Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №24

2022 жылғы 20-26 маусым аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Дүйсенбі Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Онда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары талқыланды.

  • Сол күні Премьер-Министр Әлихан Смайылов бастаған Қазақстан Республикасы Үкіметінің делегациясы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Минск қаласына келді. Шағын және кеңейтілген құрамда өткен кеңес отырыстарында Еуразиялық экономикалық одақтың біріктірілген ақпараттық жүйесін дамыту, тауарларды таңбалауды жүргізу, алкоголь нарығын реттеу және электрондық сауда кезінде салық салу мәселелері талқыланды.

  • 21 маусымда Минск қаласында кеңейтілген құрамда ЕҮАК отырысы өтті. Шараға Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей Үкіметтерінің басшылары қатысты. Отырыстар қорытындысы бойынша бірқатар көп жақты құжаттарға қол қойылды. Одан кейін Үкімет басшылары Жеңіс монутемнтіне гүл қою рәсіміне қатысты.

  • Бейсенбі Премьер-Министрдің төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет елдің инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын бекітті. ҚР Премьер-Министрі орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге Инвестициялық саясат тұжырымдамасындағы іс-шаралардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

  • 24 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) кеңесінің отырысы өтті, онда Банктің 2021 жылғы жұмысының қорытындылары қаралды. Сонымен қатар отырысқа қатысушылар Тексеру комиссиясының және Банктің Ішкі аудит қызметінің есептерін, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелерді қарады.

  • Сенбі, 25 маусымда, Үкіметтің цифрлық кеңсесінде Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын ұстап тұру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Одан бөлек, Премьер-Министр келесі жылы жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуге форвардтық келісімшарттар жасасу бойынша алдын ала жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу