Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №93

2020 жылғы 28 желтоқсан мен 2021 жылғы 3 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Сейсенбі күні, 29 желтоқсанда Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және балық шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды. Бірінші мәселені қарау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Еңбек министрлігіне әкімдіктермен және мемлекеттік органдармен бірлесіп, ақпараттық жүйелердің деректері негізінде проактивті режимде жалақы бойынша берешекті анықтау алгоритмін әзірлеуді тапсырды. Екінші мәселе бойынша Үкімет басшысы Балық саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасының іс-шараларын уақытылы жүзеге асыруды тапсырды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу