ҚР Үкіметінің отырысы, 16.02.2021

—  Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2021 жылғы қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. 

— Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, өнеркәсіп пен энергетика секторындағы жағдай туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов және энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, агроөнеркәсіптік кешендегі жағдай туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, инвестициялар тарту туралы Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының іс-шараларын орындау тетіктері туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов баяндады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ел экономикасына инвестиция тарту көлемін арттыруды және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штаб құруды тапсырды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу