ҚР Үкіметінің отырысы, 28.09.2021

— Үкімет отырысында санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, Индустрияландыру картасын іске асыру барысы және елдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді шаралары қаралды.

— Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бойынша денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарып келе жатқанын айтты.

— Үкімет басшысы халықты вакциналауды жалғастыруды және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды, күзде көбірек таралатын тұмау және басқа да респираторлық инфекциялар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды қабылдауды, халықты тұмауға қарсы вакциналауды жандандырып, медициналық ұйымдардың тұмау жұқтырған науқастарды қабылдауға дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды

— Индустрияландыру картасы жобаларының іске асырылу барысы туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов баяндама жасады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин әрбір жобаның іске асырылуын жеке бақылауда ұстауды және жыл соңына дейін олардың пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді, экспорттық әлеует, жергіліктендірудің жоғары деңгейі, импортты алмастыру, шикізаттың қолжетімділігі сияқты жобаларды іріктеу критерийлеріне басымдық бере отырып, инвесторлармен жұмысты күшейтуді тапсырды.

— Еліміздегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов баяндады.

— ҚР Премьер-Министрі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Жол картасының келісілген жобасын дайындауды және қарауға енгізуді, жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықпен алдын алу жұмыстарын күшейтуді, газ жабдықтары мен тұрмыстық баллондардың қауіпсіз пайдаланылуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды


 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу