Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №140

2021 жылғы 29 қараша мен 5 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Биылғы 27-28 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен барып, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) XV саммитіне қатысты, сондай-ақ Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді.

  • Сейсенбі күні, 30 қарашада Үкімет отырысы өтті. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Стационарлық және амбулаториялық ем алып жатқан науқастар саны айтарлықтай төмендеді. Инфекциялық төсектер 29%, реанимациялық төсектер 23% толы. Отырыста сондай-ақ өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселесі қаралды. Салада оң динамика қалыптасты. Биылғы жылдың 10 айында салада 5,3%-ға өсім қамтамасыз етілді.

  • 1 желтоқсанда А. Мамин Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барып, «EXPO 2020 Dubai» дүниежүзілік көрмесінде Қазақстанның Ұлттық күні аясындағы іс-шараларға қатысты. Сапар аясында Премьер-Министр ҚР мемлекеттік туын көтеру рәсіміне, қазақстандық сауда-инвестициялық форумға қатысты. Сондай-ақ А. Мамин «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ цифрлық көрмесімен танысып, «EXPO 2020 Dubai» көрмесінің тақырыптық павильондарын аралады, сондай-ақ БАӘ жетекші компанияларының басшылығымен келіссөздер жүргізді.

  • 3 желтоқсанда, жұма күні А. Мамин Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Отырыста жаңартылатын энергия көздерін дамыту және СОР26 климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық саммиттің қорытындысы бойынша Қазақстанның міндеттемелерін іске асыру шеңберінде ҚР-ның төмен көміртекті экономикаға көшуі мәселелері қаралды.

  • 4 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0%-ды құрады. 15 өңірде баға өсімі тіркелген жоқ, 3 өңірде: Нұр-Сұлтан қаласында 0,2%-ға, Павлодар және Маңғыстау облыстарында 0,1%-ға бағаның төмендеуі байқалады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу