ҚР Үкіметінің отырысы, 30.03.2021

—  Үкімет отырысында  көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы және Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қаралды.

— Шаруалардың егіс науқанына дайындығы туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілуі туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, өңірлердегі ахуал туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндады.

— Премьер-Министр Асқар Мамин республиканың оңтүстік өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді суармалы сумен, оның ішінде ұзақ мерзімді перспективада тұрақты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін тізбелер мен субсидиялар нормаларын бекіту жұмысын аяқтауды және бекітілген кесте мен бағалар бойынша дизель отынының қажетті көлемін жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.  

— Солтүстік Қазақстан облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бойынша ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.

— Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының бекітілген кешенді жоспарының іс-шараларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу