Үкіметте салық салу мәселесі қаралды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев салық салудың жекелеген мәселелері бойынша жиын өткізді.

Отырысқа Қаржы, Мәдениет және спорт, Ұлттық экономика, Әділет министрліктері мен Қаржы мониторингі агенттігінің, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері және «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы қатысты.

Жиында ойын және лотерея бизнесін салықтық әкімшілендіру, Мемлекеттік кірістер комитетін валюталық бақылау және халықаралық салық салу органдарының бірі ретінде анықтауға қатысты бірқатар мәселе қаралды. 

Ерұлан Жамаубаев талқыланған мәселелерді қорытындылап, мүдделі мемлекеттік органдарға қабылданған шешімдерді ескере отырып, заңнамалық өзгерістер әзірлеуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу