ҚР Үкіметінің отырысы, 09.08.2022

9 тамызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Үкімет отырысында «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Исқалиев баяндама жасады.

— Премьер-Министр «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын пысықтау бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды. Оқу-ағарту министрлігіне Мәдениет және спорт министрлігімен, өңір әкімдіктерімен бірлесіп, ауылдық жерлерде балаларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайту тапсырылды. Сондай-ақ өңір әкімдіктері жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде колледждерге қабылдауды ұлғайтуды қамтамасыз етуі керек. Одан бөлек, Ғылым және жоғары білім министрлігіне Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, еліміздің өңірлік жетекші мемлекеттік университеттерінің базасында Академиялық артықшылық орталықтарын құру мәселелерін пысықтау тапсырылды. 

— Екінші мәселе бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының 2022 жылдың І жартыжылдығындағы халықпен кездесулерінің қорытындылары қаралды. Тақырып бойынша ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Ақтөбе және Жамбыл облыстарының әкімдері баяндама жасады.

— Үкімет басшысы халықпен жоспарланған кездесулерді жалғастырып, қандай жұмыс атқарылды, басқа мәселелер қалай шешімін табады – соның бәрін нақты көрсету үшін әр кездесуді кеңінен жариялап отыруды тапсырды. Министрлер мен әкімдерге халықпен кездесулердің нәтижелілігін арттыру тапсырылды. Мұнда проблемалық мәселелердің жедел шешілуіне басымдық беріп, нысаналы топтармен тұрақты кездесулер өткізіп отыру керек. Сондай-ақ Үкімет басшысы министрлер мен әкімдердің халықпен кездесуін бағалау критерийлерін әзірлеуді тапсырды, олардың нәтижелері Үкіметте үнемі қаралып отыратын болады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу