Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №97

2021 жылғы 25-31 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 26 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. ҚР Премьер-Министрі А. Мамин елдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2021 жылға арналған міндеттер туралы баяндады
  • Жұма күні Үкімет басшысы Асқар Мамин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің үшінші отырысында баяндама жасады.  Жиында Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын әзірлеу, Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі, Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы, 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарының жобасы, сондай-ақ, Жедел реформалар пакеті қарастырылды.
  • 28 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысын өткізді. Комиссия мүшелері елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, QazCovid-in отандық вакцинасының клиникалық сынақтарының барысын және коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялауға дайындықты талқылады.
  • Дәл осы күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. Үкімет басшысы латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
  • 29 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Сондай-ақ туристік аймақтағы нысандардың салыну барысымен танысты. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу