ҚР Үкіметінің отырысы, 14.12.2021

14 желтоқсанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

  • Отырыста елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттанушылық 31%-ға төмендегенін айтты;

  • Үкімет басшысы маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты одан әрі сақтауды және вакциналау мен ревакцинация қарқынын күшейтуді тапсырды;

  • Сондай-ақ Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев баяндама жасады;

  • А. Мамин инвестициялық жобалардың, әсіресе импортқа тәуелді тауар позициялары бойынша іске асырылу барысын ерекше бақылауды және сүйемелдеуді қамтамасыз етуді тапсырды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен және «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, инвестициялық жобаларды уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз ету, әкімдіктермен бірлесіп, биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия төлеу бойынша мемлекеттің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету тапсырылды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз

Жазылу