ҚР Үкіметінің отырысы, 07.02.2023

7 ақпанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

– Отырыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандырудың жаңа тәсілдерін іске асыру мәселесі қаралды. Бұл тақырып бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады. 

– Премьер-Министр сатып алу-сату кезіндегі тауарлар көлемі мен бағасын ерекше бақылауға алуды тапсырды. Осы орайда ол әкімдіктерден тек бақылау-кассалық аппараттарды қолданатын сауда объектілерінде тұрақтандыру қорларынан өнімдерді сатуды жүзеге асыруды талап етті.

– Отырыс барысында тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шаралар да қаралды.  ТКШ жүйелерін жаңғырту туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев баяндады.

– Премьер-Министр кезекте тұрғандарға жалдау ақысын субсидиялау жөніндегі шаралардың тиімділігіне қосымша талдау жүргізіп, нақты ұсыныстар енгізуді, сондай-ақ кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету кезінде мемлекеттік қолдаудың барлық бағыттарын уақытылы қаржыландыруды тапсырды. Бұл ретте ол тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың әлеуметтік және экономикалық маңызы өте зор екенін атап өтті. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу