Жаңалықтар

Егіс науқанын уақытылы жүргізу үшін барлық қажетті мемлекеттік қолдау шаралары қабылданды — ҚР АШМ

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында егіс науқанын өткізу мәселелері қаралды.

8 маусымнан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктер үшін вакциналау мен ПТР растау талаптары алынып тасталады 

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

10 мың адамға шаққанда 100 жаңа жұмыс орны — Қазақстанда әкімдер үшін жаңа KPI енгізіледі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту шаралары қаралды.

Қазақстан жаңа егінге дейін астықпен толық қамтамасыз етілді — Ә. Смайылов

Сейсенбі күні, 7 маусымда, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті.

Әлихан Смайылов: Сауд Арабиясы – Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктесі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сауд Арабиясы Корольдігінің сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Әл Саудпен кездесті.

Әлихан Смайылов референдумда дауыс берді

Бүгін, 5 маусымда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатысты.

Б. Сұлтанов Нью-Делиде сауда келіссөздерін өткізді

Нью-Делиде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Үндістан үкіметаралық комиссиясының 14-отырысы өтті.

Үкімет Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

ҚР Президентінің Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құруды көздейтін «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жаңалықтар тізбегі

Биыл әлеуметтік жобаларды іске асыруға 18 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған  —  ҚР АҚДМ

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының тұрғындарымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында А. Омаров ведомствоның іске асырған жобалары, атқарған жұмыстары мен негізгі міндеттері туралы айтып берді. Жергілікті халық елдік деңгейдегі сұрақтарды қойып, тиісті жауаптар алды. Мәселен, дін, идеология, БАҚ-тағы контент, волонтерлік қызмет, жастарға қатысты мәселелер көтерілді. 

Денсаулық сақтау министрлігінің міндеті 2025 жылға қарай 30 жаңа өндіріс құру  — А. Ғиният 

Бүгін, 14 маусымда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен кезекті Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мәселелері қаралды. Бұл тақырыпта денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және «Нобел Алматы Фармацевтикалық фабрикасы»  АҚ бас директоры  Сельчук Танрыверди баяндама жасады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 368 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, босқын куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Нұр-Сұлтанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 94-ші отырысы өтті

2022 жылғы 10 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің төрағасы Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен ТМД Экономикалық кеңесінің 94-ші отырысы өтті. Шара барысында көпжақты экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды.

Әрі қарай