ҚР Үкіметінің отырысы, 21.09.2022

21 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Тақырып бойынша денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндама жасады.

— Премьер-Министр тез арада шешілуі тиіс бірқатар мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, Үкімет басшысы азаматтардың ТМККК және МӘМС бойынша өтініштерін айтты. Одан бөлек, Премьер-Министрдің айтуынша, ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін төмендету үшін шұғыл шаралар қабылдау және әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізу, мүмкіндігі шектеулі балаларға уақытылы оңалту көмегін көрсетуге назар аудару қажет керек. Сонымен қатар Премьер-Министр сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім беру гранттарының санын арттыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу