Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №99

2021 жылғы 8-14 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 11 ақпанда Мемлекет басшысының қатысуымен Samruk Business Forum отандық кәсіпкерлерді қолдау форумы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев ірі мемлекеттік корпорациялар мен бизнес өкілдерінің әріптестігіне қолдау білдіріп, жергілікті өнімді анықтайтын әдістің өзін жетілдіру керек екенін айтты. Ал онда екіұштылық пен әртүрлі түсінік болмауы керек.

  • 9 ақпанда ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Отырыста салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері талқыланды. Үкімет басшысы салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін жаңғырту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Жаңартылатын энергия көздері туралы екінші мәселені қарау қорытындысы бойынша А. Мамин электр энергиясының тұрақты өндірісін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуді, сондай-ақ ЖЭК жинақтауыштарын енгізу жөніндегі мәселелерді пысықтауды тапсырды.

  • Сол күні ҚР Үкіметінің басшысы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе отырысын өткізді. Асқар Мамин 13 мыңнан астам кәсіпкердің сауалнама қорытындыларын егжей-тегжейлі зерделеп, бір апта ішінде бизнесті одан әрі қолдау бойынша қосымша шаралар дайындауды тапсырды.

  • Жұма күні, 12 ақпанда Асқар Мамин «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасын ұсынды. Жол картасы Сайлауалды бағдарламаның төрт бағытын іске асыру бойынша 362 іс-шараны қамтиды: «Баршаға тең мүмкіндіктер», «Зияткер, саламатты және ыждағатты ұлт», «Экономика мен өңірлердің тұрақты дамуы», «Халыққа есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар».

  • Сол күні ҚР Үкіметінің басшысы Елбасының «Ел үміті» бастамасы аясында іске асырылған Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасына қатысушылардың форумын өткізді. Бағдарлама ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастар жобалары мен бастамаларын қолдаудың жарқын мысалы. Үйлесімді жұмыстың арқасында елді дамытуға бағытталған 150-ден астам нақты бастамалар әзірленді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу