Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №23

 

2022 жылғы 13-19 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі, 14 маусымда, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында 2022 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, сондай-ақ Қазақстандағы медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мәселелері қаралды. Бірінші мәселені талқылау барысында Ә. Смайылов экономиканы әртараптандыру, инвестициялар тарту және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды. Екінші мәселені қарау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы Қазақстанда дәрілік заттар өндірісін толық локализациялау, олардың номенклатурасын кеңейту бөлігінде ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын бекіту критерийлерін жетілдіруді пысықтауды тапсырды;
  • Дүйсенбі күні Әлихан Смайылов «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сотының төрағасы Лорд Манспен кездесті. Кездесу барысында Үкімет басшысы Қазақстанның қаржы секторын дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
  • Сәрсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Yildirim Holding компаниялар тобының президенті және бас директоры Роберт Юксель Йылдырыммен кездесті. Компания басшысы Үкімет басшысын компанияның Қазақстандағы қызметі мен жаңа жобаларды іске асыру перспективалары туралы айтып берді.
  • Осы күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында электр энергиясы мен телекоммуникация нарықтарын демонополизациялау бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсыныстары қаралды. 
  • Бейсенбі, 16 маусымда, ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Алматыға барды, онда «COVID-тен тыс жерде – Орталық Азияны әділдік негізінде қалпына келтіру жолында» тақырыбындағы Тұрақты даму мақсаттары бойынша екінші өңірлік саммитіне қатысты. Саммит аясында Әлихан Смайылов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰДБ Әкімшісінің көмекшісі Уша Рао-Монаримен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша ТДМ саласындағы 2030 жылға дейінгі күн тәртібін және БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламасын іске асыру аясындағы ниеттер туралы хаттамаға қол қойылды. Шара аясында ҚР Премьер-Министрі Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның Үкімет басшыларымен екіжақты кездесу өткізді. Алматыға жұмыс сапарының соңында Әлихан Смайылов қаланың IT-кластерінің, медициналық және білім беру салаларының дамуымен танысты. ҚР Премьер-Министрі MOST IT Hub Almaty инновациялық кәсіпкерлікті дамыту орталығына, Mediker Hospital International жаңа көп бейінді медициналық орталығына, сондай-ақ Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжіне барды.
  • Әлихан Смайылов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді, онда халықаралық экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. Отырысқа қатысушылар қазіргі геосяси ахуалдың Қазақстанның инвестициялық қоғамдастығына, логистика және банк ісіне әсерін талқылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу