ҚР Үкіметінің отырысы, 28.02.2023

28 ақпанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

– Отырыста орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері қаралды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев баяндама жасады. Өңірлердегі жағдай туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов айтып берді.

– Премьер-Министр баяндамашыларды тыңдап, биыл қардың едәуір мөлшеріне және топырақтың қатты қатуына байланысты болжамдарға сәйкес су тасқыны қаупі жоғары екенін атап өтті. Үкімет басшысы «Көктем-2023» республикалық оқу-жаттығуы шаралары шеңберінде тасқын қайпі туындаған жағдайда нақты іс-қимыл алгоритмін пысықтауды, жарылғыш заттар мен инертті материалдардың қажетті қорларын дайындауды, құлақтандыру жүйелерінің дайындығын тексеруді тапсырды.

– Отырыста халыққа онкологиялық көмек көрсету мәселелері де қаралды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және Астана қаласының бас онкологы, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері Мұхтар Төлеутаев сөз сөйледі.

– Әлихан Смайылов қатерлі ісіктерді ерте сатысында анықтау үшін анағұрлым тиімді диагностикалық шараларды әзірлеу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл бағытта әлемдік тәжірибені ескеріп, қазақстандық жетекші ғалымдар мен халықаралық ұйымдардың сарапшыларын тарту қажет.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу