуір 2021, 14:34
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
05 Сәуір 2021, 14:29
Қ. Тоқаев ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілін тағайындады
05 Сәуір 2021, 12:00
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов Саран қ. шина зауытының құрылысын бастап берді
04 Сәуір 2021, 09:56
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №106
03 Сәуір 2021, 16:30
Е. Тоғжанов Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысын өткізді
02 Сәуір 2021, 19:17
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
02 Сәуір 2021, 15:14
Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлері «Қордай — Ақ Жол» жаңғыртылған өткізу пунктін ашты
02 Сәуір 2021, 14:21
Қ. Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Е. Досаевты қабылдады
02 Сәуір 2021, 09:38
Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
01 Сәуір 2021, 20:27
Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді
01 Сәуір 2021, 18:57
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
01 Сәуір 2021, 13:06
Инвестициялар тарту, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын құру — Батыс Қазақстан облысының 2020 жылғы дамуы
01 Сәуір 2021, 11:57
Үкіметте электрондық сауда мәселесі мен ЕАДБ-ның жаңа стратегиясы талқыланды
31 Наурыз 2021, 20:47
Елбасы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31 Наурыз 2021, 20:33
Мемлекет басшысы онлайн форматта өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитіне қатысты
31 Наурыз 2021, 19:08
Қазақстан Германиямен көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
31 Наурыз 2021, 16:55
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
30 Наурыз 2021, 18:37
А. Мамин ЕҚҚДБ президенті О. Рено-Бассомен ҚР-да бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады
30 Наурыз 2021, 18:20
Әділбек Сәрсембаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
30 Наурыз 2021, 18:17
Талғат Жанжүменов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
30 Наурыз 2021, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2021, 16:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады
30 Наурыз 2021, 13:48
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.03.2021
30 Наурыз 2021, 13:42
СҚО әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары өңір экономикасының өсу қарқынын ұлғайтады және халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз етеді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.