ҚР Үкіметінің отырысы, 06.04.2021

—  Үкімет отырысында еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды. 

— Қазіргі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, халықты вакцинациялау барысы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин баяндады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «қызыл аймақтағы» өңірлерде вакцина алатындардың санын арттыру бойынша шаралар қабылдауды және қабылданған жоспарға сәйкес вакцинаны жеткізуді қамтамасыз етуді, вакцинациялаудың маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді  және барлық өңірлерге «Ashyq» жобасын кезең-кезеңімен енгізуді тапсырды.  

— Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов баяндама жасады.

— Үкімет басшысы жоспарланған жобалардың уақтылы іске қосылуын және биыл жыл соңына дейін бөлінген қаражатты толық игерілді, құрылыс маусымының қызған шағында бағалардың өсуіне жол бермей, барлық автомобиль жолдары жобаларына битумның мәлімделген қажеттілігін қамтамасыз етуді, автомобиль жолдарын өзін-өзі қамтамасыз етуге көшіру бойынша жұмысты аяқтауды, жол бойындағы сервис объектілерін жаңғыртуды тапсырды

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу