ҚР Үкіметінің отырысы, 12.01.2022

12 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

  • Отырыста 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзі барысында берген тапсырмаларын іске асыру шаралары қаралды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, энергетика министрі Болат Ақшолақов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров баяндама жасады.
  • ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов биылғы жылдың 20 қаңтарына дейін Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасының жобасын әзірлеуді, қысқа мерзім ішінде ШОБ-қа мемлекеттік қолдау шаралары тетіктерін әзірлеуді, Инфляцияға қарсы әрекет ету шараларының кешенін өзектендіруді, «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу тәртібін, оның еншілес компанияларының сатып алуды жүзеге асыру процесін қайта қарауды, бәсекелес ортаға беруге жататын активтерді іріктеу тәсілдерін әзірлеуді, бюджет заңнамасына түзетулер топтамасын дайындауды, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін жетілдіруді, салалық бағдарламалар аясында жекелеген бағыттар әзірлеуді, LRT жобасын одан әрі пайдалану нұсқалары бойынша нақты ұсыныстар енгізуді, утилизациялық алым мәселесін іске асырудың нақты тетіктері бар ұсыныстар дайындауды, мұнай өнімдері нарығын реттеу жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді, бензин өндірушілер мен делдалдар үшін акциздер бойынша келісілген ұсыныстар енгізуді, полицейлердің құқықтық қорғалуын арттыру мәселелерін пысықтауды, әлеуметтік-еңбек саласын сапалы жаңарту бойынша жұмыс жүргізуді, бизнес идеяларды іске асыруға арналған гранттар мен еңбекақы мөлшерін ұлғайтуды, бір ай мерзімде халықтың табысын арттыру жөніндегі бағдарламаның жобасын әзірлеуді, мұғалімдер тапшылығы бар өңірлер үшін педагогтарды тарту бағдарламасын әзірлеуді, биылғы 1 ақпанға дейін «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру мәселелерін пысықтауды тапсырды
  • Отырыста сонымен қатар еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралып, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады.
  • Екінші мәселе бойынша Ә. Смайылов ПТР-тестілеу санын ұлғайтуды, жедел мониторинг жүргізіп, медицина қызметкерлері мен ауруханаларда резервтік орындардың даярлығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың жеткілікті болуын қадағалауды, халықты ревакцинациялау қарқынын едәуір арттыруды тапсырды

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу