ҚР Үкіметінің отырысы, 01.11.2022

1 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Үкімет отырысында Білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама туралы оқу-ғарту министрі Асхат Аймағамбетов, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндама жасады.

— Баяндамашыларды тыңдаған Премьер-Министр ұсынылып отырған Тұжырымдама балабақшадан бастап университетке дейінгі оқытудың барлық деңгейінде сапалы білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

— Сондай-ақ отырыста Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары мақұлданды. Жоспардың іске асырылуы туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен облыс әкімі Ұлытау Берік Әбдіғалиұлы баяндады.

— Премьер-Министр өңірдің металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау саласын дамыту бағытында әлеуеті өте зор екенін атап өтті. Ә. Смайыловтың айтуынша, кешенді жоспарда металлургия өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын қарқынды дамытуға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар №2 Жезқазған жылу электр станциясын салу және Сәтбаев қаласында №1 жылу станциясын жаңғырту көзделіп отыр. Сондай-ақ бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламалары әзірленеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу