Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №109

2021 жылғы 19-25 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 19 сәуірде ҚР Премьер-Министрі ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Отырыста қалалық кеңістікті бейнебақылау жүйелерімен, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесімен қамтуды одан әрі кеңейту, тіршілік салаларына «ақылды жүйелерді» енгізу мәселелері қарастырылды.
  • Сейсенбі күні, 20 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Үкімет отырысында санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жж. арналған болжамын және 2021-2023 жж. арналған республикалық бюджетті нақтылау және ауылдық жерлерде тұрмыс деңгейін жоғарылату мәселесі қаралды. Бірінші мәселе бойынша Үкімет басшысы халықты КВИ-ға қарсы вакцинациямен қамтуды кеңейтуді, CОVID-19-бен ауырғандарға медициналық көмектің көрсетілуіне және дәрілік заттардың болуына мониторинг жүргізуді тапсырды. Екінші мәселе бойынша Премьер-Министр ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған болжамын және 2021-2025 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы заң жобасын Парламентке енгізуді тапсырды. Үшінші мәселе бойынша А. Мамин ауылдық аумақтарды кешенді дамыту жөніндегі жұмысты тиісті көрсеткіштермен және бірыңғай тәсілмен үйлестіруді, 2025 жылға қарай ауылдық аумақтарды дамыту бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
  • 21 сәуірде Асқар Маминнің төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес өтті. Кеңесте ҚР-дағы салық саясатын жетілдіру мәселелері қаралды. 
  • Сенбі күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана – жаңа қала» АЭА аумағындағы көпфункционалды туристік ауданның құрылыс барысын тексерді. Үкімет басшысы жаңа ауданға қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізуді қамтамасыз етуді және барлық құрылыс жұмыстарын жоспарланған мерзімде сапалы орындауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу