Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №106

2021 жылғы 29 наурыз-4 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 1 сәуір күні Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді. Мемлекет басшысы коронавируспен күресудің бірден-бір әрі сенімді жолы вакцина салу екенін атап өтті. Мұны локдауннан шығу жолын ертерек ойластырған елдердің тәжірибесі дәлелдеді.
  • Дүйсенбі күні  ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұжымына басқарманың жаңа төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті таныстырды. Үкімет басшысы Қордың бұрынғы басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтты.
  • Сейсенбі күні, 30 наурызда Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Отырыста  көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы және Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қаралды. Бірінші мәселені қарау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы республиканың оңтүстік өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді суармалы сумен, оның ішінде ұзақ мерзімді перспективада тұрақты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды, бекітілген кесте мен бағалар бойынша егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының қажетті көлемін жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Екінші мәселені қарау барысында Асқар Мамин Солтүстік Қазақстан облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының бекітілген кешенді жоспарының іс-шараларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
  • Дәл осы күні ҚР Премьер-Министрі Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің (ЕҚҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассомен келіссөз жүргізді. Тараптар Қазақстанның энергетикалық секторын декарбонизациялау бағдарламасын, ЕҚҚДБ-ның «Жасыл қалалар» бағдарламасын іске асыру, кәріздік тазарту құрылыстарын жаңғырту, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін  талқылады.
  • Жұма күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғызстанның Премьер-Министрі Улукбек Марипов Үкіметаралық кеңестің IX отырысын өткізіп, екі елдің мемлекеттік шекарасында жаңғыртылған «Қордай — Ақ Жол» өткізу пунктінің ашылу рәсіміне қатысты. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 9-шы отырысының хаттамасына, сондай-ақ «Қорғас» ШЫХО» АЭА мен Қырғызстанның «Нарын» АЭА арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу