ҚР Үкіметінің отырысы, 11.10.2022

11 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

Аталған мәселе бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев және энергетика министрі Болат Ақшолақов баяндама жасады.

— Премьер-Министр шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру бойынша нақты шараларды пысықтауды, сондай-ақ бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша қаражатты толық әрі тиімді игеруді қамтамасыз етуді тапсырды.

— Сонымен қатар Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту мәселелері қаралды. Аталған тақырып бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.

— Үкімет басшысы халықты жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді және оларды еңбек нарығын дамытудың кешенді жоспарының жобасына енгізуді, тиісті қызметтер көрсетуді автоматтандырып, қарау мерзімдерін қысқарту тапсырды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері мен әкімдіктерге жұмыспен қамту саласының инфрақұрылымын жаңғыртуды қамтамасыз ету және жұмыспен қамту орталықтарының қызметін толық цифрландыру тапсырылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу