Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №105

2021 жылғы 22-28 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 25 наурыз күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының орындалу барысы қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр қойылған міндеттерді толық және сапалы орындау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырып, стратегиялық инвесторларды, бірінші кезекте, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін экономиканың басым секторларындағы жаңа ірі жобаларға тарту жөніндегі тармақтарға ерекше назар аударды.
  • 22 наурызда Асқар Мамин Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды. Қазақстан Үкіметінің басшысы Мәскеу қаласында РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен, келіссөз өткізді, РФ өнеркәсіп және сауда министрі Д. Мантуровпен және Ресейдің тікелей инвестициялар қорының бас директоры К. Дмитриевпен кездесті, «Росгеология» басқарма төрағасы С. Горькиймен екі елдің геология саласындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады.        
  • 26 наурызда Премьер-Министр Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды, онда «KIA Motors Россия и СНГ» ЖШҚ президенті Ким Джин Хамен бірлесіп «СарыарқаАвтоПром» ЖШС зауытында KIA өндірістік желісінің ашылу рәсіміне қатысты. Сонымен қатар Қостанай қаласында Асқар Мамин өңірдегі АӨК, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында іске асырылып жатқан жобалармен, тұрғын үй инфрақұрылымын дамытумен, «KamLitKZ» шойын құймасын өндіру зауытының құрылыс барысымен танысты, «АгромашХолдинг» АҚ оқшаулау орталығында болды, «КАМАЗ», «Татнефть», «АвтоВАЗ» және «KIA Motors», «Петербург трактор зауыты» АҚ, беларустік «Гомсельмаш» ААҚ және италиялық «SDF Group» компанияларының басшылығымен автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.  Кездесулер қорытындысы бойынша автомобиль жасауда бірлескен жобаларды іске асыру бойынша құжаттарға қол қойылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу